"Қазақтан Республикасының кейбiр заң актілерiне сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 16 қыркүйек N 1017

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сақтандыру

мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi

Мәжілісiнің қарауына енгiзiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                             Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


             Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне

                   сақтандыру мәселелері бойынша

               өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


     Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен

толықтырулар енгізілсін:

     1. "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21

қыркүйектегі Қазақстан Республикасының 


Z947000_


  Заңына (Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат;


Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат):
      1) 11-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыруға міндетті.";
      2) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Сақтандыру
      Жолаушылар темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен сапарға шыққан кезде тасымалдаушының олардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі, сондай-ақ көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады.".
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 U952697_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат; 2001 ж., N 321-құжат; N 24, 338-құжат):
      95-бапта:
      бірінші бөлігі алынып тасталсын;
      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әуе кемелерінің, азаматтық авиацияның басқа да объектілері мен жабдықтарының меншік иелері мен пайдаланушылары өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыруға міндетті.".
      3. "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Z960029_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 273-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат):
      21-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмаса;".
      4. "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2000 жылғы 30

 

қарашадағы Қазақстан Республикасының 


Z000109_


  Заңына (Қазақстан

Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., N 20, 381-құжат; 2001 ж., N

24, 338-құжат):

     10-баптың 1-тармағының үшінші абзацындағы "сақтандырушысы," деген сөз

алынып тасталсын.

     5. "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан

Республикасының 


Z010266_


  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің

Жаршысы, 2001 ж., N 23, 315-құжат):

     5-тарау және 25, 26, 27, 28, 29-баптар алынып тасталсын.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады