Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 24 қыркүйек N 1047

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Ғылыми кадрларды даярлау, дарынды ғалымдарға стипендиялар мен ғылыми сыйлықтар төлеу, мамандарды әлемнің үздік ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткізу, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, ғылыми симпозиумдар мен конференциялар өткізу және оларға қатысу, ғылымның перспективалы бағыттары бойынша бірлескен зерттеулер ұйымдастыру жөнінде шет елдермен халықаралық байланыстарды дамыту, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корпоративтік ақпарат жүйесін құру үшін 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәріні кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық пен өзара есеп айырысу туралы келісімге

 

сәйкес оларды ядролық материалдарды кәдеге жаратудан алынатын қаражаттан

Ғылым қорына есептеу жолымен 153 000 000 (бір жүз елу үш миллион) теңге

бөлінсін және біржолғы тәртіппен пайдалануға рұқсат берілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады