Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 қазан N 1137

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегi N 1408 және "Ө.Ө.Оспанов атындағы Топырақтану институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын көшiру туралы" 2002 жылғы 14 маусымдағы N 650 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне "Ө.Ө.Оспанов атындағы Топырақтану институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын көшiруге және аталған кәсiпорынның ғимаратын жөндеу жұмыстарын жүргiзуге 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 20090000 (жиырма миллион тоқсан мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады