"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 8 қараша N 1184

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы
7 ақпандағы N 801 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" 2002 жылғы 7 ақпандағы N 801 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 6, 37-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:
      5-тармақта:
      3) тармақшаның бiрiншi абзацындағы "орталық атқарушы" деген сөздер "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшаның үшiншi абзацындағы "бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру нәтижелерi туралы Қаржы министрлiгiнiң ақпараты негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      17-тармақтағы "Қаржы министрлiгiне" деген сөздер "Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады