Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 және 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 118 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 қараша N 1242

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы N 1715 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      ІҮ "Шығындар" деген бөлімде:
      4 "Білім беру" деген функционалдық топта:
      5 "Қосымша кәсіби білім беру" деген ішкі функцияда:
      213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген әкімші бойынша:
      010 "Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау" деген бағдарламада:
      005 "Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру" деген кіші бағдарламадағы "2 153" деген сан "3 381" деген санмен ауыстырылсын;
      030 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандарын оқыту" деген кіші бағдарламадағы "14 239" деген сан "13 011" деген санмен ауыстырылсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы N 118 қаулысына :
      көрсетілген қаулыға 11-қосымшада 6-тармақтың кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанындағы "420" деген сан "480" деген санмен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 17-қосымшадағы 5-тармақта "аумақтық органдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады