Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 26 қараша N 1256

      Қазақстан Республикасының шекарасынан өтуді мемлекеттік бақылаудың бірыңғай жүйесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мынадай құрамда құрылсын:

      Мәсімов               - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Кәрім Қажымқанұлы       Министрінің орынбасары, төраға

      Жақыпов               - Қазақстан Республикасының Көлік
      Қабиболла Қабенұлы      және коммуникациялар бірінші
                              вице-министрі, орынбасар

      Сапарбаев             - Қазақстан Республикасы Кедендік
      Бердібек Мәшбекұлы      бақылау агенттігінің төрағасы,
                              орынбасар

      Тілемісов             - Қазақстан Республикасының
      Нұрлан Хайдоллаұлы      Кедендік бақылау агенттігі Кедендік
                              бақылау департаментінің бастығы

      Бектепов              - Қазақстан Республикасының Көлік
      Мүслім Хайдарұлы        және коммуникациялар министрлігі
                              Көліктік бақылау комитеті
                              төрағасының орынбасары

      Уажанов               - Қазақстан Республикасының
      Тұрсын Үшбайұлы         Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
                              қызметі директорының орынбасары
                              (келісім бойынша)

      Хасенов               - Қазақстан Республикасының Ауыл
      Сақташ Сатыбалдыұлы     шаруашылығы министрлігі Өсімдік
                              қорғау және карантині
                              департаментінің директоры

      Мыңжанов              - Қазақстан Республикасының Ауыл
      Марат Тұрсынайұлы       шаруашылығы министрлігі
                              Ветеринария департаментінің
                              директоры

      Әбдірахманов          - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Марат Мәулетжанұлы      министрлігі Салық комитеті
                              төрағасының орынбасары

      Әйтекенов             - Қазақстан Республикасының
      Қайрат Меңдібайұлы      Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау министрлігі Салалық
                              органдардың шығыстарын жоспарлау
                              департаментінің директоры

      Баялиев               - Қазақстан Республикасының
      Рустам Ахатханович      Индустрия және сауда министрлігі
                              Сауда қызметін реттеу, экспорттық
                              бақылау және Дүниежүзілік Сауда
                              Ұйымына ену департаментінің
                              директоры

      Байсеркин             - Қазақстан Республикасының
      Бауыржан Сәтжанұлы      Денсаулық сақтау министрлігі
                              Мемлекеттік санитарлық-
                              эпидемиологиялық қадағалау
                              комитеті төрағасының орынбасары

      2. Комиссия бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін әрі Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады