Халықаралық аудитордың қызметтер көрсетуін тарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 29 желтоқсан N 1419

     "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, мемлекеттiң мүддесiн қорғау және "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетi мен мүлiктiк кешенiн "CCL Oil Ltd" компаниясының басқаруы және пайдалануы мәселелерi бойынша аудиторлық қорытынды дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Еrnst&Үоung" компаниясы халықаралық аудиттiң маңызды стратегиялық мәнi бар ретiндегi қызметтер көрсетуiн жеткiзушi деп белгіленсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен "Еrnst&Үоung" аудиторлық компаниясымен "ССL Oil Ltd" компаниясын басқару кезеңiнде "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының аудитiн жүргiзу бойынша қызметтер көрсетудi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне "Ernst&Young" аудиторлық компаниясының болашақтағы шығыстары есебiне аванс төлеу үшiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мен өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 50000 (елу мың) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлінсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады