"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 23 қаңтар N 85

      Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Mәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілеріне сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық іс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):
      1) 28-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      2) 30-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлiкпен толықтырылсын:
      "1-1. Мамандандырылған аудандық соттар және оларға теңестiрiлген әкiмшілiк соттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларын дауға салу туралы iстердi қарайды.";

      2. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар, N 17, 155-құжат):
      1) 541-бапта:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "541-бап. Соттар";
      бiрiншi бөлiкте "аудандық және соларға теңестiрiлген" деген сөздер "мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттар құрылғанға дейiн осы Заңмен олардың соттылығына жатқызылған iстердi аудандық және оларға теңестiрiлген соттар қарайды.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады