Қазақстан Республикасы Президентінің "Румынияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 мамырдағы N 494 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Румынияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясын ашу туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба      

                Қазақстан Республикасы Президентінің
                              Жарлығы

        Румынияда Қазақстан Республикасының Дипломатиялық
                   миссиясын ашу туралы

      Қазақстан Республикасының халықаралық және ұлттық мүдделерін ескере отырып, әртүрлі салалардағы қазақстан-румын ынтымақтастығын нығайту әрі дамыту мақсатында қаулы етемін:
      1. Бухарест қаласында (Румыния) Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясы ашылсын.
      2. Румыниядағы Қазақстан Республикасының кеңесші-уәкіліне айына 2375 (екі мың үш жүз жетпіс бес) АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік валютадағы лауазымдық жалақы белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады