Қорғаныс мұқтаждары үшін жер телімдерін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 591 қаулысы

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес Тараз қаласының жерлерiнен қорғаныс мұқтаждары үшiн "Жамбыл аудандық пайдалану бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "Әскери-техникалық мектеп" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына жер телiмдерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2003 жылғы 20 маусымдағы      
N 591 қаулысына           
қосымша                

Қорғаныс мұқтаждары үшін берілетiн жерлердiң экспликациясы

                                                   (гектармен)

-----------------------------------------------------------------
р/с! Берiлетiн жерлердiң  !    Жердiң құрамы  !   Жалпы алаңы
N !  нысаналы мақсаты    !                   !
-----------------------------------------------------------------

"Жамбыл аудандық пайдалану бөлімі"
мемлекеттiк мекемесi

1   Орналастыру үшiн:          Өндiрiстiк            7,5
    85395 қорғаныс бөлiмi      құрылыстар

    басқа объектiлер           Өндiрiстiк
    мен құрылыстар             құрылыстар           16,0

    әскери госпиталь           Тұрғын үй             1,4
                               құрылыстары        

                     Жиыны                          24,9

"Әскери-техникалық мектеп" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнына

2   Әкімшiлiк ғимаратын        Өндiрiстiк
    орналастыру үшiн           құрылыстар            1,7
------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады