Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы кедейлiктi азайту жөнiндегi серiктестiк туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 шілдедегі N 739 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкiнiң арасындағы кедейлiктi азайту жөнiндегi серiктестiк туралы келiсiмнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Александр Сергеевич Павловқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу құқығымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы кедейлiктi азайту жөнiндегi серiктестiк туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен
Азия Даму Банкі
арасындағы
Кедейлікті азайту жөніндегі
серіктестік туралы
Келісім

І. Кіріспе

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Азия Даму Банкi арасындағы Кедейлiктi азайту жөнiндегi серiктестiк туралы келiсiм (КАК) Қазақстандағы кедейлiктi азайту жөнiндегi олардың бiрлескен түсiнуiн бiлдiредi. Бұл Келiсiм ҚР Үкiметiнiң 26.03.2003 ж. N 296 Қаулысымен бекiтiлген Кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы және Үкiметтiң басқа да бағдарламалық құжаттары үшiн негiз болған кедейлiктi бағалау жөнiндегi талдау деректерiне 1 негiзделген. Кедейлiктi азайту жөнiндегi мақсаттар мен стратегиялық бағыттар Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясында және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарында көрiнiс тапқан. Мақсаттар мен стратегиялық бағыттар АДБ Тынық мұхит өңiрiндегi кедейлiкпен күрес: Кедейлiктi азайту стратегиясы (1999) және АДБ ұзақ мерзiмдi стратегиялық шеңберлер құжатына сәйкес келедi. КАК кедейлiктi азайту жөнiндегi ұзақ мерзiмдi мақсаттарды айқындайды және қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi кезеңдерге кедейлiктi азайту жөнiндегi басты стратегияны нақтылайды. Келiсiм Қазақстан үшiн АДБ Елдiк стратегия мен бағдарламасын (ЕСБ) қалыптастыру үшiн шеңбер ретiнде қызмет етеді.

II. Қалыптасқан жағдайды талдау

      2. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң әсерi өмiр деңгейi мен қазақстандықтардың әл-ауқатына болжағандай емес бiраз маңызды және күрделiрек болды. Өндiрiстiң тез және жалғасқан құлдырауы, жұмыссыздықтың жоғары деңгейi, нақты жалақының төмендеуi және оны төлеудi кешiктiру, сондай-ақ мемлекеттiк шығыстардың төмендеуi 1990 жылдары тәуелсiздiк алғаннан кейiн айына бiр адамға 2861 теңгедегi Үкiмет белгiленген күнкөрiс мөлшерiнiң 1996 жылы 34,6%-тен, айына бiр адамға 3716 теңге мөлшерiнде күнкөрiстiң ең төменгi мөлшерi бойынша - 1998 жылы 39%-ке дейiн кедейлiк деңгейiн арттыруға алып келдi. 2 Экономикалық байланыстардың бұзылуымен бiрге, негiзгi әлеуметтiк қызмет көрсетулерге, әсiресе кедей және халықтың әлеуметтiк осал топтарына қол жеткiзудi кемiткен әлеуметтiк салаға мемлекеттiк шығыстардың төмендеуi байқалды. 3
      3. 1999-2001 жылы тұрақтандырушы макроэкономика кезеңiнде кедейлер үлесiнiң 1999 жылы 34,5%-тен 2001 жылы 28,44-ке дейiн азайтумен болған жылына орташа 8,7%-те экономикалық өсудiң қарқындарына қол жеткiзе отырып қалпына келтiрiле бастады. 4 Алайда кедейлер үлесiнiң азаю қарқыны экономикалық өсу қарқынынан қалып қойды. 5 Кедейлiк қалалық жерлерге қарағанда (2001 жылы 20%) ауылдық жерлерде неғұрлым айқын көрiнiсте қалуын жалғастыруда (2001 жылы кедейлер үлесi 38,5% құрады). Экологиялық қолайсыз жердегi белгiленген кедейлiктi жою 6 су мен ауа ластануының және жердiң деградация/шөлденуiнiң ұлғаймалы деңгейiмен кешендi проблема болып қалуын жалғастыруда. Қазақстандағы кедейлiктiң басқа елдiк шегi болып жағдайы жұмыссыздықтың жоғары деңгейiмен, көшiп кетумен, кедейлердiң жоғары үлесiмен және негiзгi қызмет көрсетулерге қол жеткiзудiң кемуiмен сипатталатын шағын қалалардың болуы 7 табылады.
      4. 1999-2001 жылдар үшiн әлеуметтiк көрсеткiштер бойынша әртүрлi нәтижелер де байқалды. Орташа өмiр мен өлiм ұзақтығының көрсеткiштерi жақсарды. Жалпы орта бiлiмге жалпылама қол жеткiзiмдiлiк бар, бұл орайда, бiлiмнiң бастапқы және орта буындағы гендерлiк теңдiгiне өтпелi кезең басталғанға дейiн (А-қосымшасы) қол жеткiзiлген болатын. Алайда, жоғары табыста көрiнiс беретiн салаларда, жан басына шаққанда табысы неғұрлым төмен елдердегi жағдаймен салыстыратын нашарлау үрдiсi байқалатын ауылдық салалар бөлiгiндегi әлеуметтiк көрсеткiштер бойынша тең емес болып қалуда. Ауылдық жерлердегi және шеткергi аудандардағы бiлiм беру қызмет көрсетуi ауылдық мектептердiң ресурстармен материалдық және техникалық нашар қамтамасыз етiлуiне байланысты неғұрлым аз қол жеткiзiледi және белгiленген стандарттардан төмен сапасы бар. Медициналық ұйымдар қызмет көрсетулерiне және денсаулық сақтау қызмет көрсетулерiне, әсiресе, бастапқы медициналық көмек қызмет көрсетулерiне қол жеткiзiлiмдiгінiң жағдайы қалалық орталықтарға қарағанда ауылдық жерлер мен шеткергi аудандарда азырақ қолайлы. Денсаулық жағдайына әсер ету өмiрлiк маңызды инфрақұрылымға, атап айтқанда, суда, жылу құрылғыларына және жол желiсiне шектелген қол жеткiзудi көрсетедi.
      5. Үкiмет экономикалық өсудiң жоғарғы қарқындарына қол жеткiзу шарасы бойынша кедейлiктiң көп аспектiлi проблемаларын шешу қажеттiлiгiн түсiнедi. Үкiмет соңғы жылдары мемлекеттiк сектордың бюджеттiк ресурстарын жақсартуға байланысты кедейлердiң пайдасына тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға белсендi жұмыс iстейдi. Экономикалық өсудiң жалпы стратегиясына кедейлiктi төмендету проблемасын бағытталған енгiзу үшiн саяси және институциональдық реформалар жүргiзiлдi. 8 Мұнай және өңдеушi секторлардан экономиканың тәуелдiлiгiн азайту үшiн және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған құрылымдық өзгерiстер басталды. 9 Кедейлiк проблемасын шешу үшiн нақты шаралар қабылданған болатын 10 , әзiрлеу процесiнде әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне мемлекеттiк шығыстардың деңгейiн арттыру жөнiндегi iс-шаралар жатыр. 11
      6. Халықаралық көмек қауымдастығы кедейлiктi азайту жөнiндегi Үкiметтiң бастамашылық жүргiзуiне оң қарады. Дүние жүзілік банк, БҰҰДБ және АДБ үйлестiру және нақтылау бағытында жұмыс iстей отырып, Үкiметке қалыптастыру процесiнде негiзгi мүдделi тараптар қатысқан Кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған ұлттық стратегияны әзiрлеуге техникалық көмек көрсеттi. Халықаралық қауымдастықтан серiктестер тарапынан олардың тәжiрибесi мен сараптық бағалау бөлiгiнде тиiстi салыстырмалы артықшылықтарын ескере отырып, кедейлiктi азайту саласында олардың стратегиялық көмегiн негiзге алып бағытталған қадамдар жасалды. 12 Үкiмет тарапынан сыртқы қаржыландырудың төмендейтiн қажеттiлiгi кезiнде халықаралық көмек қауымдастығы техникалық көмек үшiн инвестициялаудың инновациялық шараларын әзiрлеу және стратегиялық саласын айқындау жолдарын зерттейдi.
      7. Үкiмет те, халықаралық көмек қауымдастығы да кедейлiктi азайту жөнiндегi мәселелер шеңберi зор болып қалатынын түсiнеді. Бастапқы бiлiм беруге қатысты прогресс пен Мыңжылдық баспалдағында даму саласындағы БҰҰ мақсатында (МДМ) белгiленген гендерлiк мәселелердi шешумен байланысты мақсатқа қол жеткiзу бойынша кiрiс деңгейi, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау проблемасын шешуде неғұрлым белсендi шараларды қабылдау қажет (А-қосымшасы). Кедейлiктi тұрақты азайтуға қол жеткiзуде басты проблема болып мұнайдан басқа, әсiресе ауылдық жерлердегi негiзiнен тар өндiрiстiк базамен байланысты шектелген экономикалық мүмкiндiктер мен жұмыс орындарын алудың мүмкiндiгi табылады. Жағдай қоршаған орта сапасының нашарлауымен және ескiрген тиiстi инфрақұрылыммен күрделенедi. Шешудi талап ететiн кедейлiктi азайтудың басқа проблемалары мынадай: (i) жеке сектордың қызметi, атап айтқанда, шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсiпорындарының қызметi үшiн одан әрi жетiлдiру (іi) базалық әлеуметтiк қызметтер, атап айтқанда, бiлiм беру, денсаулық сақтау және әлеуметтiк көмек қызмет көрсетулерiн беру мен көрсетуге әсер ететiн құрылымдық мәселелердi шешу қажеттiлiгi; және (iv) кедейлiктi азайту жөнiндегi iс-шараларды тиiмді және мақсатты iске асыру үшiн ұлттық және жергiлiктi деңгейдегi атқарушы билiк дамуының төменгi басқару әлеуетi мен нашар басшылық.

III. Ұзақ мерзімді мақсат және стратегия
(2003-2015 жылдар)

      8. Үкiмет кедейлiктi азайтуды ұзақ мерзiмдi мақсат ретiнде айқындады. МДМ мақсаттарына сәйкес негiзгi мақсаттар болып кедейлердiң үлесiн 2001 жылы 28,4%-тен 2015 жылы 7%-ке дейiн азайту және өте кедейлiктi жою табылады. Осы мақсатты қолдауда дамудың басты мақсаттары болып 2015 жылға дейiнгi мынадай мiндеттер болып табылады: (i) 2002 жылдың деңгейiмен салыстырғанда жас балалар өлiмi 15%-ке азаяды; (ii) аналар өлiмiнiң деңгейi 2002 жылдың деңгейiмен салыстырғанда 50%-ке төмендейдi; (ііі) туберкулезбен ауру тоқтатылатын және таралуы ұстап қалынатын болады; (iv) ВИЧ/СПИД тоқтатылатын және таралуы ұстап қалынатын болады; (v) барлық халықтың ауыз суға толық қол жеткiзуi қамтамасыз етiлетiн болады; және (vii) Арал өңiрiнiң проблемалары шешiлетiн және табиғат ресурстарын үнемсiз пайдалануды болдырмайтын қоршаған ортаны қорғау стратегиясы iске асырылатын болады. В қосымшасы Үкiметтiң қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелерi бойынша МДМ-ға жатады.
      9. Осы ұзақ мерзiмдi мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн Кедейлiктi азайту жөнiндегi Үкiметтiң Стратегиясы үш жақты тәсiлге негiзделедi: бiрiншi, кедейлердiң пайдасына күшейтiлген бағытталған және экологиялық тұрақты экономикалық өсу; екiншi, адам ресурстарының дамуы; және үшiншi, ұлттық және жергілікті деңгейдегі тиiмді және мақсатты мемлекеттiк басқару. 13
      10. АДБ Қазақстандағы кедейлiктi азайту жөнiндегi Yкiметтiң мақсатын қолдайды және ол 2015 жылға дейiн қойған дамудың ұзақ мерзiмдi мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзуде белсендi жәрдем көрсететiн болады. Осы Келiсiм ұзақ мерзiмдi мiндеттерге қол жеткiзуде Үкiмет пен АДБ күш-жiгерiн бiрiктiру үшiн шек болып қызмет етедi. ЕСБ бiрқатар қысқа, орта және ұзақ мерзiмдi мiндеттердi кедейлiктi азайту жөнiндегi iс-шараларды енгізу бойынша жұмыс басшылығын бiлдiретiн болады. ЕСБ экономикалық және салалық жұмысты жүргiзудi, кедейлiк жағдайына әсер ететiн саясат пен институциональдық реформаларға қатысты Yкiметпен диалогты орнатуды, физикалық және институциональдық әлеуеттiң дамуын және кедейлiк проблемасының шешiмiн дұрыс шешу үшiн жобаларды әзiрлеудi қамтитын кедейлiктi азайту үшiн қол сұғушылық шараларының бағытын айқындайтын болады.

IV. Орта мерзімді стратегия (2003-2010 жылдар)

      11. Орта мерзiмдi болашақта кедейлiктi азайту жөнiндегi бірлескен стратегия үш басты аспектілерге негiзделетiн болады: (i) мұнайдан басқа, жеке сектор жылжытатын (а) 14 экономиканың өндiрiстiк секторларының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және әртараптандыру үшiн жағдай жасау, (b) халықтың кедей және әлеуметтiк осал топтары үшiн кiрiс пен жұмыс орындарын алу мүмкiндiгiн ынталандырады және (с) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi, атап айтқанда, су және жер ресурстарына қатысты тұрақты шараларды қамтамасыз етедi; (іі) инфрақұрылымды құру мен жақсарту және қызмет көрсетудi беру арқылы адам дамуын; және (ііi) кедейлiктi азайту жөнiндегi стратегияны мақсатты және тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ететiн ақылға қонымды басқаруды қамтамасыз етедi және даму процесiнде азаматтық қоғамның қатысуын ұлғайтады. АДБ кедей және экологиялық қолайсыз облыстардағы кедейлiктi азайтуға көп салалы және тұтастырылған тәсiлдердi айқындау үшiн Үкiметпен жұмыс iстейтiн болады.
      12. Кедейлердiң пайдасына экономикалық өсуге қол жеткiзуге бағытталған Үкiмет пен АДБ-ның күш-жігері өндiрiс секторларының көлденең және тiгiнен байланыстарды ең барынша күшейтуге, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, облыс елшiлiк және облыс аралық деңгейдегi қала-ауыл қатынасына бiрлескен күш-жiгердi күшейтуге және iшкi және сыртқы сауданы дамытуға жәрдемдесетiн болады. Бiздiң диалог және қажеттiлiк кезiнде әсер ету шаралары мынадай бағыттарға негiзделетiн болады:
      (i) географиялық жеделдiлiк пен еңбектi қайта бiлiктiлiктен өткiзудi ұлғайтуға жеке секторды ынталандыратын барлық салаларға қолданылатын шаралар инвестицияларды салу мен бизнестi жүргiзу кезiнде кәсiпкерлердi қиындыққа ұшыратпайтын регулятивтiк және әкiмшiлiк рәсiмдерiн қоса, ауылдық та, қалалық та жердегi жеке секторды дамыту үшiн қолайлы жағдайды жасауды ұлғайтатын саяси, регулятивтiк және институциональдық реформалар; су секторындағы кешендi реформа; операциялық шығындарды кемiтетiн сауда және тарифтiк саясат және нарықтық айырбас, сондай-ақ бәсекелестiк ортаға ену және бәсекелестiктi ынталандыру үшiн кедергiлердi жою; одан кейiнгi жекешелендiру бағдарламасы және шағын қалаларға әсер ететiн нашар кәсiпорындарды қайта құрылымдау; корпоративтiк басқару, сондай-ақ экономикалық өсудiң артуымен байланысты iрiктемелi тура және жанама капитал салулар бойынша iс-шаралар;
      (іі) фермерлiк және ауыл шаруашылығы қызметтерiнiң рыногындағы бәсекелестiк қабiлетiн құру және ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы емес секторлардағы ауыл экономикасын әртараптандыру. Бұл шаралар мынадай аспектiлердi қамтиды: (а) iшкi және халықаралық рыноктарға фермерлiк және ауылдық кәсiпорындардың қол жеткiзуiн жақсарту; (b) ауыл инфрақұрылымын дамыту; (с) фермерлiк технологиясын жетiлдiру, жеке секторда неғұрлым кеңiрек тартуды көздейтiн қызмет көрсетулердi зерттеу мен ұлғайту; (d) жергiлiктi деңгейде салалық реформаларды тереңдету және (е) жергiлiктi жерлерде және ұлттық деңгейде атқарушы билiктiң әлеуетiн, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ауылды дамытуда әрекет етушi өндiрушiлер қауымдастықтары мен қоғамдастықтардың әлеуетiн құру;
      (ііі) Мыналар арқылы шағын қалалардағы экономикалық қызметтiң өмiр сүретiн түрлерiн дамытуға жәрдемдесу: (а) қаржы және бизнес дамыту жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоса инфрақұрылымның дамуын қолдау, сондай-ақ басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржы және бизнестi жүргізу мәселелерi бойынша ШОБ өкiлдерi мен жергiлiктi атқарушы билiктi кәсiби оқыту; және (b) ШОБ және формальдық емес сектор кәсiпорындары үшiн қол жетiмдi ғылыми зерттеулер мен технологияларды дамыту;
      (ііі) Автожол көлiгiнiң секторын дамытуға қолдау көрсету, ол қазiргi инфрақұрылымның жағдайын жақсартады және қолдайды, көлiктiң әртүрлi түрлерiнiң өзара iс-қимыл жобаларын дамытуды қолдау көрсету және көлiктiң бәсекелестiк қабiлетi бар рыногын құру арқылы көлiктiк қызмет көрсету саласындағы жетiлдiру процесiн жеңiлдетедi;
      (iv) Мыналар арқылы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды iске асыру: қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат пен заңнаманы қолдау жөнiндегi бастамашылықты жүргiзу; салалық министрлiктер мен жергiлiктi билiк қызметкерлерi арасындағы қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларға қатысты әлеуетiн күшейту; ауылдық және қалалық даму саясатын, жоспарлары мен бағдарламаларын, су сапасы, жердiң нашарлауы, сондай-ақ өнеркәсiптiк және қалалық ластанулардың мәселелерi бойынша басты табиғат қорғау проблемаларын шешетiн жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған орта проблемасының ықпалдасуын ынталандыру; сондай-ақ физикалық инфрақұрылымды салу және қалпына келтiру барысында экологиялық мәселелердi шешуде ықпалдасу; және
      (v) Сауда саясатын үйлестiру арқылы өңiрлiк сауда байланыстарын жетiлдiру арқылы неғұрлым тығыз өңiрлiк экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету және бiрлесiп пайдаланылатын ресурстарды өңiрлiк басқаруды күшейту.
      13. Үкiмет пен АДБ халықтың кедей және әлеуметтiк осал топтарына адам капиталдарының дамуына бiрлескен инвестициялаудың мүмкiндiгi ескерiлетiн болады, ол мынаған мүмкiндiк бередi:
      (i) бастапқы және жалпы орта бiлiмнiң қызмет көрсетулерiне қол жеткiзудi жақсартады және жалпы қатысушылықты және орта мектептi бiтiргендердiң, әсiресе ауылдық жерлердегiлердiң процентiн арттырады;
      (іі) (а) халықаралық талаптарға сәйкес келетiн бiлiм беру стандарттарын қолдауға және диверсификацияланған, өнiмдi және бәсекелестiк қабiлеттi экономиканың дамуына одан кейiнгi бiлiм беру секторында реформа жүргiзу; (b) рыноктың талаптарына сәйкес келетiн және ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың әлеуеттi салымын пайдаланатын кәсiби-техникалық бiлiмге кедейлердiң және халықтың әлеуметтiк-осал топтарының қол жеткiзiмдiлiгiн жақсарту; және (с) қоғамның мектептiк оқытуға қатысты бастамашылықты дамытуға қатысуы;
      (ііi) Қауiпсiз ауыз суға және кәрiз, денсаулық сақтау мен бiлiм беру қызмет көрсетулерiне және әлеуметтiк қорғау, әсiресе ауылдық жерлердегi бағдарламаларына қол жеткiзушiлiк пен жариялылығын арттыру;
      (iv) әлеуметтiк салаға мемлекеттiк және жеке инвестицияларды ұлғайту; және
      (v) әлеуметтiк қамтамасыз ету және жергiлiктi атқарушы органдардың әлеуметтiк қызмет көрсетулерiн беру бойынша мемлекеттiк шығыстарды басқаруын жақсарту.
      14. Ақылға қонымды басқару кедейлiктi азайту жөнiндегi шараларды тиiмдi және мақсатты iске асырудың кiлтi болып табылады. Ақылға қонымды басқаруды орындау мақсатында Үкiмет пен АДБ тарапынан қолдау мынадай аспектiлерде көрiнетiн болады:
      (i) ашықтық пен есептiлiктi қамтамасыз ететiн әкiмшiлiк рәсiмдердi реттеудiң шешiмдерiн қабылдау мен ережелердi әзiрлеудiң әкiмшiлiк рәсiмдерiн реттеу сияқты жергiлiктi және орталық билiкпен өзара қарым-қатынасты және бизнес ортамен қатынасты жақсартатын институциональдық және регулятивтiк реформалар, жергiлiктi билiк жұмысының регулятивтiк көрсеткiштерiн жетiлдiру және мониторингiн жүргізу, сондай-ақ жергiлiктi деңгейдегi бизнес саласындағы заңдық келiспеушiлiктердi тиiмдi шешудi жүргiзу;
      (іі) Мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша өкiлеттiктердi тиiмдi бөлудi қамтамасыз ете отырып, салалық бағдарламаларды дайындау мен iске асыру кезiнде орталық және жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан неғұрлым тиiмдi басқару үшiн заңнама нормаларын жетiлдiру және әлеуметтiк қызмет көрсетулердi тиiмдi және мақсатты қамтамасыз ету және беру мақсатымен бюджетаралық қарым-қатынастарды жақсарту;
      (iіі) Кедейлiктi азайту жөнiндегi шаралардың орындалуының есептiлігін, ашықтығын және тиiмдiлiгiн және мақсатты қолданылуын арттыратын дамумен басқаруға қатысты билiктiң жергiлiктi және орталық деңгейлерiнде атқарушы органдар өкiлдерiнiң әлеуетiн құру;
      (iv) кедейлiктi азайту жөнiндегi мониторинг процесiн және шараларды бағалауды жоспарлауда, шешiмдерi қабылдауда және жүргiзуде азаматтық қоғамның қатысуын институтизациялау; және (v) Кедейлiктi азайту жөніндегi стратегияны тиiмдi iске асыру үшiн басқару реформасын жүргiзу прогресiнiң мониторингін жүргiзу және бағалау кезiнде кедейлер мен әлеуметтiк осал топтардың әлеуметтiк капиталын құруда үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуетiн дамыту.
      15. Кедейлердiң пайдасына стратегия және экологиялық тұрақты экономикалық өсу, адам дамуы және сәйкестi басқару кедейлердiң пайдасына бағытталған экономикалық өсуге қол жеткiзу үшiн шараларды iске асыруға әйелдердiң қатысуын арттырады және кедейлiктi азайту жөнiндегi шаралардың санына гендерлiк мәселелердiң шешiмiн ықпалдасуға көмектеседi.

V. Қысқа мерзімді стратегия (2003-2005 жылдар)

      16. Жақын болашақта Үкiмет ауылды көркейту және ауыл инфрақұрылымын қалпына келтiру мен салуға жоғары басымдық берiледi. Адам дамуына негiзделетiн акцент жалпы орта бiлiм беруге жалпылай қол жеткiзу мүмкiндiгiн қолдауды жалғастыруға және бiлiм беру сапасын жақсартуға көмектеседi. Басқару реформалары сыбайлас жемқорлықпен күреске, даму дағдыларын күшейтуге және кедейлер мен халықтың әлеуметтiк осал топтарына әлеуметтiк қызмет көрсетудi мақсатты беру мен көрсетудi жетiлдiруде көрiнетiн болады.
      17. Қысқа мерзiмдi болашақта кедейлiктi азайту жөнiндегi АДБ мен Yкiмет серiктестiгiнiң стратегиялық акцентi мынадай салаларда қойылатын болады:
      (i) жеке сектор қозғау салатын және кедейлердiң пайдасына бағытталған экономикалық өсуді жеңiлдететiн саяси диалог, экономикалық жұмыс, инвестициялар мен техникалық көмек арқылы экономикалық әртараптандыруға жәрдемдесу және ауылдың бәсекелестiк қабiлетi мен әртараптандыруын ұлғайтуға алып келедi. Бұл шаралар ауылды дамытуды жоспарлау және билiктiң жергiлiктi деңгейлерiнде инвестицияларды бағдарламалау, МСБ дамыту, жолдарды, ауылдық қаржы институттарын, су инфрақұрылымын, қаржы секторына жеке сектордың инвестицияларын және капитал рыногын, сондай-ақ жекелеген аудандарда бизнестi жүргiзу кезiнде жоғарғы операциялық шығындардың проблемаларын шешетiн саяси, әкiмшiлiк және институциональдық реформаларды қалпына келтiру мен дамыту бағдарламасы бойынша техникалық көмек арқылы iске асырылатын болады;
      (іі) әлеуметтiк қызметтi беру мен көрсетуде Үкiметтiң және билiктiң жергiлiктi органдары жұмысының тиiмділiгiн арттыратын сумен жабдықтау құрылысына кедей халықтың беруiн ұлғайту және қол жеткiзiлуi арқылы және техникалық көмек арқылы адам дамуының артуы;
      (ііі) кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламаны iске асыруда билiктiң ұлттық және жергiлiктi органдарының әлеуетiн күшейту үшiн техникалық көмек арқылы мемлекеттiк секторды басқаруды жетiлдiру;
      (iv) Үкiмет қабылдайтын қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың мәселелерi бойынша консультативтiк және өңiрлiк техникалық көмектi көрсету арқылы экологиялық тұрақты даму жөнiндегi шараларды қолдауы. Су ресурстарын басқаруда қолдау көрсету осы нақты өңiрде жағдайды жақсартуға көмектеседi, сондай-ақ кедейлердiң пайдасына бағытталған шара болып табылады; және
      (v) Шетелмен сауда ағымдарын ұлғайтатын өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту өзендер бассейнiн тұтастырылған басқаруға және қаржы секторын өңiрлiк дамытуға жәрдемдесетiн болады, сондай-ақ туризм мен дене инфрақұрылымының (жолдар мен газ құбырлары) дамуын күшейтедi.
      18. АДБ халықаралық көмек қауымдастығымен бiрге кедейлiктi азайту жөнiндегi тиiмдi тәсiлдер бойынша диалог жүргiзу арқылы Үкiметті тұрақты тартатын және кедейлiктi азайту жөнiндегi инвестициялық тәсiлдердi үлгiлiк байқап көру үшiн негiз болатын заемдық емес инвестициялар бойынша модельдердi ұсынатын болады және олардың табыстылығы жағдайында заем ретiнде инвестицияларды беру және бiлiм тәжірибесiн беру үшiн негiз бола алады.

VI. Мониторинг және бағалау

      19. Үкiмет Қазақстан Республикасындағы 2003-2005 жылдарға арналған кедейлiктi азайту жөнiндегi бағдарламасында кедейлiктi азайту жөнiндегi мониторинг процесi үшiн негіз ретiнде орындаудың 17 индикаторларын айқындады. Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнде мониторинг пен бағалау процесiн бақылау үшiн тұрмыс деңгейiн талдау бөлiмi құрылды. Осы қатынаста АДБ-нiң консультативтiк техникалық көмегi Үкiметке олар түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзу, сондай-ақ азаматтық қоғамның қатысуымен мемлекеттiк саясатты әзiрлейтiн органдармен керi байланыстың тетiгiн орнату үшiн қажеттi шығыс және түпкiлiктi деректердi енгiзетiн индикаторларды нақтылауға көмектеседi. Осы қызметтiң нәтижелерi кедейлiктiң индикаторларын растау және жетiлдiру тәсiлi ретiнде КАК бiрiншi жыл сайынғы шолу барысында бағаланатын болады.
      20. В-қосымшасы МДМ-ға қол жеткiзу жөнiндегi Үкiметтiң мiндеттемелерiн қозғайды. Осы мақсатты ескере отырып, КАК бойынша Үкiмет пен АДБ-ның мiндеттемелерiн орындауға қызмет ететiн бiрқатар арнайы мақсаттар, индикаторлар мен шаралар әзiрлендi. Азаматтық қоғам мен халықаралық қауымдастық өкiлдерiмен талқылау кезiнде екi тарап та осы мақсаттарға қол жеткiзуде прогрестiң жыл сайынғы шолуын өткiзетiн болады. Қажеттiлiк кезiнде мiндеттемелер мен индикаторларға түзетулер енгiзiлетiн болады.
      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiс пен толықтыру осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамаларды ресiмдеу жолымен енгiзiлетiн болады.
      21. Үкiмет пен АДБ осы келiсiмдi iске асыру нәтижелерi туралы есептi жыл сайын жариялайтын болады.
      22. Осы Келiсiм қол қою күнiнен бастап күшiне енедi және 2016 жылдың 1 қаңтарына дейiн жарамды болады.
      Астана қаласында 2003 жылдың 24 шiлдесiнде қазақ, орыс, ағылшын тiлдерiнде, әрқайсысы екi данада жасалған, атап айтқанда барлық бөлiктердiң бiрдей заңдық күшi бар. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының              Азия Даму
              Yкiметі                          Банкi

__________________________________________________

      1 Дүниежүзiлiк банк, БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) және АДБ Yкiметке кедейлiктi бағалауда жәрдем көрсеттi. АДБ кедейлiктi бағалау; қала-кәсiпорындар бойынша зерттеу жүргiзу; екi облыс үшiн даму жоспарын әзiрлеу; және қолданыстың кең саласын және негiзгi мүдделi тараптардың қолдауы бар кедейлiктi азайту жөнiндегi кешендi орта мерзiмдi стратегияны дайындау жөнiндегi зерттеу жүргiзу үшiн 830 мың АҚШ доллары көлемiнде Үкіметке техникалық көмек (ТП 3550-KAZ: Кедейлiкті азайту жөнiндегi кешендi орта мерзiмдi стратегияны дайындау) көрсеттi.
      2 Күнкөрiстің ең төменгi мөлшерi азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарлар себетiнiң бiрлiгі құны негiзiнде есептелетiн тұтыну себетiнiң ең аз құнына тең. Осы өнiмдердiң құрамы Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi жыл сайын өткiзетiн Yй шаруашылығының бюджетiн зерттеу бойынша деректер негiзiнде алынған. 2,1$ көлемiндегі халықаралық кедейлiк деңгейiмен салыстырғанда (1996 жылғы Сатып алу қабiлеттерiнің теңдiгi құжатына сәйкес) ұлттық ең төменгi күнкөрiс мөлшерi күнiне бiр адамға шамамен 4,70$ құрайды. 2,15$ мөлшерiндегi кедейлiк деңгейiн пайдалана отырып, 1996 жылы кедейлiк деңгейi 5,7% құрады, Еуропа елдерiндегi (Латвия мен Украина) табыстың орташа деңгейiмен өтпелi экономика шарттарымен салыстырмалы.
      3 Әлеуметтiк осал топтар балаларды, көп балалы отбасыларды; ұзақ уақыт iшiндегі жұмыссыздарды; мектеп пен жұмыстан тыс жастарды; жалғыз iлiктi қарт адамдарды; мүгедектердi; және маргинальдық топтарды, оның iшiнде үйсiздердi, бұрынғы қамалғандар мен босқындарды қамтиды (Қазақстан Республикасындағы 2003-2005 жылдарға арналған кедейлiктi азайту жөнiндегі салалық бағдарлама).
      4 2001 жылы күнкөрiстiң ең мөлшерiнiң мәнi айына бiр адамға 4596 теңге құрады. Үкiмет "кедейлiк деңгейiнен" күн көрiстiң ең аз мөлшерiн айырады, өйткенi соңғысы да заңнамамен реттеледi және жыл сайын Парламент күн көрiстiң ең аз мөлшерiнен кесiмдi проценттік ставка ретiнде айқындалады. 2001 жылы кедейлiк деңгейi күн көрiстiң ең аз мөлшерiнен 38% құрады немесе орташа алғанда айына бiр адамға 1746 теңгеге тең болды. Осы Келiсiм бойынша кедейлiк деңгейi күн көрiстiң ең аз мөлшерiнiң шеңберiмен өлшенедi.
      5 Экономикалық өсу мен кедейлiктiң төмендеуi арасындағы бұл әлсiз өзара байланыс экономикалық өсудiң көздерi (негізiнен мұнай және өңдеушi салалар) кедейлердiң көп бөлiгiне пайда беретiн жеткiлiктi кең базасының болмағанын көрсеттi. Бұдан басқа экономикалық өсуден пайда облыстар бойынша тең емес бөлiнген болатын және кедейлерге қарағанда кедей еместердiң жағдайына оң әсер, сондай-ақ ауыл тұрғындарына қарағанда қала халқына көп әсер еттi.
      6 Елдiң әртүрлі облыстары бiрқатар экологиялық проблемаларды бастан кешуде. Суарылатын және жайылым жерлерiнiң көлемдерi, мысалы, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында, су ресурстарын нашар пайдалану және топырақтың жоғары эрозиясы мен шөлденуiне байланысты үшке азайды. Маңғыстау облысы мен Оңтүстiк Қазақстанның жерлерi су және жел эрозиясымен туындаған шөлденуден жапа шегуде. Жер асты суларының ластануы Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары мен Талдықорғанның жағдайына терiс әсер етті. Семей облысының жерлерi жоғары радиоактивтіліктен, ал Арал өңiрiнiң жерлерi жоғары тұздану мен шөлденуден зардап шегуде.
      7 10 мыңнан 50 мыңға дейiнгi халқы бар шағын қалалар табыстары мен жұмыспен қамтылуы бойынша кәсiпорындардың аздаған санынан экономикалық жағынан тәуелдi. 1990 жылдары бұл қалалар жұмыспен қамту деңгейiн және денсаулық сақтау, бiлiм беру мен көлiк қызмет көрсету сапасын төмендетуде неғұрлым көп қиындықтарға ұшырады. Үкiмет осы қалаларды қалпына келтiру стратегиясы ретiндегi Шағын қалаларды дамыту тұжырымдамасын (2020 жыл) әзiрледi. Бұл қалаларға инвестицияларды тарту үшiн кейбiр нақты шаралар қабылданған болатын, ол кедейлiк пен жұмыссыздықтың деңгейiн кемiтуге және халықтың одан әрi көшiп кетуiнiң алдын алуға көмектестi.
      8 Үкiмет белгiлеген Дамудың ұзақ мерзiмдi шеңберi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясында айқындалған, онда ұзақ мерзiмдi болашаққа басымдықтардың бiрi "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, бiлiм алуы және әл-ауқаты" болып табылады. Орта мерзiмдi стратегияның егжей-тегжейi Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі дамудың стратегиялық жоспары және 2015 жылға дейiнгi индустриялық саясат құжаттарында талқыланады. Сондай-ақ Кедейлiктi кезең-кезеңмен азайту жоспары әзiрлендi және iске асырылуда. Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөнiндегi 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама жұмыс орындарының жетiспеушілігіне байланысты табыстары бойынша кедейлiк проблемасын шешуге бағытталған. Одан кейiн негiзiнен кедейлiктiң әртүрлi аспектілерiнiң проблемаларын шешетiн болатын Қазақстан Республикасындағы 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы жалғасты.
      9 Қазiргі уақытта дайындалып жатқан Мемлекеттiк азық-түлiк және ауыл шаруашылығы бағдарламасы мен Ауылды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы ауыл экономикасын қалпына келтiру үшiн дамудың негізгi стратегиясын қалыптастырады. 2015 жылға дейiнгi индустриялық саясат Қазақстан экономикасының шикiзат базасынан әртараптандырылған, ғылыми-бағытты және технологиялық интенсивтi өнеркәсiптiк экономикаға және қызмет көрсету секторына көшу үшiн шеңбер мен стратегияны көздейдi.
      10 Yкімет кедейлiктiң әртүрлi аспектiлерiнiң проблемаларын шешу үшін шамамен 45 салалық бағдарламалар мен iс-қимылдар жоспарларын әзiрледi. Денсаулық сақтау мен бiлiм беру секторлары үшiн баспа шаралар Мемлекеттiк бағдарламада, Әйелдердiң жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-қимылдардың ұлттық жоспарында, 2001-2005 жылдарға арналған Қазақстандағы ВИЧ/СПИД эпидемиясына қарсы күрес бағдарламасында және Атаулы әлеуметтiк көмек туралы заңда айқындалған болатын.
      11 2003 жылы мемлекеттiк шығыстардың жалпы санынан бiлiм беруге, денсаулық сақтауға, ауыл шаруашылығына, су ортасына және көлiкке бюджет шығыстарының үлесi ұлғайды.
      12 Мысалы, әлеуметтiк саладағы Дүниежүзiлiк банктiң заемдық және заемдық емес көмегі денсаулық сақтау мен әлеуметтiк көмек мәселелерiнде, ал АДБ көмегі бiлiм беру мәселелерiнде негiзгі алынған.
      13 Үкiмет экономикалық өсудің жоспарланған кезеңдерiн iске асыру үшін уақытша шеңберлер белгiледi. Атап айтқанда, 2003-2005 жылдар ауылды жаңғырту жылдары ретiнде жарияланды және Yкiмет ауыл шаруашылығы секторындағы қызметтi әртараптандыру мен бәсекелестік қабiлетiн арттыруға негiзделетін болады. Сонымен бiрге, 2003-2015 жылдарға арналған кезеңге Yкiмет агроөнеркәсiптік, өнеркәсiптiк секторлар мен қызмет көрсету секторын әртараптандыру арқылы, олардың шикiзаттық дамуының қазiргi күнгі деңгейiнен бас тарта отырып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу үшін индустриялық даму саясатын әзiрледi. Жеке сектор әртараптандыратын және жылжытатын экономикалық база негiзiнде экономиканың қызмет көрсету секторына бағытталған және технологиялық интенсивтi үшiн жағдайды ұзақ мерзiмді болашаққа белгiлейтiн болады.
      14 Қазiргi уақытта АДБ Жеке сектордың жағдайына бағалау жүргiзудi аяқтады, оның барысында кәсiпкерлік қызметi үшiн проблемаларды шешуде шектеулер мен кедергiлер анықталды және оларды шешуде, жеке сектордың, атап айтқанда, ШОБ кәсiпорындары арқылы неғұрлым кеңейтiлген қатысуы үшiн күн тәртiбi қойылды.

А қосымшасы. Мың жылдық қарсаңындағы дамудың мақсаттары мен мiндеттерiне қол жеткізудегi Қазақстан Республикасының мәртебесi 1

__________________________________________________________________
Мақсаттар мен мiндеттер 2 |            Елдiк мәртебе
__________________________________________________________________

1-мақсат: Өте кедейлiктi және аштықты жою

1-мiндет: 1996 жылдан       Нақты анықталған күнкөрiс минимумын
бастап 2015 жыл аралығында  пайдалана отырып, 1996-1998 жылдарда
күнкөрiс минимумынан төмен  кедейлiк деңгейi орта есеппен 4,4 %-ке
тұратын халықтың сандық     өстi. Ол 1998 жылы ең жоғарғы нүктеге
қатынасын екi eceгe         жетiп, 39%-тi құрады. 1998 жылдан
төмендету 3                   бастап 2001 жыл аралығында кедейлiк
2-мiндет: 1997 және 2015    10%-ке азайды. 2001 жылы кедейлiк
жылдар аралығындағы дұрыс   деңгей 28,4%-тi құрады. Кедейлiк
тамақтанбаудан зиян         деңгей; облыстар бөлiгінде әртүрлi және
шегетiн адамдар санын екi   ауылдық жерлерде жоғары. Джини
есеге төмендету.            коэффициентiмен өлшенетiн табыстардың
                            тең еместiгi 1996 жылы 0.319-дан 2001
                            жылы 0,348-ге дейiн өстi.

2-мақсат: Әмбебап бастауыш бiлiм берудi енгiзу

3-мiндет: 2015 жылға        Бастауыш бiлiмi бар балалардың сандық
дейiнгi кезеңде барлық      қатынасы бойынша нақты деректер бүкiл
балалар үшін, ер балалар    жерде бiрдей және 1991 жылдан бастап
мен қыз балалар үшiн тең    1998 жыл аралығында орта есеппен
деңгейде бастауыш           99,3%-тi құрады. Орта мектептi бiтiрген,
мектептiң толық оқу         бастауыш бiлiм беру буынын қосқандағы
курсын аяқтауға мүмкіндік   балаларға қатысты деректер аз төмен,
беру.                       1991-1999 ж. аралығында сандық қатынас
                            94,2%-ті құрады. Yкiметтiң мiндеттерi
                            болып осы қол жетiмдiлiктi бұрынғы
                            деңгейде қолдау және әсiресе ауылдық
                            жерлердегi бастауыш және орта буындағы
                            бiлiм беру қызметтерiнiң сапасы мен қол
                            жетiмдiлiгiн жоғарлату болып табылады.
                            Шешiмдi талап ететiн басқа мәселе 1990
                            жылдары байқалған мектепке дейiнгi
                            мекемелер саны мен балабақшалар мен
                            күндiзгi балабақшаларға баратын
                            мектепке дейiнгi жастағы балалар
                            санының төмендеу үрдісін тежеу.

3-мақсат: Гендерлік теңдiктi белгiлеу және үлкен өкiлеттiктер ұсынуға ықпал ету

4-міндет: Шамамен 2005      Ер балалар мен қыз балалар үшiн
жылға дейінгi бастауыш      гендерлiк топтар жөнiндегi жалпы
және орта бiлiмге қатысты   қатынастар бойынша және бiлiм берудiң
сондай-ақ 2015 жылда        түрлi деңгейлерi бойынша нақты цифрлар
кешiктiрмей бiлiм           білiмге деген тең қол жетiмдiлiк туралы
берудiң барлық деңгейде     айтады. Алайда бiлiмдi аяқтау бойынша
гендерлiк теңсiздiктi жою   және еңбек рыногында гендерлық
                            теңсiздiк жағдайлары туындайды. Әйелдер
                            негiзiнде экономиканың төмен төленетiн
                            секторларында ықпалдасады, оларға жұмыс
                            табу қиынға түседi, олар осындай
                            жұмысты орындайтын олардың еркектерiне
                            қарағанда ең аз жалақы алады.

4-мақсат: Балалар өлiмiн азайту

5-мiндет: 1990 жылдан       5 жасқа дейiн жастағы балалар өлiмi
2015 жылға дейiнгi кезеңде  бойынша ресми деректерге сәйкес 1991
5 жасқа дейiнгi балалар     жылы 1000 тiрi туылғанға 35 жағдайдан
арасындағы өлiм деңгейiн    2001 жылы 1000 тiрi туылғанға 22,8
екiден үшке төмендету       жағдайға дейiн төмендеу барысы байқалып
                            отыр. Сондай-ақ сәбилердiң шетiнеу
                            деңгейi (СШД) (1 жасқа дейiнгi жастағы
                            бойынша 1991 жылы 1000 тiрi туылғанға
                            27,4 жағдайдан 2001 жылы 1000 тiрi
                            туылғанға 19,4 жағдайға дейiнгi
                            төмендеу үрдiсi байқалды. Алайда
                            демография және денсаулық жағдайы
                            жөнiндегi зерттеулер ұсынған
                            деректерден ерекшелiгi бар, онда ресми
                            статистикаға қарағанда екi есе жоғары
                            және зерттелген үрдiстерге сәйкес
                            1989-1994 жылдарда СШ 49,7 жағдайда
                            1994-1999 жылдарда СШ жағдайы 61,9-ға
                            дейiн артты. Балалар өлiмiнiң негiзгi
                            себептерi - перенатальдық патология,
                            дамудың туа бiткен патологиясы,
                            респираторлык жұқпалы ауру, диарея
                            және босану алдындағы нашар жағдайлар,
                            осы себептердiң барлығы алғашқы
                            медициналық көмек қызметiне
                            мүмкiндiктiң жоқтығынан болып отыр.
                            Осы қызметтерге қол жеткiзу аз
                            қамтылған отбасылардың және ауылдық
                            жерлерде тұратын отбасылардың сәбилерi
                            мен балалары үшiн қиындық туғызып отыр,
                            сондай-ақ облыстар бөлiгiнде
                            деректердiң ерекшелiгi бар.

5-мақсат: Ана денсаулығының жағдайын жақсарту

6-мiндет: 1990 жылдан       Әртүрлi көздер аналардың өлiмi бойынша бастап 2015 жылға дейiн     әртүрлi деректер бередi. Денсаулық
ана өлiмiнiң деңгейiн       министрлiгiнiң деректері бойынша аналар
төрттен үшке төмендету      өлiмi жағдайының саны 1998 жылы 100 000
                            тiрi туылғанға 77,5-тен 2001 жылы
                            48,6-ға дейiн төмендедi. Сондай-ақ
                            Юнесев деректерi осы жылдар
                            аралығындағы төмендеу ахуалын
                            көрсетедi, бiрақ барынша жоғары сандар
                            келтiрiп отыр (1998 жылы 100 000 тiрi
                            туылғанға 79,1-ден 2000 жылы 61,6-ға
                            дейін) алайда кейбiр қауыпты жағдайлар
                            байқалып отыр. Аналар өлiмiнiң төрттен
                            бiрге жуығы 21-ден 24-ке дейiнгi
                            жастағы жас аналардың арасында байқалып
                            отыр. Аналар өлiмiнiң 24,7% жуығы
                            жүктiлiк пен босану кезiндегi асқыну
                            нәтижелерiнен пайда болады. 36% жуық
                            әйелдер қан аздықтан зардап шегедi. Бұл
                            үрдiстер оларды туындататын мынадай
                            факторлар қатарын қамтиды: (i)
                            денсаулық сақтау құрылысының саны
                            төмендедi (мысалы, 1994 жылы 4980
                            фельдшерлі акушерлiк пунктардан бастап
                            2002 ж. - 4270 дейін (Қазақстандағы
                            ауылдарды дамыту, Адамзаттық даму
                            туралы есеп (2002 ж.); туу кезiндегi
                            көмектiң сапасы әсіресе ауылдық
                            жерлерде нашарлады (үкiметтiң 19%
                            респенденттерi мен Дүниежүзiлiк
                            Банкiнiң ұсынатын қызметтерi бойынша
                            зерттеулер (2002) айтқандай, денсаулық
                            қызметтерiнiң сапасы жақсы); (ii) осы
                            қызметтерге қол жеткізу сенiмдi көлiк
                            қызметтерiнiң қалыс қалуымен күрделенедi
                            (мысалы, үй шаруашылығының бюджетi
                            жөніндегi зерттеулерге қатысатын 31%
                            аурулардың айтуынша жақын жердегi жеңiл
                            жәрдем пунктiне бару үшін оларға 4 км
                            жүру керек); және (iii) медициналық
                            қызмет көрсетуге қол жетiмдiлiк
                            төмендедi, үй шаруашылығының бюджетiн
                            зерттеу бойынша ауылдық респондентердiң
                            жартысынан көбi өз-өзiн емдеумен
                            айналысады; ал жедел жәрдем орталығының
                            кеңесiне жүгiнетiндер саны төмендедi.

6-мақсат: ВИЧ/СПИД, малярия және өзге де аурулармен күрес

7-мiндет: 2015 жылға қарай  ВИЧ жағдайының аздаған саны байқалсада,
ВИЧ/СПИД ауру               олардың деңгейі айтарлықтай жоғары.
жағдайының таралуын тыю     2002 жылғы 735 жағдай және 1997 жылғы
және азайту үрдiсiн бастау  430 жағдаймен салыстырғанда 2003 жылғы
                            1 қаңтарға 3257 ВИЧ жағдайы тiркелдi.
                            Алайда жағдайлардың есептiк саны көпке
                            жоғары - 23000 (БҰҰ (2002),
                            қазақстандағы МДМ).

8-мiндет: 2015 жылға қарай  Соңғы 10 жылда туберкулезбен
малярий және өзге де        ауружағдайының саны екi есеге, 1994
негiзгi аурулар мен ауру    жылы 64,4-тен 2002 жылы 100 000
жағдайының таралуын тыю     жағдайдан 165,1 дейiн өстi.
және азайту үрдiсiн бастау

7-мақсат: Қоршаған ортаның тұрақты жай-күйiн қамтамасыз ету

9-мiндет: Мемлекеттiк       Үкiмет табиғи ресурстарды ұтымды
саясат және бағдарламаға    пайдалану және басқару үшін заңдық
тұрақты даму принциптерiн   және саяси шеңберлер белгiледi.
ықпалдастыру және табиғи    Тұрақты дамыту принциптерiне дамудың
ресурстарды ұтымсыз         ұзақ мерзiмдi бағдарламалары (2030
пайдалануға қатысты         жылға дейiн Қазақстанның Даму
үрдiстердi өзгерту          стратегиясы және 2010 жылға дейiнгi
                            Қазақстан Республикасы дамуының
                            стратегиялық жоспары және Қазақстан
                            Республикасындағы 2003-2005 жылдарға
                            арналған кедейлiктi төмендету жөнiндегi
                            бағдарламасы сияқты дамудың басты қысқа
                            мерзiмдi бағдарламалардың негiзiне
                            қойылған. Экономикалық және әлеуметтiк
                            жоспарда көп шығындарда көрiнiс табатын
                            шешiмдер мен экологиялық проблемалар
                            талап етедi. Iс жүзiндегi және
                            перспективалы экономикалық шығындар
                            бойынша есеп Жалпы iшкi өнiмнiң
                            (Қазақстан Республикасының тұрақты
                            дамуы үшiн iс-әрекеттiң ұлттық
                            экологиялық жоспары) 20-30% құрауы
                            мүмкiн және өлiмнiң бестен бiр жағдайы
                            нашар экологиялық жағдайдан туады (2030
                            Қазақстан есеп).

10-мiндет: 2015 жылға       Қауiпсiз iшетiн суға тұрақты қол
дейiн қауіпсiз iшетiн суға  жетiмдiлiк әсiресе ауылдық жерлерде
тұрақты қол жетімдiлігі     шешiм талап ететiн басты проблема болып
жоқ халықтың сандық         қалады. 2001 жылы 27% ауылдың үй
қатынасын екi eceгe         шаруашылықтары ішетiн суға қол жеткiзе
төмендету                   алмаған және миллионға жуық ауыл
                            тұрғындары шаруашылық-тұрмыстық
                            қажеттiлiкке және iшу үшiн өзендер
                            мен тоғандардың тазартылмаған суын
                            пайдаланған. Қала орталықтарында 14%
                            қалалық үй шаруашылықтары қауіпсіз
                            iшетiн суға қол жеткiзе алмаған.

11-мiндет: 2020 жылға       "Қазақстанның айрықша ерекшелiгi
дейiн қалың тоғайларда      Кәсiпорын қалаларының" болуы болып
тұратын ең аз дегенде       табылады. Бұл қалалардағы бiр немесе
100 млн. өмiр сүру          екi өндiрiстен тәуелдi жұмыс күшi соңғы
жағдайын жақсарту           он жылдықтағы осы кәсiпорындардың тарау
                            салдарынан жұмыс күшiнiң төрт бөлiгi
                            жұмыссыз немесе жартылай жұмыспен
                            қамтамасыз етiлген.
                            АДБ зерттеуiнде (кәсiпорын қалаларды
                            зерттеу) осы қалалар халқының саны
                            көшiп кетуге байланысты тез азайғаны
                            анықталды; қалғандарының көпшiлiгi
                            қаладан кеткiсi келедi, бiрақ оған
                            қаладан кету үшiн қаржыландыруға
                            қаражаты жоқ. Жұмыссыздықтың жоғары
                            деңгейi, сондай-ақ негiзгi әлеуметтік
                            қызмет көрсетулерге қамтамасыз ету мен
                            қол жеткiзушiлiк өте күрделi
__________________________________________________________________

      1 Қазақстан Үкiметi Мыңжылдық табалдырығындағы даму саласында БҰҰ мақсатының "МДМ" көпшiлiгiн қабылдады, өйткенi бұл мақсаттар мен мiндеттер Кедейлiктi азайту жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламаларға енгiзiлген. МДМ 8 бүкiл дүниежүзiлiк мақсаттар кешенін қамтиды (1990-2005 жылдар аралығындағы қол жеткiзiлуi қажет 18 мiндеттер мен 48 индикаторларды қамтиды), оған қатысты уағдаластыққа 2000 жылғы 5-8 қыркүйекте өткен бiрiккен ұлттар ұйымының мыңжылдық саммитiнде мемлекеттер басшыларының арасында қол жеткiзiлдi
      2 БДБҰҰ есебi: "Қазақстандағы мыңжылдық табалдырындағы даму мақсаттары мен мiндеттерi"
      3 Кедейлiк деңгейi тұтыну және тұтыну емес өнiмдерi себетiнiң құнына негiзделген тұтыну себетiнiң ең аз мөлшерi мәнiне тең, Yкiмет белгiлеген күнкөpic мөлшерiнiң ең аз мөлшерiмен негiзделедi. Осы себет бiрлiгiнiң құрамы статистика жөнiндегi ұлттық агенттiк жыл сайын жүргiзетiн үй шаруашылығының зерттеу деректерiне негiзделген. ҚР Статистика жөнiндегi агенттiк күнкөрiстiң ең аз мөлшерiн тоқсан сайын және облыстар бойынша бөлiкте есептейдi. 2001 жылы күнкөрiс деңгейiнiң ең аз мөлшерi бiр адамға бiр айда 4590 теңге құрады. Үкiмет күнкөрiс деңгейiмен кедейлiк шегi түсiнiктерiн әртараптандырады, соңғысы заңмен реттеледi, жыл сайын Парламент күнкөрiстiң ең аз деңгейiнен кесiмдi проценттiк ставка ретiнде айқындайды. Кедейлiк шегi әлеуметтiк көмек көрсету үшiн пайдаланылады. 2001 жылы кедейлiк шегi күнкөрiсiнiң 38% құрады немесе бiр адамға 1781 теңге құрады.

Мыңжылдық табалдырығындағы даму саласындағы БҰҰ мақсаттары және Азия Даму Банкімен кедейлiк жөнiндегi әрiптестiк туралы келiсiм бойынша кедейлiк деңгейiн азайту жөнiндегі Қазақстан Республикасының мақсаттары, мiндеттерi және мiндеттемелері

__________________________________________________________________
   Мыңжылдыққа даму   |Қазақстан Республикасының МДМ бойынша мiндет
мақсаттары (2015 жылға|       және КӘК бойынша мiндеттер
   дейiн) Мақсаты     |    (Қазақстан Республикасы және АДБ)
     (М)/мiндет       |___________________________________________
                      |  Мақсаты   | Ұзақ мерзiмдi |Қысқа мерзiмдi
                      |            |   мiндеттер   |  мiндеттер
                      |            |(2003-2015 ж.) 1 | (2003-2015 ж.)
__________________________________________________________________
1-м. Өте кедейлiк пен  Табыс
аштықты жою            деңгейiне
  - Күнкөрiс ең аз     бағынысты    - Күнкөрiс      - Күнкөріс
    мөлшерiнен төмен   кедейліктi   деңгейiнен      деңгейiнен
    тұратын халықтың   азайту       табысы төмен    табысы төмен
    сандық қатынасын   жолымен      деңгейдегi      деңгейдегi
    екi есеге          қазақстан    халықтың сандық халықтың сандық
    төмендету;         халқының     қатынасын 2001  қатынасын 2001
  - Табысы азық-түлiк  тұрмыс       жылы 28,4%      жылы 28,4%
    себетiнен төмен    деңгейiн     бастап 2005     бастап 2005
    адамдардың санын   жақсарту     жылға 20% дейiн жылға 20%
    1997 мен 2015                   төмендету;      төмендету;
    жылдар аралығында               - Табысы азық-  - Табысы азық-
    екi есеге азайту                түлік себетiнiң түлік себетiнiң
                                    төмен адамдар   төмен халықтың
                                    санын жою       сандық
                                                    қатынасын 2005
                                                    жылға 5%-ке
                                                    дейін төмендету

2-м. Жаппай бастауыш   Табыс        - Жалпы орта    - Бастауыш
бiлiмдi енгiзу         деңгейiне    бiлiмге         мектепте
  - ер балалар мен     бағынысты    балаларды толық балаларды жаппай
    қыз балалар үшін   кедейлiкті   қамтуды         қамту мен бiлiм
    тең дәрежедегі     азайту       қамтамасыз ету; сапасын арттыру
    бастауыш           жолымен      - Жаппай қамту
    мектептiң толық    қазақстан    және балалар
    курсын бiтiруге    халқының     үшiн бастауыш
    барлық балалар     тұрмыс       және орта
    үшiн мүмкiндiктi   деңгейiн     бiлiмнiң
    қамтамасыз ету     жақсарту     сапасын қолдау

3-м. Гендерлiк
теңдiктi белгiлеу
және әйелдерге
өкiлеттiк ұсынуға
ықпал жасау 2
  - Бастауыш және                   - Қолданады     - Қолданады
    орта бiлiмге                                    бiлiм беруге,
    қатысты, сондай-                                әсiресе ауылдық
    ақ 2015 жылдан                                  жерлердегi
    кешiктiрмей                                     бiлiм беруге
    бiлiм берудiң                                   жергiлiктi
    барлық деңгейiнде                               мемлекеттiк
    гендерлiк                                       бюджеттерiнiң
    теңсiздiктi жою                                 қаражатын
                                                    тиiмдi
                                                    пайдалану және
                                                    бөлу
                                                    жоғарлатуға
                                                    арналған
                                                    техникалық
                                                    көмек орталық.
                                                    тандырылады

4-м. Балалар өлiмiн                 - сәбилердің    - сәбилер
азайту                              шетiнеуiн 2002  өлiмiн 2001 жылы
  - 5 жасқа дейiнгi                 жылмен          1000 тiрi
    жастағы балалар                 салыстырғанда   туылғанға 19,4
    арасындағы өлiм                 15% төмендету   жағдайдан 2005
    деңгейiн үштен                                  жылға 18,6
    екiге төмендету                                 жағдайға дейiн
                                                    азайту

5-м. Аналардың
денсаулығын жақсарту
  - Аналар өлiмiнiң                 - Ана өлiмiн    - 2002 жылы
    деңгейiн төрттен                50% төмендету   100000-ға 66,4
    үшке төмендету                                  жағдайдағы
                                                    аналар өлiмiн
                                                    2005 жылға
                                                    қарай 50,6
                                                    жағдайға дейiн
                                                    азайту

6-м. ВИЧ/СПИД,
малярия және басқа
да ауруларға қарсы
күрес
  - 2015 жылға қарай                - 2015 жылға    - ВИЧ/СПИД
    ВИЧ/СПИД                        қарай ВИЧ/СПИД  таралуын
    ауруының                        ауруының        болдырмау және
    таралуын тоқтату                таралуын        ауру жағдай.
    және ауру                       тоқтату және    ларын азайту
    жағдайларын                     ауру жағдай.    үрдiстерiн
    азайту                          ларын азайту    бастау
    үрдестерiн                      үрдестерiн      жөнiндегі
    бастау                          бастау          жұмыстарды
                                                    жалғастыру

  - 2015 жылға                      - 2015 жылға    - 2002 жылы
    қарай туберкулез                қарай           1000 000 адамға
    (TБ) ауруының                   туберкулез      170,7 жағдайдағы
    таралуын тоқтату                ауруының (ТБ)   туберкулез
    және ауру                       таралуын        ауруының 2005
    жағдайларын                     тоқтату және    жылға қарай
    азайту үрдістерін               ТБ ауру         160,0 жағдайға
    бастау                          жағдайларын     дейiн таралуына
                                    үш есеге        жол бермеу
                                    азайтуды        жөнiндегi
                                    қамтамасыз ету  жұмысты
                                                    жалғастыру

7-м. Қоршаған ортаның
тұрақты жай-күйiн
қамтамасыз ету

  - Мемлекеттiк саясат              - табиғи        - табиғи
    пен бағдарламаның               ресурстарды     ресурстарды
    тұрақты даму                    ұтымсыз         тұтымсыз
    принциптерiн                    пайдалануды     пайдалануды
    бiрiктеру және                  болдырмау үшін  болдырмау үшiн
    табиғи ресурстарды              ортаны қорғау   қоршаған ортаны
    ұтымсыз пайдалануға             жөнiндегi       қорғау жөнiндегi
    қатысты үрдiстердi              мемлекеттiк     мемлекеттiк
    өзгерту;                        саясат жүргізу  саясат жүргiзу
  - 2015 жылға дейiн                - бүкiл халық
    қауiпсiз iшетiн                 үшiн ішетiн
    суға тұрақты қол                таза суға
    жетiмдiлiгі бар                 толық қол
    халықтың сандық                 жетiмділiктi
    қатынасын екi                   қамтамасыз ету
    eceгe азайту
__________________________________________________________________

      1 Көрсеткіш кейінгі жыл ағымындағы есепті деректер бойынша нақтыланады.
      2 Бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi гендерлiк теңсiздiк Қазақстанда нарықтық экономикаға көшуге дейiн қамтамасыз етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады