Швеция Корольдiгiнен Өзбекстан Республикасына жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 994 қаулысы

      "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Швеция Корольдiгiнен Өзбекстан Республикасына 2001 жылғы 28 маусымдағы N 27-1264 юр келiсiм-шарты бойынша қосымшаға сәйкес номенклатура мен санда "Алмалық тау-кен металлургия комбинаты" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамына (Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Дино Нобель Швеция АБ" фирмасы (Гютторп қаласы, Швеция Корольдiгi) беретін жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар, Iшкi iстер министрлiктерi, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігi заңнамада белгiленген тәртiппен жарылғыш материалдардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2003 жылғы 29 қыркүйектегі
N 994 қаулысына      
қосымша          

"Алмалық тау-кен металлургия комбинаты" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамы үшін (Алмалық қаласы, Өзбекстан Республикасы) "Дино Нобель Швеция AБ" фирмасы (Гютторп қаласы, Швеция Корольдiгi) беретiн тауарлардың саны

___________________________________________________________________
Р/с|Тауардың атауы   |  СЭҚ TH  | Өлшем  | Саны |Бағасы/| Құны АҚШ
N |                 |   коды   |бірлігі |      | дана  |долларымен
___________________________________________________________________
1  Nonel Unidet       360300100   дана   15050   2,18    32809,0
    U500, 10.2 m

2  Nonel Unidet       360300100   дана   10500   2,64    27720,0
    U500, 15.0 m

3  Nonel Unidet       360300100   дана   12000   4,18    50160,0
    U475, 21.0 m

4  Nonel Unidet       360300100   дана   5520    4,18    230,73,6
    U500, 21.0 m

5  Nonel Unidet       360300100   дана   6150    5,08    31242,0
    U475, 27.0 m

6  Nonel Unidet       360300900   дана   1500    1,35    2025,0
    SL42,3,6 м

7  Nonel Unidet       360300900   дана   5280    2,25    11880
    SL67,9,0 м

8  Nonel Unidet       360300900   дана   17220   2,25    38745,0
    SL109,9,0 м

9  Nonel Unidet       360300900   дана   19020   2,25    42795,0
    SL176,9,0 м 1.48

10  Nonel Unidet       360300900   дана   91     183,29   16679,39
    Dynoline 1500 m
___________________________________________________________________
    Жиыны                                                277128.99

      Жiберетiн елi: Швеция Корольдiгi
      Шекаралық өту пункттерi: Илецк-1 станциясы (Ресей Федерациясы) - Шеңгелдi станциясы (Қазақстан Республикасы)
      Баратын пунктi: Ахангаран станциясы, Өзбекстан темiр жолы (Өзбекстан Республикасы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады