Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1003 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 816 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 816 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 112-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2003 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1003 қаулысымен    
бекiтілген       

Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң
қаражатын құрау және пайдалану ережесi

      1. Осы Ереже орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң (бұдан әрi - орман мекемелерi) қаражатын құрау және пайдалану тәртiбiн реттейдi.

      2. Орман мекемелерi:
      1) жеке және заңды тұлғаларға:
      отырғызылатын материалдар өсiру мен орман тұқымдарын жинау;
      көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер жасау;
      орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткiзу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнiнде ақылы қызметтер көрсетуден, оның iшiнде мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу жолымен;
      2) ормандарды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде тұрғын халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткiзуден қаражат түсiре алады.

      3. Орман мекемелерi жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн қызметтер үшiн төлемақы қарауында орман мекемелерi бар атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.17 № 604 Қаулысымен.

      4. Күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткiзу нарықтық бағамен жүргiзіледi.

      5. Орман мекемелерiнiң қаражаты мыналарға:
      1) мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде орман шаруашылығының iс-шараларын жүргiзуге;
      2) орман шаруашылығы жолдарының құрылысына және оларды ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;
      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы жобалау-iздестiру жұмыстарына;
      4) орман мекемелерiнiң орман шаруашылығы қызметiн қамтамасыз ету үшiн штаттан тыс маусымды жұмысшылардың, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыратын жұмысшылардың, сондай-ақ орман ресурстарын қайта өңдеудi жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметтер көрсетуiне ақы төлеуге;
      5) байланыс құралдарын, көлiкті және жабдықтарды, өртке қарсы, ормандарды қорғауға және орман өсiруге арналған тетiктер мен материалдарды, орман өсiру жұмыстарына арналған тұқымдар мен отырғызылатын материалды, жанар-жағармайды, киiм-кешекті, қаруды және арнайы қорғау құралдарын сатып алуға;
      6) орман ресурстарын қайта өңдеуге қажеттi жабдықтар мен тетiктердi сатып алуға;
      7) ғимараттарды, құрылыстарды және орман мекемелерiнiң жұмыс істеуіне байланысты өзге де объектiлердi салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;
      8) орман және аңшылық шаруашылығы үшiн мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға;
      9) еңбек көрсеткiштерi үшiн орман мекемелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеуге пайдаланылады.

      6. Орман мекeмелерiнiң қаражатын алу мен пайдалану жөніндегi есептiлiктi жүргiзу заңнамада белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

      7. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

      8. Орман мекемелерi қаражатының құралуы мен пайдаланылуын, алынатын кiрiстердi есептеудiң толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қарауында орман мекемелерi бар атқарушы органдармен бiрлесiп белгіленген тәртiппен жүзеге асырады.

Об утверждении Правил образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2003 года N 1003. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 августа 2010 года N 816

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 13.08.2010 № 816 (порядок введения в действие см. п. 3).

      В соответствии со статьей 112 Лесного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые Правила образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства.

      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Утверждены            
постановлением Правительства  
Республики Казахстан     
от 30 сентября 2003 года N 1003

Правила
образования и использования средств
государственных учреждений лесного хозяйства

      1. Настоящие Правила регламентируют порядок образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства (далее - лесные учреждения).
      2. Лесные учреждения могут иметь средства:
      1) от оказания платных услуг физическим и юридическим лицам, в том числе путем участия в конкурсе по государственным закупкам по:
      выращиванию посадочного материала и сбору лесных семян;
      созданию озеленительных, защитных, плантационных и иных насаждений;
      проведению учебных практик, оказанию консультационной и технической помощи в области лесного хозяйства;
      2) от реализации продукции, полученной при осуществлении рубок ухода и санитарных рубок, в том числе для обеспечения населения топливом, побочных лесных пользований.
      3. Плата за услуги, оказываемые лесными учреждениями физическим и юридическим лицам, осуществляется в соответствии с тарифами, установленными исполнительными органами, в ведении которых находятся лесные учреждения, в установленном Бюджетным кодексом Республики Казахстан порядке.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.06.2010 № 604.
      4. Реализация продукции, полученной при осуществлении рубок ухода и санитарных рубок, в том числе для обеспечения населения топливом, побочных лесных пользований, производится по рыночным ценам.
      5. Средства лесных учреждений используются на:
      1) проведение лесохозяйственных мероприятий на участках государственного лесного фонда;
      2) строительство и содержание лесохозяйственных дорог, противопожарное обустройство лесов;
      3) проектно-изыскательские работы в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения;
      4) оплату услуг внештатных сезонных работников для обеспечения лесохозяйственной деятельности лесных учреждений, работников по осуществлению рубок ухода и санитарных рубок, побочных лесных пользований, а также работников, осуществляющих переработку лесных ресурсов;
      5) приобретение средств связи, транспорта и оборудования, механизмов и материалов противопожарного, лесозащитного и лесокультурного назначения, семян и посадочного материала для лесокультурных работ, горюче-смазочных материалов, обмундирования, оружия и специальных средств защиты;
      6) приобретение оборудования и механизмов, необходимых для переработки лесных ресурсов;
      7) строительство, реконструкцию и ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с функционированием лесных учреждений;
      8) подготовку и повышение квалификации специалистов для лесного и охотничьего хозяйства;
      9) поощрение работников лесных учреждений за трудовые показатели.
      6. Ведение отчетности по взиманию и использованию средств лесных учреждений осуществляется в установленном законодательством порядке.
      7. Запрещается использование средств лесных учреждений на цели, не связанные с охраной, защитой, воспроизводством лесов и лесоразведением, побочными лесными пользованиями.
      8. Контроль за образованием и использованием средств лесных учреждений, полнотой и правильностью исчисления получаемых доходов, а также за их целевым использованием осуществляется в установленном порядке Министерством финансов Республики Казахстан совместно с исполнительными органами, в ведении которых находятся лесные учреждения.