2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi нидерландтық бағдарлама шеңберiндегi экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы N 1034 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi нидерландтық бағдарлама шеңберiндегi экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгi арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қоюға келiсiм берiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба 

2003 жылға арналған Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi нидерландтық бағдарлама шеңберiндегi экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық
iстер министрлiгi арасындағы Өзара түсiнiстiк
туралы меморандум

      Нидерланды Корольдiгінiң Үкiметi қабылдаған, бұдан әрi "PSO бағдарламасы" деп аталатын, жаңартылған "Орталық және Шығыс Еуропа елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi бағдарламасын" талқылау мақсатында 2003 жылғы _______ Астана қаласында бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мен Нидерланды Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгi өкiлдерiнiң кездесуi өтті.
      Тараптар Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi арасындағы қатынастарды одан әрi дамыту мен нығайтудың өзара тиiмдi болатындығына келiсiм бiлдiрдi, сондай-ақ осы байланыстарды нығатюда PSO бағдарламасына маңызды рөл бере отырып, болашақта ынтымақтастықтың жалғасуы мен тереңдей түсуiн тiлей отырып, PSO бағдарламасы шеңберiнде Нидерланды Корольдiгiнiң инвесторларын тарту мақсатымен тұрақты инвестициялық ахуал жасаудың маңыздылығын мойындай отырып, мына төмендегiлер туралы өзара түсiнiстiкке қол жеткiздi:

PSO бағдарламасының элементтерi

      1. PSO бағдарламасы Қазақстанның тұрақты әрi рыноктық бағдарланған экономикаға көшуiн қолдайды. Рыноктық экономиканы дамытуға үлес қосу, бәсекеге қабiлеттiлiктi нығайту, компанияларды жаңғырту және тұрақты өндiрiстiк процестi дамыту оның негiзгi мақсаттары болып табылады. PSO бағдарламасы - бұл өтеусiз негiзде Нидерланды Корольдiгi Қазақстан Республикасына көрсететiн техникалық көмек бағдарламасы.
      2. Нидерланды Корольдiгiнiң Үкiметi PSO бағдарламасы шеңберiнде жобалардың мынадай екi үлгiсiн қаржыландырады:
      а) Қазақстан компанияларына бiлiм, технологиялар және жабдықтар беру мақсатында PSO бизнес жобалары ("Business to Business") нидерландтық компанияларға ұсынылады. Осы бағдарламаның жобалары Қазақстан Республикасы компанияларының қаржы-экономикалық жағдайын және ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайтуға бағытталған. Жаңартылған PSO бағдарламасының шеңберiнде жобаларды iске асыру үшiн компанияларды iрiктеу мақсатында жылына екi тендерлiк кезең жүргiзiледi. Тендерлер бiр сатыдан тұрады және PSO бағдарламасына барлық қатысушы елдер үшiн ашық болады. Тендерге қатысуға жiберiлген әр түрлi елдердiң жобалық ұсыныстарын iрiктеу конкурстың және ұсынылатын жобалардың сапалық сипаттамалары негiзiнде жүргiзiлетiн болады.
      PSO бизнес жобалары ("Business to Business") коммерциялық жалғасын табуға, яғни тұрақты сауда не инвестициялық қатынастарға бағытталуы тиiс. Жобаның бастапқыда кейiнгi коммерциялық инвестициялар үшiн қолайлы мүмкiндiгi болуы тиiс. Өтiнiмдердi ұсынатын компаниялар жобаның аралық және соңғы нәтижелерiн анық көрсетуге тиiс. Қазақстандық және нидерландық компаниялар жобалардың жүзеге асырылуына әрi олардың мақсаттарының iске асуына бiрге жауапты болады.
      б) Институционалдық (бағдарламалық) жобалар ұзақ жылдар бойы нидерландық компаниялардың кәсiби тәжiрибесi мен бiлiмiн пайдалана отырып, нақты секторды не болмаса Орталық пен Шығыс Еуропаның, соның iшiнде Қазақстанның да өңiрiн қолдауға бағытталған. Институционалдық жобалар нидерландық компаниялардың кәсiби тәжiрибесi мен бiлiмiн пайдалану арқылы нақты сектордың немесе өңiрдiң институционалдық қабiлеттiлiгiн не болмаса бәсекеге қабiлеттiгiн нығайтуға бағытталған, сондықтан тұтастай алғанда, жобалар қандай да бiр нақты кәсiпорын үшiн емес, сектор немесе өңiр үшiн пайдалы болатындай жасалуы тиiс.
      Институционалдық жобаларды компаниялар, сол сияқты консультанттар, не болмаса жеке сарапшылар, үкiметтiк, сол сияқты үкiметтiк емес болатын ұйымдар немесе мекемелер орындай алады. Жыл сайын Нидерланд Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгi Орталық және Шығыс Еуропаның қандай мемлекеттерiнiң, соның iшiнде Қазақстанның да қандай секторлары/өңiрлерi институционалдық жобаларға қатыса алатыны жайында шешiм қабылдайды. Осындай шешiм тиiстi мемлекеттердiң уәкiлеттi органдарымен, сондай-ақ тиiстi нидерландық министрлiктермен және Нидерланд Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгiнiң PSO бағдарламасы бойынша атқарушы органы болып табылатын Senter ұйымымен жан-жақты консультациялар жүргізiле отырып қабылданады. Институционалдық жоба егер Қазақстанда енгiзiлетiн жағдайда, бұл жобаның орындалуы Қазақстан Республикасының барлық деңгейiндегi мүдделi мемлекеттiк органдардың және/немесе басқа да тартылған қазақстандық ұйымдардың немесе компаниялардың белсендi қатысуын әрi қолдауын талап етедi.
      3. Қазақстан Республикасының аумағына PSO бағдарламасының техникалық көмек көрсету жобаларының шеңберiнде импортталған тауарлар Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын, кеден баждарын, кедендiк тiркелу үшiн кедендiк төлемдердi және қандай да болмасын басқа да баждар мен салықтарды төлеуден босатылатын болады.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасының аумағында PSO бағдарламасының үйлестiрушiсi болып табылады. Қазақстан тарапынан PSO бағдарламасының үйлестiрушi Нидерланд Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгiнiң PSO бағдарламасы бойынша атқарушы органы - Senter, бiр жағынан, және екiншi жағынан, тартылған қазақстандық үкiметтiк ұйымдар арасында жұмыс деңгейiндегi қажеттi делдалдық үшiн жауапты болады. Нидерланд Корольдiгiнiң Экономикалық iстер министрлiгiнiң PSO бағдарламасы бойынша атқарушы органы Senter бас үйлестiрушiсi болып табылады және өкiлеттiктер шеңберiн, беру рәсiмiн айқындауға, жобаларды таңдауға және олардың жалпы мониторингiне жауапты болады. Нидерландық компаниялар жобалық ұсыныстарын Senter-гe жiберуi тиiс.
      5. Тараптар арасында осы Меморандумды түсiндiрумен немесе қолдануымен байланысты даулар немесе келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.
      6. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Меморандумға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар жеке хаттамалармен ресiмделедi және осы Меморандумның ажырамас бөлiктерi болып табылады.

      Осы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум қол қойылған сәтiнен бастап күшiне енедi және бiр жыл бойы күшiнде болады. Осы Меморандум шеңберiнде дамуы жалғасын тапқан жобалардың iске асырылуына бағалау жүргiзу, сондай-ақ PSO бағдарламасын жалғастыру мүмкiндiгiн талқылау үшiн Тараптар 2003 жылдың соңында кездесу туралы келiсiмге қол жеткiздi. PSO бағдарламасының iске асырылуына бiрлескен бағалау жүргiзу негiзiнде, Меморандум күшiнiң мерзiмi өткенге дейiн, Тараптар осы Меморандумның күшiн бiр жыл мерзiмге ұзарту туралы шешiм қабылдай алады.
      ______ жылғы "____" ________ ___________№қаласында түпнұсқалы екi дана етiп, әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгінедi.

      Қазақстан Республикасының       Нидерланды Корольдiгiнiң
      Экономика және бюджеттiк        Экономикалық iстер министрлiгi
      жоспарлау министрлiгi           үшін
      үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады