Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Қаржылай көмекке қатысты атқару хаттамасын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 қазандағы N 1066 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. 2003 жылғы 20 мамырда Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм  және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Қаржылай көмекке қатысты атқару хаттамасы бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы
КЕЛІСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi,
      көпжылдық қалыптасқан достық қарым-қатынасты растай отырып,
      Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 8 тамыздағы Әскери ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмді және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы 1993 жылғы 23 ақпандағы Әскери бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi  басшылыққа ала отырып,
      екiжақты әскери ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн реформалауға көмек көрсету мақсатында,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан Республикасының Yкiметiне Түрiк Республикасының Үкiметi АҚШ долларына баламалы 2 362 500 000 000 (екi триллион үш жүз алпыс екi миллиард бес жүз миллион) түрiк лирi сомасында өтеусiз әскери көмек бередi.
      Өтеусiз әскери көмек беру 2003 жылдан басталады.

2-бап

      Осы келiсiм бойынша көрсетiлетiн өтеусiз көмектiң АҚШ долларына баламалы 2 250 000 000 000 (екi триллион екi жүз елу миллиард) түрiк лирi сомасындағы бөлiгi материалдар мен қызметтер көрсету түрiнде берiледi, ал АҚШ долларына баламалы 112 500 000 000 (бip жүз он екi миллиард бес жүз миллион) түрiк лирi сомасындағы басқа бөлiгi Түрiк Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық көмек түрiнде берiледi.

3-бап

      АҚШ долларына баламалы 2 362 500 000 000 (екi триллион үш жүз алпыс екi миллиард бес жүз миллион) түрiк лирi сомасындағы өтеусiз көмек Тараптардың құзыреттi органдары осы келiсiмге сәйкес жасасатын тылдық қамтамасыз ету және қаржылай көмек көрсету жөнiндегi атқару хаттамаларына сәйкес iске асырылатын болады.

4-бап

      Қазақстан Тарабы, Түрiк Тарабынан алынған материалдар мен қызметтер көрсетудi немесе оларды пайдалану құқығын Түрiк Тарабының алдын ала келiсiмiн алмай, үшiншi Тарапқа бермеуге келiстi.

5-бап

      Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi Тараптардың мынадай құзыреттi органдары iске асырады:
      Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;
      Түрiк Тарапынан - Түрiк Республикасының Бас штабы.

6-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаларын алған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм мен 3-бапта атап көрсетiлген атқару хаттамалары Түрiк Республикасының Yкiметi материалдық және қаржылық көмектi Қазақстан Республикасының Үкiметiне толық берген сәтiнен бастап өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      Осы Келiсiмдi iске асыру кезiнде туындайтын кез келген келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiлетiн болады.

      2003 жылғы 20 мамыр Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалады, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн талқылауда келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының           Түрiк Республикасының
      Үкiметi үшін                        Үкіметі үшін

      К.Мұқатов                           Х.Жихангир Думанұлы,
      Қазақстан Республикасы              Түрiк Республикасының Бас
      Қарулы Күштерi Бас штабы            штабы қорғаныс жоспарлау
      бастығының орынбасары,              және ресурстарды басқару
      полковник                           жөнiндегi Департамент
                                          бастығы,
                                          генерал-майор

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы Келiсiмге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы Қаржылай көмекке қатысты АТҚАРУ ХАТТАМАСЫ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 2003 жылғы 20 мамырдағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiм  шеңберiнде берiлетiн қаржылай көмектi пайдалану туралы мынадай баптар бойынша келiстi.

1-бап
Мақсаты

      Осы Атқару хаттамасының мақсаты Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретiн АҚШ долларына баламалы 112 500 000 000 (бiр жүз он екi миллиард бес жүз миллион) түрiк лирi сомасындағы қаржылай көмектiң негiзгi бағыттарын белгiлеу болып табылады.

2-бап
Қолдану аясы

      Түрiк Тарабы беретiн қаржылай көмек мынадай iс-шараларды қамтамасыз ету мақсатындағы шығыстарға ақы төлеу үшiн пайдаланылатын болады:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi қызметкерлерiнiң Түрiк Республикасының "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" курстарында болуы.
      2. Түрiк Республикасы әскери делегациясының Халықаралық әскери көмек бағдарламасын жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасының келуi.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi қызметкерлерiнiң екi жақты қарым-қатынастарды кеңейту және "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" бағдарламасы бойынша НАТО-ның iс-шараларына қатысу мақсатында Түрiк Республикасына келуi.
      4. Тараптардың өзара келiсуi бойынша жүзеге асырылатын басқа да iс-шаралар.

3-бап
Iске асыру қағидаттары

      Қаржылай көмектi iске асыру қағидаттары:
      1. АҚШ долларына баламалы 11 250 000 000 (он бiр миллиард екi жүз елу миллион) түрiк лирi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қызметкерлерi үшiн Түрiк Республикасында болу уақытында курстарды ұйымдастыруға жұмсалатын шығыстарды жабу үшiн берiледi, бұл ретте осы соманы пайдаланудың мынандай негiзгi бағыттары айқындалады:
      а) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әскери қызметкерлерiнiң авиабилеттерге, тамақтануға, тұратын орынға, курстарға ақы төлеуге жұмсайтын шығыстары, сондай-ақ басқа да шығыстаp.
      б) қазақстандық әскери қызметкерлердi курстарға жiберу үшiн iрiктеу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әзiрлеген әскери оқу орындарына қабылдаудың қолданылып жүрген ережелерiне сәйкес жыл сайын өткiзiлетiн болады. Егер оқытуға байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қажеттiлiгi осы мақсаттарға бөлiнген сомадан асатын болған жағдайда, Түрiк Республикасының Бас штабы қосымша шығыстарды жабу үшiн қажеттi шаралар қабылдайтын болады.
      2. АҚШ долларына баламалы 11 250 000 000 (он бiр миллиард екi жүз елу миллион) түрiк лирi Халықаралық әскери көмек бағдарламасын жоспарлау мақсатында Қазақстан Республикасына келетiн Түрiк Республикасы әскери делегацияларының көлiктiк шығыстарын, сондай-ақ тамақтану мен тұратын орнына жұмсалатын шығыстарын жабу үшiн берiледi.
      3. АҚШ долларына баламалы 11 250 000 000 (он бiр миллиард екi жүз елу миллион) түрiк лирi Тараптар арасындағы екiжақты қарым-қатынасты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi қызметкерлерiнiң Түрiк Республикасына сапарына байланысты шығыстарды және НАТО бағдарламасы бойынша "Бейбiтшiлiк жолындағы әрiптестiк" iс-шараларына қатысуға жұмсалатын шығыстарды жабу үшiн берiледi. Бұл ретте Қазақстан Тарабы осы соманы пайдаланудың негiзгi бағыттарын айқындайды.
      4. АҚШ долларына баламалы 78 750 000 000 (жетпiс сегiз миллиард жетi жүз елу миллион) түрiк лирi Атқару хаттамасына сәйкес Тараптардың өзара келiсiмi бойынша iске асырылар басқа да шаралардың шығынын өтеуге жұмсалады.
      5. Осы Атқару хаттамасына сәйкес қаржылай көмектi Түрiк Тарабы Түрiк Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiнің Әскери атташесi айқындайтын банктегi шотқа аударатын болады. Бұл ретте қаржылық көмектiң пайдаланылуын бақылауды осы Атқару хаттамасына сәйкес Түрiк Республикасының Қазақстан Республикасының Елшiлiгiнiң Әскери атташесi жүзеге асыратын болады.
      6. Қажет болған кезде ресурстарды қайта бөлудi Қазақстан Тарабының келiсiмi бойынша Түрiк Тарабы жүргiзедi.

4-бап
Толықтырулар мен өзгерiстер

      Осы Атқару хаттамасына Тараптардың өзара келiсiмi бойынша Атқару хаттамасының ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн және осы Атқару хаттамасының 6-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерістер мен толықтырулар енгізілуi мүмкiн.
      Осы Атқару хаттамасын орындау барысында туындайтын барлық келiспеушiлiктер келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.

5-бап
Қолданылу мерзiмi

      Осы Атқару хаттамасы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Түрiк Республикасының Бас штабы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Yкiметi арасындағы 2003 жылғы 20 мамырдағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмнiң  2-бабында көзделген қаржылай көмектi толық бергенге дейiн күшiнде болады.

6-бап
Бекiту және күшiне енуi

      Осы Атқару хаттамасы Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаларын алған күннен бастап күшiне енедi.

7-бап Мәтiнi және қолдар

      Осы Атқару хаттамасы 2003 жылғы 20 мамырда Алматы қаласында әрқайсысы қазақ, түрiк, орыс және ағылшын тілдерінде екi данадан жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Атқару хаттамасының ережелерiн талқылауда келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының           Түрiк Республикасының
      Қорғаныс министрлiгi үшiн           Бас штабы үшін

      К.Мұқатов                           Х.Жихангир Думанұлы,
      Қазақстан Республикасы              Түрiк Республикасының Бас
      Қарулы Күштерi Бас штабы            штабы қорғаныс жоспарлау
      бастығының орынбасары,              және ресурстарды басқару
      полковник                           жөнiндегi Департамент
                                          бастығы,
                                          генерал-майор

      РҚАО-ның ескертуі: әрі қарай мәтін ағылшын тілінде берілген (қағаз мәтінді қараңыз).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады