Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 587 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 қарашада N 1121 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасында Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiнде "Қазақстан Республикасы Алматы облысының Тамғалы кешенiн зерделеу, сақтау және ұстау" жобасы бойынша келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 587 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрi Дүйсен Қорабайұлы Қасейiновке Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Yкiметінiң атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Бiрiккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасында Бiлiм, ғылым және мәдениет мәселелерi жөнiнде "Қазақстан Республикасы Алматы облысының Тамғалы кешенiн зерделеу, сақтау және ұстау" жобасы бойынша келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады