Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1406 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1292 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2016 № 680 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы N 1406 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 48, 482-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк арнаулы өтем қазынашылық облигацияларын шығару, орналастыру, айналысқа қосу, қызмет көрсету және оларды өтеу ережесiнде:
      1) 3-тармақтағы "эмиссиямен" деген сөз "шығарылыммен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 4-тармақтағы "әрбiр эмиссиясы" деген сөздер "әрбiр шығарылымы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 6-тармақтағы "әрбiр эмиссиясына" деген сөздер "әрбiр шығарылымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 7-тармақтағы "бiрiншi эмиссия", "екiншi эмиссия", "үшiншi эмиссия" деген сөздер тиiсiнше "бiрiншi шығарылым", "екiншi шығарылым", "үшiншi шығарылым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 10-тармақтағы "тиiстi эмиссия" деген сөздер "тиiстi шығарылым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 11-тармақта:
      "индекстелген" деген сөзден кейiн "атаулы" деген сөзбен толықтырылсын;
      "есептеледi" деген сөзден кейiн ", бiрақ оның атаулы құнынан төмен болмайды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы 2002 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшiне енетiн 1-тармақтың 6) тармақшасынан басқа, жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады