Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы N 812 және 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1370 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 992 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.30 № 992 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1)  күші жойылды
      2) "Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнің Құрмет дипломы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 қазандағы N 1577  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 510-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлік қызметi үшін Қазақстан Республикасы Президентінiң Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:

Тасмағамбетов                   - Қазақстан Республикасының
Иманғали Нұрғалиұлы               Мемлекеттік хатшысы, төраға
                                  (келiсiм бойынша)

Қасейiнов                       - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы                 министрi, төрағаның орынбасары

Абдрахманов                     - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Сауытбек                          министрі

Аманшаев                        - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы                  вице-министрi

Күзембаев                       - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Валерий Әлбекұлы                  министрлiгі Өнер және халықаралық
                                  байланыстар департаментінің
                                  директоры, хатшы

Құлекеев                        - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдiрахметұлы            және ғылым министрі

Терещенко                       - Қазақстан халықтары ассамблеясы
Сергей Александрович              төрағасының орынбасары (келiсiм
                                  бойынша)

Әуезов                          - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мұрат Мұхтарұлы                   кiтапханасының бас директоры;

      мына:
"Әбдiков Төлен                  - Қазақстан Республикасы Президентi
                                  Әкiмшiлiгiнiң Қоғамдық-саяси
                                  бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
                                  (келiсiм бойынша)"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Әбдiков Төлен                  - Қазақстан Республикасы
                                  Президентiнiң Әкiмшiлiгi Iшкi
                                  саясат бөлiмiнiң бас сарапшысы
                                  (келiсiм бойынша)";

      көрсетiлген құрамнан: Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы, Беркiмбаева Шәмша Көпбайқызы, Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Тiлеухан Бекболат Қанайұлы, Асқаров Әлiбек Асылбайұлы, Бердiғалиева Роза Аманғалиқызы, Атрушкевич Павел Александрович шығарылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушiлiк қызметi үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Құрмет дипломымен марапаттауға байланысты мәселелердi қарау жөнiндегi ережеде:
      6 және 8-тармақтардағы "Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын.
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.04.  266 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады