Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 150аб қаулысы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 605-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Yкiметінiң         
2003 жылғы 5 желтоқсандағы 
N 150аб қаулысына қосымша 

Қазақстан Республикасы    
Yкiметінiң         
2002 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 1429 қаулысына 605-қосымша

Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитетi
(бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi)

600 "Республиканың бюджеттің атқарылуын бақылау
жөнiндегі есеп комитетін есептеу және ұйымдастыру
техникасымен қамтамасыз ету" республикалық
бюджеттiк бағдарламаның 2003 жылға арналған
Паспорты

      1. Құны: 3677 мың теңге (үш миллион алты жүз жетпіс жеті мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау туралы" 2002 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы , "Мемлекеттiк аппараттық қызметін жақсарту, бюрократизммен күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі іc-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі N 427 Жарлығы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: сырттай бақылаудың ақпараттық-анықтамалық жүйесiн жасау.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi: eceптеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын автоматтандыру, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесіне бiр мезгілде ену.
      6. Бюджеттік бағдарламаны iске acыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
___________________________________________________________________
N |Бағ. |Кіші |Бағдарламаның |     Бағдарламаны     |Іске |Жауапты
р/|дар. |бағ. |    (кіші     |      іске асыру      |асыру|атқару.
н |лама.|дар. |бағдарламаның)|       жөніндегі      |мер. |шылар
  | ның |лама.|    атауы     |      іс-шаралар      |зімі |
  |коды |ның  |              |                      |     |
  |     |коды |              |                      |     |
___________________________________________________________________
1   2    3          4                  5              6      7
___________________________________________________________________
1   600       Республикалық   Портативті компьютер -  Жыл  Респуб.
              бюджеттің       5 дана, LCD-монитор.    бойы ликалық
              атқарылуын      лар - 8 дана, компьютер.     бюджеттің
              бақылау         лер - 9 дана, лазерлі        атқары.
              жөнiндегі       принтер - 7 дана,            луын
              есеп            портативті принтер -         бақылау
              комитетін       2 дана, фотопринтер -        жөніндегі
              есептеу және    1 дана, автосканер -         есеп
              техникамен      1 дана, Adobe Acrobat        комитеті
              қамтамасыз      лицензиясы - 1 дана,
              ету             сыртқы портативтi
                              ақпарат жинақтаушы -
                              1 дана
___________________________________________________________________

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үздiксiз жұмыс істеуiн қамтамасыз ету, бақылау объектiлерiне барып қызметті қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыс орындарын автоматтандыру және кеңейту, электрондық шығу документациясын дайындау, мемлекеттік органдардың интеграцияланған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiне ену, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi қабылдайтын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн және өзара келiсiмділігiн арттыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады