Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 150ас қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1429 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулыға 376-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлердi даярлауды қаржыландыру. Студенттердiң жылдық орташа саны - 5500 (оның iшiнде Қорғаныс министрлiгiнiң рұқсат қағазы бойынша жылдық орташа қабылдау - 1333).";
      көрсетiлген қаулыға 388-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-бағандағы "Халықаралық нашақорлыққа қарсы күресу күнiне арналған шаралар өткiзу; Нашақорлыққа қарсы тақырыпқа 2-конкурс, 1-жарыс өткiзу; Радиохабарлар, дөңгелек столдар, 4-конференция өткiзу" деген сөздер "студент және оқушы жастардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткiзу; нашақорлық проблемаларын көрсететiн бейнематериалдар дайындау, шығару және эфирде орналастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 408-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
      5-баған ", жиынтықтағы коммутатор - 5 дана" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады