Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" N 10 қаулысына (Пленумның 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 3 қаулысына сәйкес енгізілген өзгерістерімен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 3 Нормативтік қаулысы.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне сәйкес және контрабанда туралы істер бойынша сот тәжірибесінде туындаған кейбір мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1997 жылғы 18 шілдедегі "Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы" N 10 қаулысына (Пленумның 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 3 қаулысына сәйкес енгізілген өзгерістерімен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы "ҚК-тің 209-бабында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабында (бұдан әрі - ҚК)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-тармақтың үшінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Жарлығымен, оған 1995 жылғы 21 желтоқсанда және 1996 жылғы 26 қаңтарда және 22 қарашада және 1997 жылғы 9 маусымда енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Заңымен, оған 1996 жылғы 15 шілдеде енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Кеден кодексі" және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. ҚК-нің 209-бабында көзделген әрекеттерді ірі мөлшерде жасалған деп тану кезінде кедендік шекарадан кеден бақылауынан тыс немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы өткізілген тауарлардың немесе өзге де заттардың бөлігінің, сондай-ақ кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген, декларацияланбаған не декларациялануы күмәнді тауарлардың, заттар мен құндылықтардың кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген құнының бағасы ғана назарға алынуға тиіс.";

      4) 10-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бірнеше адамға, соның ішінде оның өзіне де тиесілі тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды заңсыз өткізуге қасақана ниетті адам біріккен (бірге орны ауыстырылған) контрабандалық заттардың контрабандасы үшін жауапкершілік көтеруге тиіс. Қасақана ниеті контрабандалық заттардың қалған бөлігін заңсыз өткізу бойынша басқа адамдардың әрекетін қамтымайтын, орны ауыстырылуы өзіне көрінеу заңсыз мұндай тауарлардың немесе құндылықтар мен заттардың жеке бөлігінің иесі тек оған тиесілі мүліктің контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік көтереді. Сондай-ақ контрабандалық заттардың иесі болып табылмайтын, алайда ақы үшін, курьер және тағы сондайлар ретінде кеден шекарасы арқылы мұндай заттарды заңсыз орнын ауыстыруға тікелей кінәлі адамдардың әрекеті де осылай саралануға тиіс.";

      5) 14-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "ҚК-нің 209, 250-баптарында көзделген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылған адамдардың контрабандалық тауарларды немесе өзге де құндылықтар мен заттарды ҚР кеден шекарасы арқылы көлік құралдарын пайдалана отырып заңсыз кіргізу немесе шығару фактілерін анықтау барысында контрабанда кезінде пайдаланылған көлік құралдары туралы мәселе олардың іс бойынша қылмыс қаруы ретінде заң тәртібімен белгіленген заттай дәлелдеме болып танылуына қарай шешілуге тиіс.

      Көлік құралы контрабанда заттарын кеден шекарасынан кеден бақылауынан тыс алып өтудің құралы ретінде пайдаланылғанда, сондай-ақ контрабанда заттарын кеден бақылауынан жасыру үшін пайдаланылған жағдайда (әсіресе, көлік құралдарының техникалық өлшемдерін, оның жеке агрегаттары мен бөлшектерін өзгерту арқылы, жасырын орын дайындау және оған заттарды білдірмей құпиялап салып қою, осындай мақсатқа бейімделген өзге де жабдықтар орнату, контрабандалық заттарды жанармай багіне, автомашинаның астына орналастырып тасымалдау, оларды тауып алуда қиындық туғызатын өзге де әдістер мен т.с. қолдану) оны қылмыс құралы деп таныған жөн.

      Көлік құралының иесі оны контрабанда қаруы ретінде пайдаланса және ол заттай дәлелдеме болып танылса көлік құралы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 121-бабының үшінші бөлігінің 1-тармағына сәйкес тәркіленуге жатады. Контрабанда заттары деп танылған не қылмыс қаруы ретінде пайдаланылған тауарлардың, өзге құндылықтардың немесе көлік құралдары иесінің контрабандаға қатысу және басқа адамдардың бұл мүлікті кеден шекарасы арқылы контрабанда жолымен алып өту немесе контрабанда қаруы ретінде пайдалану ниеті болмаған жағдайда мұндай мүлік тәркіленуге жатпайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады