Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 11 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 6355 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Тасқала ауданы әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №33 "Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5419 тіркелген, 2018 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсiн.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тасқала ауданының әкімі А. Халелов

      КЕЛІСІЛДІ:
Тасқала аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________А. Нұрмақов
7 тамыз 2020 жыл

  Тасқала ауданы әкiмiнiң
2020 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 11 шешіміне қосымша

Тасқала ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

Сайлау учаскелері

Сайлау учаскелерінің шекаралары

Орналасқан жері

1

324

Ақтау ауылы, Қарой ауылы, Қызылбас, Кулаков, Ақкүшік қыстақтары

Ақтау ауылы, Мұқанов көшесі, 17, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

2

325

Беленький ауылы

Беленький ауылы, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Беленький медициналық пунктінің ғимараты

3

327

Амангелді ауылы, Жигули қыстағы

Амангелді ауылы, Астана көшесі, 11, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

4

328

1-Шежін ауылы, Жармалай қыстағы

1-Шежін ауылы, Скоробогатов көшесі, 35, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Бірінші Шежін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

5

329

Тасқала ауылы: Қ.Сәтбаев, Керей хан, Жәнібек хан, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы, Қ.Аманжолов, Д.Нұрпейісова, Құрманғазы, Н.Тілендиев, А.Пушкин, Атақоныс, Жібек жолы, Астана, Ақтілек, Көкпар, Сарыжайлау көшелері

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 34, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Жалпы орта білім беретін Қ.Сәтбаев атындағы мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

6

330

Тасқала ауылы: Қ.Рысқұлбеков, Абай, Әбілхайыр хан, Ә.Сабиров, С.Жақсығұлов, Т.Жароков, Х.Доспанова, К.Жуков көшелері, Самал шағын ауданы, Көктем шағын ауданы

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 22, Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

7

331

Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің оң жағалауынан теміржолға дейін: М.Жұмағалиев, М.Мерәліұлы, Ә.Молдағұлова, Қ.Мұңайтпасов, Нұрсұңқар, А.Нечаева, М.Маметова, Игілік, С.Кенжин, Жағалау, Ақжол, Азаттық, Деркөл, Г.Панфилов, Сулысай, Сарыарқа, Полигон, Береке, Саябақ, Ынтымақ, Халықтар достығы (2-20 тұрғын үйлер), Құлагер көшелері

Тасқала ауылы, М.Маметова көшесі, 2, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

8

332

Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің сол жағалауы: Ғ.Иржанов, А.Чурилин, Жамбыл, Т.Масин, Б.Төлегенова, Доспамбет жырау, Жеңіс, Б.Жасыбаев, Халықтар достығы (7-45, 22-54 тұрғын үйлер), Б.Саттарханов, Амангелді, Т.Шевченко, С.Ахметкалиев, МТФ, Қ.Омаров, Жерұйық, Ешкітау көшелері, Жігер ауылы

Тасқала ауылы, Жеңіс көшесі, 30, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

9

333

Тасқала ауылы: М.Шамов, А.Скоробогатов, С.Сапаров, Ғ.Жангиров, Ғ.Құрманғалиев, Н.Мусин, А.Құсайынов, Шежін, Ш.Қалдаяқов, Айқын, Кеңөріс көшелері

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 14, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

10

334

Бірлік ауылы

Бірлік ауылы, Бірлік көшесі, 49, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Бірлік жалпы білім беретін негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

11

335

Мереке ауылы, Қалмақ, Карташов, Жайықбай, Есенсай, Бубенцы, Талдықұдық, Дөңбек қыстақтары

Мереке ауылы, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

12

336

Достық ауылы, Қарабура қыстағы

Достық ауылы, Бейбітшілік көшесі, 2, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

13

337

Бастау ауылы

Бастау ауылы, Бастау көшесі, 45, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Бастау жалпы білім беретін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

14

338

Ынтымақ ауылы, Өмірзақ қыстағы

Ынтымақ ауылы, Ынтымақ көшесі, 27, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ынтымақ жалпы білім беретін негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

15

339

Атамекен ауылы, Алмалы, Митрофан, Молочная, Өтеш қыстақтары

Атамекен ауылы, Иманов көшесі, 4, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

16

340

Қалмақшабын ауылы, Аяқ, Қалке, Үштілек, Көлік, Тазгүл, Егізқопа, Новостройка, Жетіқұдық, Волжанка, Қамыстыкөл, 1-Қисықсай, 2-Қисықсай, 3-Қисықсай қыстақтары

Қалмақшабын ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты

17

341

Оян ауылы, Көкшат, Комсомольск, Қойшығұл, Машдвор, Ақүй, Жаңа ауыл, Айкүміс, Баянас, Көкапан, Қызылағаш, Болашақ қыстақтары

Оян ауылы, М.Маметова көшесі, 9, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

18

342

Кеңжайлау ауылы, Аппаз, Жаңа аппаз, Қараой, Жетіқұдық, Ащы, Орысқопа қыстақтары

Кеңжайлау ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты

19

343

Мерей ауылы, Өркен ауылы, Аққайнар ауылы, Нұр, Атамұра, Птичник, Свинарник қыстақтары

Мерей ауылы, Тайманов көшесі, 26, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

20

344

Айнабұлақ ауылы, № 276 разъезд

Айнабұлақ ауылы, Бұлақты көшесі, 15, Тасқала аудандық білім бөлімінің "Айнабұлақ жалпы білім беретін негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

21

346

Тоғайлы ауылы, Широкий, Шорман, Даяр қыстақтары

Тоғайлы ауылы, Диқаншылар көшесі, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

22

347

2-Шежін ауылы, Талды-Бұлақ ауылы, Ермольчево ауылы, Бірлік, Ащы, Жармалай, Көсем, Алмалы сай, Центральная, Майрамкөл, Сад, Жаңаауыл, Тапқан қыстақтары

2-Шежін ауылы, Карменов көшесі, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады