Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтрадағы N 102 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
 

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей федерациясының Үкiметi арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
 

      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасалсын.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
ынтымақтастық туралы
Келісім

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына адалдықты растай отырып,
      екi мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұдан арғы ынтымақтастықты ескере отырып,
      экологиялық бүлiнушiлiк пен апаттардың, табиғи ортаның тозуының алдын алу және шектес аумақтарда экологиялық қауiпсiздіктi қамтамасыз ету үшiн бүгінгі және болашақ ұрпақ алдында өз жауапкершiлiгiн түсiне отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық заңнамасының талаптарын ескере отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптар теңдiк пен өзара тиiмдiлiк негiзiнде тұрақты дамудың қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтiру саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады.

2-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру мақсатында Тараптар құзыреттi органдарды тағайындайды:
      Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi;
      Ресей тарапынан - Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар министрлiгi.
      Құзыреттi органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiне уақтылы ақпарат бередi.

3-бап

      Тараптар ынтымақтастықтың практикалық түрлерiн Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына және экологиялық бағдарламаларына сәйкес бiрлесiп айқындайды.

4-бап

      Тараптардың ынтымақтастығы мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      атмосфералық ауаны ластанудан қорғау;
      су объектiлерiн зерттеу, ұтымды пайдалану, сақтау және ластанудан қорғау;
      қоршаған табиғи ортаны радиациялық ластанудан қорғау;
      биологиялық әртүрлiлiктi сақтау, сирек кездесетiн және жойылу қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерiн, олардың мекен ету ортасын зерделеу және құтқару жөнiндегi жобаларды әзiрлеу және жүзеге асыру;
      топырақты қорғау және жер ресурстарын ұтымды пайдалану;
      ормандарды қорғау, сақтау әрi қалпына келтiру және орман ресурстарын ұтымды пайдалану;
      қоршаған ортаның мониторингi;
      қоршаған ортаның ластануының климатқа әсер етуi;
      қалалар мен елдi мекендерде қоршаған ортаны жақсарту;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық реттеу және басқару мәселелерi;
      табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қорғау мақсатында табиғат пайдалануды реттеудiң экономикалық тетiктерiн әзiрлеу;
      экологиялық тәрбие және бiлiм беру;
      экологиялық сараптаудың, экологиялық болжау мен жобалаудың әдiстемелiк аспектiсi;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтердi және тиiстi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттаманы әзiрлеу;
      өндiрiс пен тұтынудың қауiптi қалдықтарын шекаралас аумақтарда трансшекаралық жылжытуды және орналастыруды реттеу;
      табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      өзара мүдденi бiлдiретiн және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттiк шекарасының екi жағында орналасқан бiрегей және типтiк экожүйенi сақтауды қамтамасыз ету үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жүйесiн дамыту және құру;
      шекаралас аумақтардың табиғи кешендерi мониторингiнiң кiшi жүйелерiн дамыту;
      терiс экологиялық салдарлары бар төтенше жағдайлардың мониторингi мен оларды болжау жүйесiн ұйымдастыру және жүргiзу;
      терiс экологиялық салдарлары бар табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларға ден қою;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде өзара iс-қимыл жасау және қоршаған табиғи ортаға зиянды әсерлердiң алдын алу тәртiбi туралы келiсiмдердi әзiрлеу;
      табиғат қорғау заңнамасын жетiлдiру;
      антропогендi қызметтiң табиғи орта мен климатқа әсерiн төмендету;
      қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормалау, стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы бiрлескен қызметтi жүзеге асыру;
      шекаралас аудандардағы қоршаған ортаның жай-күйiне бiрлескен мониторингті ұйымдастыру;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпарат алмасу.

5-бап

      Тараптар осы Келiсiмдi iске асыру бойынша қызметтi үйлестiру үшiн Қоршаған орта мәселелерi жөнiндегi қазақстан-ресей комиссиясын (бұдан әрi - Комиссия) құрады. Комиссия осы Келiсiмнiң 4-бабында санамаланған бағыттар бойынша белгiлi бiр мерзiмге есептелген Тараптар арасындағы ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi әрi олардың орындалуы бойынша қажеттi ұсынымдар бередi.
      Комиссия өз отырыстарын қажеттiлiгiне қарай Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында кезегiмен жылына бiр реттен кем емес өткiзедi.

6-бап

      Комиссия отырыстарына қатысу үшiн Тараптардың өкiлдерiн iссапарға жiберу кезiнде барлық шығыстарды жiберушi Тарап өтейдi.
      Комиссия отырыстарын ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты шығыстарды қабылдаушы Тарап өтейдi.
      Келiсiм шеңберiнде өткiзiлетiн басқа iс-шаралар Тараптар арасындағы өзара уағдаластық негiзiнде қаржыландырылады.

7-бап

      Ынтымақтастық мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:
      қоршаған ортаны қорғау және жақсарту жөнiндегi нормативтiк-әдiстемелiк құжаттамаларды бiрлесiп әзiрлеу;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-техникалық құжаттамамен және ақпараттармен алмасу;
      зерттеу және оқу мақсатында, консультациялар, тағлымдама өткiзу және тәжiрибе алмасу үшiн ғалымдармен және мамандармен алмасу;
      бiрлескен зерттеу және экспериментальдық жұмыстар жүргiзу, зерттеулердiң және тәжiрибелердiң нәтижелерiмен, сарапшылық қорытындылармен алмасу;
      симпозиумдарды, конференцияларды, көрмелердi, оқу курстарын ұйымдастыру және өткiзу;
      бiрлескен бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру;
      шекаралас аудандарды ғарыштық инспекциялауды қоса алғанда, қоршаған ортаны бiрлесiп инспекциялауды өткізу;
      қоршаған ортаның жай-күйi туралы жыл сайынғы баяндамалармен алмасу.

8-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мақсатында Тараптар ынтымақтастықтың нақты бағдарламаларын қабылдауы мүмкiн.

9-бап

      Ынтымақтастық нәтижелерiн құқықтық қорғау және пайдалану мәселелерi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес және Тараптардың уағдаластығы негiзiнде шешiледi.

10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану кезiнде алынған ынтымақтастық нәтижелерi үшiншi мемлекеттерге, олардың заңды немесе жеке тұлғаларына Тараптардың тек жазбаша келiсуiмен ғана берiлуi мүмкiн.

11-бап

      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

12-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

13-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешетiн болады.

14-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер, Тараптардың ешқайсысы өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы тиiстi бес жылдық кезең аяқталғанға дейiн кемiнде алты ай қалғанда басқа Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, оның қолданылуы келесi бес жылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.

      2004 жылғы "__" _________ ______________ қаласында әрқайсысы
қазақ және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң бiрдей заңдық күшi бар.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының         Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                      Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады