Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегі есеп комитетi мен Пәкстан Ислам Республикасының Жоғары қаржылық бақылау органы арасындағы Тәжiрибе алмасу және ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы 109 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен Пәкстан Ислам Республикасының Жоғары қаржылық бақылау органы арасындағы Тәжiрибе алмасу және ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасына қол қоюға келiсiм берiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен Пәкстан Ислам Республикасының Жоғары қаржылық бақылау органы арасындағы Тәжiрибе алмасу және ынтымақтастық туралы келiсiм

      Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi мен Пәкстан Ислам Республикасының Жоғары қаржылық бақылау органы (бұдан әрi - Тараптар),
      Тараптар арасындағы достық қатынастарды тең құқықты және өзара тиiмдi негiзде одан әрi дамытуға ықпал етуге ниет бiлдiре отырып,
      Халықаралық қаржылық бақылау жоғары органдары ұйымдарының (INTOSAI) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      Тараптар арасындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасы мен Пәкстан Ислам Республикасы арасындағы қатынастарды нығайтуға елеулi үлес қосатынына сенiм бiлдiрiп,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Тараптаp қаржылық бақылау әдiстерi мен рәсiмдерi саласында Тараптар мемлекеттерi арасында тәжiрибе алмасуға ықпал ететiн болады.

2-бап

      Тараптар:
      а) тәжiрибе, ақпарат, жарияланымдармен және зерттеулермен, сондай-ақ қаржылық бақылаудың алдыңғы қатарлы практикасына, әдiстерi мен тәсiлдерiне жататын ақпарат, Тараптар мемлекеттерiнiң қаржылық бақылау органдарының қызметi мен функцияларын реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдермен алмасу;
      б) техникалық сипаттағы бiрлескен конференциялар, семинарлар, коллоквиумдар мен кездесулер өткiзу;
      в) қаржылық бақылау саласында жұмыс iстейтiн мамандармен және қызметкерлермен алмасу жолымен eкі жақты ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдеседi.

3-бап

      Тараптар өзара келiсiм бойынша мемлекеттiк қаржылық бақылаудың қазiргi заманғы жүйесiн енгiзу бойынша жәрдемдесу мақсатында бiр-бiрiне консультациялар мен оқыту нысанында көмек көрсете алады.

4-бап

      Тараптар ресми делегациялармен алмасу жолымен, сондай-ақ INTOSAI сияқты ұйымдар шеңберiнде тығыз өзара iс-қимыл жасау арқылы ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

5-бап

      Қажет болған жағдайда Тараптар осы Келiсiмдi iске асыруға қатысты барлық мәселелер бойынша бiр-бiрiне консультация бередi.

6-бап

      1. Осы Келiсiмде көзделген екi жақты ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      2. Осы Келiсiмде көзделген екi жақты ынтымақтастық Тараптардың қаржылық мүмкiндiктepiнe байланысты жүзеге асырылатын болады. Екi жақты ынтымақтастықты жүзеге асыруға байланысты шығыстарды Тараптар келiсiм бойынша жабатын болады.

7-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

8-бап

      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

9-бап

      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және белгiсiз мерзiмге жасалады. Осы Келiсiм Тараптардың бiреуi екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтатуға өзiнің ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап алты айдан кейiн өзiнің қолданылуын тоқтатады.

      2004 жылы "__" _____________ _________________әрқайсысы қазақ, урду, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердің күшi бiрдей.
      Осы Келісiмнің ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының           Пәкстан Ислам
        Республикалық бюджеттің            Республикасының
      атқарылуын бақылау жөнiндегі         Жоғары қаржылық
        есеп комитеті үшін                 органы үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады