Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 277 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 29, 255-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
      тақырыптағы және 1-тармақтағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiне, iшкi iстер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық атқару жүйесi органдарының қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдарын есептеудiң, бiр жолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесiнде:
      тақырыптағы және кiрiспедегi "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта:
      екiншi, алтыншы, сегiзiншi, тоғызыншы, он екiншi абзацтардағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзацтағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет" деген сөздермен толықтырылсын;
      он екiншi абзацта мемлекеттiк тiлдегi мәтiндегi "есептеледi" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы) органдарындағы, оның iшiндегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердегi жұмыс стажы;
      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгілеген тәртiппен ұлттық қауіпсiздiк органдары әскери қызметшiлерiнiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы есептейтiн әскери қызметке алынғанға дейiнгi еңбек қызметінің стажы";
      2-тармақта:
      "қызметшiлерінің, iшкі істер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Iшкi iстер министрiнiң," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi, Салық полициясы (милициясы) комитетi) төрағасының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi төрағасының," деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшаның он төртiншi абзацындағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) тармақшада:
      үшiншi абзацтағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзацтағы "Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      сегiзiншi абзацтағы "Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшада:
      үшiншi абзацтағы "Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацтағы "Iшкi iстер министрi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің төрағасы," деген сөздермен толықтырылсын;
      он алтыншы абзацтағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      он жетiншi абзацта:
      "Iшкi iстер министрлігі," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) (Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттiгi, Салық полициясы (милициясы) комитетi)," деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі мемлекеттiк комитет" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта "iшкi iстер," деген сөздерден кейін "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әскери қызметшінің немесе басшы және қатардағы құрамның абыройына нұқсан келтiретiн қылық жасағаны не қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты (оның ішiнде шартты сотталуына байланысты) қызметiнен босатылған әскери қызметшілерге, iшкi істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің Мемлекеттiк өртке қарсы қызметi және Әдiлет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесi органдарының әскери қызметшiлерiне, басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бір жолғы жәрдемақы төленбейдi. Сондай-ақ, ішкі істер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттік өртке қарсы қызмет және Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке ауысына байланысты мiндеттi әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерге, iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының осы органдардан мiндеттi әскери қызметке не Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарына есепке алынған басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына мiндеттi әскери қызметке не iшкi iстер, қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарына қызметке ауысуына байланысты есепке алынған Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының басшы және қатардағы құрамының тұлғаларына бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi.";
      11-тармақта "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," және "штаттың қысқаруына" деген сөздерден кейiн ", науқастығына байланысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      12, 13-тармақтардағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы (салық полициясы (милициясы), Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген Ережеге 1-қосымшада:
      тақырыптағы және мәтiндегi "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет," деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген Ережеге 2-қосымшада:
      тақырыптағы, 3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "iшкi iстер," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясы," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енетiн 1-тармақтың оныншы абзацынан басқа, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады