Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 282 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 қыркүйектегі N 1140  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 31, 407-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшерінде:
      "Балықтар, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері" деген бөліміндегі:
      3-бағанда:
      реттік нөмірі 142-жолдағы "7" деген сан "14" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 143-жолдағы "4" деген сан "6" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 144-жолдағы "5" деген сан "10" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 145-жолдағы "3" деген сан "4,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 146-жолдағы "3" деген сан "6" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 147-жолдағы "1,5" деген сан "3" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады