"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының кейбір мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 410 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен "Теңізшевройл" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігі (бұдан әрі - ТШО) мен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алғаны үшiн өтеудi төлеуге қатысты Қарыз туралы шарт және ТШО, "Қазақойл" мен Трансошен Шеврон Компани арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында ақша қаражатын беру туралы сұрау салулар төлеміне қатысты Қарыз туралы шарт бойынша берешекті өтеу бойынша ТШО-ның 2003 жылы бөлген ақша қаражатынан 80000000 (сексен миллион) АҚШ долларын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) иелiгiне жiберiлуiн қамтамасыз етсiн.

      2. Қоғамның ТШО мен "Қазақойл" ҰМК арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасында сатып алғаны үшін өтеудi төлеуге қатысты Қарыз туралы шарт және ТШО, "Қазақойл" мен Трансошен Шеврон Компани арасында жасалған 1993 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасында ақша қаражатын беру туралы сұрау салулар төлеміне қатысты Қарыз туралы шарт бойынша 64506697 (алпыс төрт миллион бес жүз алты мың алты жүз тоқсан жеті) АҚШ долларына баламалы сомаға ТШО-ғa борыштарды талап ету құқықтарын мемлекеттің Қоғамның жарғылық капиталына салымының мөлшерiне заңнамада белгiленген тәртiппен енгiзу туралы ұсынысымен келiсiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитеті осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Г.А.Марченкоға жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады