Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1330 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 452 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 мамырдағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.05.2023 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi N 356 қаулысымен бекiтiлген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5.1.1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Алматы қаласының Бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 19 желтоқсандағы N 1330 қаулысына мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Алматы қаласының Бас жоспарында:

      "Бас жоспарды жүзеге асыру және оның мониторингi" деген 6-бөлiмде:

      "Алматы қаласы Бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері" деген бөлiмшеде:

      реттiк нөмiрi 1.1-жолда:

      "Жылдар бойынша көрсеткіштер": "2005 жыл" деген бағандағы "28,2" деген сандар "31,9" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Жылдар бойынша көрсеткiштер": "2020 жыл" деген бағандағы "28,2" деген сандар "31,9" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) жоғарыда көрсетiлген қаулыға қоса берілген Алматы қаласы Бас жоспарының схемасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2004 жылғы 22 сәуірдегі
N 452 қаулысына қосымша

      Алматы

      Бас жоспары

      (Қазақстан Республикасы Президентінің

      Жарлығы бойынша Алматы қаласының

      шекараларын өзгертуі есепке алынған)

      (қағаз мәтінінен қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады