Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1342 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 485 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан метрология институты Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды (ҚазМетрИн)" құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1342  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      екiншi абзацтағы "мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты субъектiнiң функциясын жүзеге асыратын мемлекеттiк меншiк құқығын" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталық болып анықталсын.";
      2-тармақта:
      үшiншi абзацтағы ", сату және уақытша пайдалануға беру" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртiншi абзацтағы "метрология бойынша оларды тiркеу" деген сөздер "өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мен сертификаттау саласында аккредиттеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "метрология саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;
      шамалар бiрлiктерiнiң мөлшерлерiн мемлекеттiк эталондардан кәсiпорын эталондарына беру;
      өлшемдер бiрлiгін қамтамасыз ету мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету;
      уақыт пен жиiлiктiң, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандартты үлгiлерiнiң, заттар мен материалдардың физикалық константалары және қасиеттерi туралы стандартты анықтамалық деректердiң мемлекеттiк қызметтерiнiң iс-әрекетiне байланысты жұмыстарды жүргiзу.".

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады