"Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің Энергетикадағы сыртқы экономикалық қызметтің республикалық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын тарату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 711 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің Энергетикадағы сыртқы экономикалық қызметтің республикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады