Байланыс формасы

Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 751 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 695 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiліп отырған:
      1) Комиссия құрамы ;
      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. күші жойылды
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.30. N 553 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 9 шiлдедегі
N 751 қаулысымен   
бекiтiлген       

Ақпараттық қауiпсіздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Ақпараттық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру, ақпараттық қауіпсіздiк проблемаларын шешуде тұжырымдамалық көзқарасты қалыптастыру және мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда осы саладағы жұмыстарды үйлестiру мақсатында құрылады.
      2. Өз қызметiнде Комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның мiндеттерi:
      ақпараттық қауiпсiздiктi, мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттеудiң құқықтық, әкiмшiлiк, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
      ақпаратты және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн және өзара iс-қимыл жасасуды үйлестiру мәселелерiн қарау;
      ақпараттық жүйелердi, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның iшiнде олардың сәйкестiгiн растау мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды және мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiне талдау жасау, оның негiзiнде ақпаратты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау;
      ақпараттық қауiпсiздiкке төнетiн қауіп-қатерге қарсы iс-қимыл көрсетуге бағытталған халықаралық шарттарды iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;
      мемлекеттiк бюджет есебiнен жүзеге асырылатын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жоспарлары мен мақсатты бағдарламаларын қарау болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N 432 қаулысымен.
      4. Комиссия жүктелген мiндеттерiне сәйкес:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық ресурстарды, мемлекеттiк құпияларды қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту мен жетiлдiру, ақпарат саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүдделерiн қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу мәселелерi және ақпаратты қорғаудың отандық аппараттық, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарын шығару мен техникалық алып жүрудi қамтамасыз ету үшiн ғылыми-техникалық базаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды анықтау жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      мемлекеттiк ақпараттық ресурстар мен мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру және өзара iс-қимыл жасау мәселелерiн қарайды;
      ақпаратты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың бағыттары бойынша ғылыми, эксперименталдық және өндiрiстiк базаны дамыту жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды қарайды;
      ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы жоспарлар мен бағдарламалардың iске асырылуы барысы туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды;
      елiмiзде ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететiн шарттарды жасауға бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық сипаттағы шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      ақпаратты қорғау жүйесiн алып жүруге және дамытуға байланысты кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң ұсынысын қарайды және осы мәселе жөнiнде Республикалық бюджеттiк комиссияға ұсынымдық сипаттағы қорытындыларды ұсынады;
      ақпараттық қауiпсiздiк саласында кадрлар даярлау жүйесiн жетілдіру жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N 432 қаулысымен.

3. Комиссия құқықтары

      5. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссия:
      мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан оған жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратуға және алуға;
      заңнама талаптарына сәйкес оның құзыретiне жататын мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi шығару, өзгерту немесе күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды қарауға және Қазақстан Республикасының Yкiметiне енгiзуге;
      сараптамалар мен консультациялар өткiзу үшiн мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан тиiстi бағыттағы мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
      оның құзыретіне кiретiн мәселелер жөнiнде ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

4. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      6. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Комиссия отырысында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн iске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады және осы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi орындайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N 432 қаулысымен.
      7. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды, қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттамаларды ресiмдейдi.
      Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N 432 қаулысымен.
      8. Комиссияның жұмыс органы Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
      Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмi атқарады.
      9. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшiлiк дауыс бергендерi қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
      Комиссия мүшелерiнің ерекше пiкiр бiлдiру құқығы бар, ондай болған жағдайда ол жазбаша түрде берiлуге және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуге тиiс.
      Комиссия мәжiлiстерiн өткiзу қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған мiндеттi түрде оның барлық мүшелерi қол қояды.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.05.20. N 432 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 9 шілдедегi
N 751 қаулысымен   
бекiтiлген  

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.06.06. N  545 , өзгерту енгізілді - 2008.12.30. N 1291 , 2009.07.30. N 1158 Қаулыларымен.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері
жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

Әбдірахымов           - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ғабидолла               Кеңсесінің Басшысы, төраға,
Рахматоллаұлы
 

Тәжияқов              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Шамғалиұлы    Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Нұриманов             - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы      қауіпсіздік комитеті төрағасының
                        орынбасары (келісім бойынша), төрағаның
                        орынбасары

Толымбеков            - Қазақстан Республикасы Премьер-
Манат Исенұлы           Министрінің Кеңсесі Мемлекеттік құпияларды
                        қорғау бөлімінің меңгерушісі, төрағаның
                        орынбасары

Айткешұлы             - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бейбітқали              Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды
                        қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
                        хатшы

Қасымбек              - Қазақстан Республикасының Көлік
Жеңіс Махмұдұлы         және коммуникация министрлігінің
                        жауапты хатшысы

Қуанғанов             - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы      министрлігінің жауапты хатшысы

Құсдәулетов           - Қазақстан Республикасының Әділет вице-
Дулат Рашитұлы          министрі

Жошыбаев              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы       министрлігінің жауапты хатшысы

Коржова               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Наталья Артемовна       министрлігінің жауапты хатшысы

Құрманғалиева         - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Жанна Дулатқызы         ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы

Советский             - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Вячеслав Крестьянович   министрлігінің жауапты хатшысы

Шәженова              - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дина Мэлсқызы           бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты
                        хатшысы

Лукин                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
Андрей Иванович         және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                        агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының
                        орынбасары (келісім бойынша)

Тілеубеков            - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ғани Өтеұлы             Әкімшілігі Ақпараттандыру және ақпараттық
                        ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі
                        (келісім бойынша)

Маханбетажиев         - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Батыр Әпенұлы           байланыс агенттігінің жауапты хатшысы

Хисамутдинов          - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Ильдар Ибрагимович      комитетінің Қызметі директорының орынбасары
                        (келісім бойынша)

Байәділов             - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік
Ерғали Мұхаметжанұлы    Кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі
                        (келісім бойынша)

Слободянюк            - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Анатолий Ануфриевич     Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық
                        қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің
                        орынбасары

Оразқұлов             - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қанат Орынтайұлы        Күзет қызметі бастығының орынбасары
                        (келісім бойынша)

Секішев               - Қазақстан Республикасы Бас
Асқар Асанханұлы        прокурорының орынбасары
                        (келісім бойынша)

Қасымов               - Қазақстан Республикасының
Қалмұханбет             Ішкі істер вице-министрі
Нұрмұханбетұлы

Петров                - Қазақстан Республикасының
Валерий Викторович      Төтенше жағдайлар вице-министрі;

Носоновский           - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Геннадий Владимирович   министрлігінің Штабтар бастықтары
                        комитеті төрағасының орынбасары

Сафинов               - Қазақстан Республикасы Энергетика
Қанатбек Бейсенбекұлы   және минералдық ресурстар
                        министрлігінің жауапты хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады