Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 шілдедегі N 772 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 987 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 23 қазандағы  N 987 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2003 жылғы 1 тамыздағы N 776  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 31, 313-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құрамындағы:

      мына:

"Есiмов                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы             Министрінің орынбасары - Қазақстан
                               Республикасының Ауыл шаруашылығы
                               министрi, төраға"

      деген жолдағы "- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi" деген сөздер алынып тасталсын;

      мыналар енгiзiлсiн:

Байсеркин                    - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Сәтжанұлы             Денсаулық сақтау министрлiгi
                               Мемлекеттiк санитарлық-
                               эпидемиологиялық қадағалау
                               комитетінiң төрағасы;

Оглов Вадим Валерьевич       - Қазақстан Республикасының
                               Төтенше жағдайлар жөнiндегi
                               агенттігi төрағасының орынбасары;

      мыналар:
      Меркер Виктор Александрович, Ким Афанасий Григорьевич
шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады