Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының бюджеттерiне бөлiнген кредиттердi қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы N 875 қаулысы

      "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Берілген мынадай:
      1) 2005 жылға 500000000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерiнде 2004 жыл үшiн борыш сомасын ауыстыру жолымен уақытша кассалық алшақтықты жабуға Батыс Қазақстан облысына;
      2) Павлодар облысына:
      2005 жылға 232210988 (екi жүз отыз екi миллион екi жүз он мың тоғыз жүз сексен сегiз) теңге мөлшерiнде 2004 жыл үшiн борыш сомасын ауыстыру жолымен уақытша кассалық алшақтықты жабуға;
      2005 жылға 202089012 (екi жүз екi миллион сексен тоғыз мың он екi) теңге мөлшерiнде 2004 жыл үшiн борыш сомасын ауыстыру жолымен "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк қоғамы, Павлодар облысының әкiмi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi арасында жасалған 2000 жылғы 18 сәуiрдегi және 2000 жылғы 11 қыркүйектегi талап ету құқығын беру шарттары бойынша бюджеттiк кредиттер қайта құрылымдалсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
      1) Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жергiлiктi атқарушы органдарымен қосымша келісiм жасассын;
      2) 1-тармақтың 2) тармақшасында көрсетiлген шарттардың негiзiнде 2004 жылдың бiрiншi жарты жылдығында Павлодар облысының жергiлiктi бюджетi төлеген 180400000 (жүз сексен миллион төрт жүз мың) теңге мөлшерiнде негiзгi борыштың сомасын республикалық бюджеттен қайтаруды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады