Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық океанографиялық комиссиясына кіруі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 956 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:      

      1. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық океанографиялық комиссиясына (бұдан әрі - Комиссия) кіруі туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұсынысына келісім берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Комиссиямен байланыс жасау үшін ұлттық үйлестіруші орган болып тағайындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ЮНЕСКО-ның Бас директорына Қазақстан Республикасының Комиссияға кіруі туралы хабарласын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады