Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының негізгі құралын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы N 1062 қаулысы

      Мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгерімінен ЗГН-4Д/1600А жер снаряды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Республикалық мемлекеттік қазыналық Орал су жолдары кәсіпорынының теңгеріміне берілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады