Маңызды стратегиялық мәні бар қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қарашадағы N 1193 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясы "AIG Capital Partners Inc." және "Tema Real Estate Сошраnу" компанияларымен болған дау бойынша шығарылған Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталықтың 2003 жылғы 7 қазандағы төрелiк шешiмiн мәжбүрлi орындауға жол бермеу мақсатында мемлекеттiң мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар заң қызметтерiн берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген компаниямен заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес заң қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3, 4-тармақтарының орындалуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне "McGuire Woods Kazakhstan" компаниясының заң қызметтерiн көрсетуiне ақы төлеу үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 10000000 (он миллион) теңге бөлiнсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады