Халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығын құрудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 1226 Қаулысы

      Алматы қаласында халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығын құрудың экономикалық орындылығын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне "Алматы қаласында халықаралық (өңiрлiк) қаржы орталығын құру" жобасының техникалық-экономикалық негiздемесiн (бұдан әрi - жобаның ТЭН-i) әзiрлеу бойынша қызметтердi сатып алу мақсатында "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен 132000000 (бiр жүз отыз екi миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. "The Boston Consulting Group Inc." компаниясы сатып алынудың маңызды стратегиялық мәнi бар жобаның TЭH-iн әзiрлеу бойынша қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      3. "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген компаниямен жобаның TЭH-iн әзiрлеу бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес жобаның TЭH-iн әзiрлеу бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы  21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады