Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Ақпараттық-өндiрiстiк орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбiр мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 1317 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.06.30 N 736 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Ақпараттық-өндiрiстiк орталық" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Ақпараттық-өндiрiстiк орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мынадай шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi" деген бөлiм:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 407-2-жолмен толықтырылсын:
      "407-2 "Қазақстан Республикасы
      Әділет министрлiгi Тiркеу
      қызметі комитетiнiң
      Ақпараттық-өндiрiстiк
      орталығы" республикалық
      мемлекеттік кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу
      құқығында)                                  Астана қаласы";
      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі" деген бөлімде:
      реттiк нөмiрi 461-4-жол алынып тасталсын;
      2) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Тiркеу қызметi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 17-жолмен толықтырылсын:
      "17. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі Тiркеу қызметі комитетiнің Ақпараттық-өндiрiстік орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады