Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 маусымдағы N 197з қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1327 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 178-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      реттік нөмірі 6-жолдың 5-бағанында "ксерокс - 90 дана" деген сөздер "ксерокс - 106 дана" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға 185-қосымшада:
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мынадай активтерді: саны 200 дана дербес компьютерлер, 200 дана үздіксіз қоректендіру көздерін, 200 дана принтерлер, 200 дана модемдер сатып алу.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады