Байланыс формасы

Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 105 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы және "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесi;

      2) 2005 жылға арналған көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерінiң бiрегей тұқымының түрлерiне және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салуға арналған субсидиялар нормативтерi;

      3) 2005 жылға арналған сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымының 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтерi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшіне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Mинистрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 105 қаулысымен
бекiтiлген

Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға
қаражат төлеу ережесi
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi - Ауылшарминi) көзделген қаражат есебiнен және соның шегiнде бiрегей тұқым өндiрушiлерге (бұдан әрi - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарына (бұдан әрi - элиттұқымшарлар) тұқым шаруашылығын дамытуға қаражат төлеу (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбiн айқындайды.

      2. Субсидиялар:

      1) бiрегей тұқымдарды және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге;

      2) жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушілер аналығын салуға жiберiлген шығындарды толығымен өтеуге;

      3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын iшiнара арзандатуға арналады.

      3. Осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттары бiрегей тұқымының және жемiс дақылдары көшеттерiнiң нақты өндiрiлген көлемi үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға төленедi.

      4. Бiрегей тұқымдарды және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiрудi субсидиялау Ауылшарминi элиталық тұқым мен көшеттер алу үшін оларды өндiрудiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес бiрегей тұқымның және көбейту жылдары бойынша жемiс дақылдары көшеттерiнiң әрбiр түрiне әр оригинатор үшiн белгiлеген квоталар шеңберiнде жүзеге асырылады.

      5. Осы Ереженiң 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) перспективалық деп танылған жемiс дақылдарының аласа дiңдi,

      телiтушiлер аналығын салу жөнiндегi нақты орындалған iс-шаралар үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған оригинаторларға төленедi.

      6. Жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салу жөнiндегі iс-шараларды субсидиялау Ауылшарминi белгілеген шығыстар сметасы шеңберiнде жүзеге асырылады.

      Әрбiр оригинатор үшiн жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салу алаңын Ауылшарминi көпжылдық екпе ағаштар алаңына телiтушiлерге қажеттiлiгiнiң ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгiлейдi.

      7. Осы Ереженiң 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берiлген және (немесе) Ауылшарминi тұқымның әрбiр түрi бойынша әр облыс үшiн белгілеген квоталар шегiнде перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының элиталық тұқымының отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемi үшiн заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған элиттұқымшарларға төленедi.

      Әрбiр элиттұқымшар үшiн элиталық тұқымның әрбiр түрi бойынша квотаны Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық басқармасы (бұдан әрi - облаумақбасқарма) олардың егістiк алаңына қажеттiлiгiнiң ғылыми негiзделген нормаларына сәйкес белгiлейдi.

      8. Элиттұқымшарлар ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Ауылшарминi белгiлеген шектi бағадан аспайтын баға бойынша сатады.

2. Бiрегей тұқымдарды, жемiс дақылдарының көшеттерiн
өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге және жемiс дақылдарының аласа дiңдi телiтушiлер аналығын салуға жiберiлген шығындарды толығымен өтеуге арналған
субсидияларды төлеу тәртiбi

      9. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң бiрегей тұқымдарын және жемiс дақылдарының көшеттерiн өндiруге жiберiлген шығындарды iшiнара өтеуге субсидиялар алу үшiн:

      1) оригинаторлар тиiсті жылғы 10 қарашаға дейiнгi мерзiмде бекiту үшiн облаумақбасқармаға мынадай құжаттарды:

      оригинатор бірегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң нақты өндiрiлген көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi;

      бiрегей тұқымдарды және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актілерiн;

      бiрегей тұқымдардың егістігін сынақтан өткiзу актілерiн;

      егістiктердi сынақтан өткiзу туралы екi данадағы есептi;

      тексерiлген тұқымның (көшеттердi қоспағанда) саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгіленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын береді.

      Осы тармақшада көрсетiлген құжаттар екi данада берiледi: бipeуi - облаумақбасқарма үшiн, екiншiсi - Ауылшармині үшін;

      2) облаумақбасқарма берілген құжаттардың шынайылығын тексереді, оригинатор нақты өндірген бірегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнің көлемдерi жөнiндегi тiзiлiмдi бекiтедi, облыс бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiнде жиынтық тiзiлiм жасайды және тиiсті жылғы 20 қарашаға дейiнгi мерзiмде көрсетiлген құжаттарды осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттардың түпнұсқаларымен қоса Ауылшарминiне жiбередi.

      Оригинатор нақты өндiрген бірегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнің көлемдерi жөнiндегі бекiтiлген тізілімінің, облыс бойынша өндiрілген бiрегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң және бiрегей тұқымдар мен жемiс дақылдары көшеттерiн өндiру фактiсiн растайтын осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген құжаттардың бiр данасы облаумақбасқармасында сақтауға қалдырылады;

      3) Ауылшарминi берiлген құжаттарды тексередi, солардың негiзiнде республика бойынша бiрегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң нақты өндiрiлген көлемдерi жөнiнде жиынтық тiзiлiм жасайды және белгiленген субсидиялар нормативтерi негiзiнде оригинаторларға тиесiлi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиісті сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшiн Ауылшарминi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндiрiлген бірегей тұқым мен жемiс дақылдары көшеттерi үшiн субсидиялар төлеуге арналған ведомості және ақы төлеу шоттарын бередi;

      4) оригинатор нақты өндiрген бірегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi тізілiмнiң, облыс бойынша нақты өндiрiлген бірегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерінің көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң, республика бойынша нақты өндiрiлген бiрегей тұқымдардың және жемiс дақылдары көшеттерiнiң көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзілiмнің, бірегей тұқымды және жемiс дақылдарының көшеттерiн кiрiске алу актілерiнің, тексерiлген тұқымның саны мен сапасы туралы белгiленген тәртiппен аттестатталған тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхана анықтамасының нысандарын Ауылшарминi белгілейдi.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

      10. Аласа дiңдi телiтушілер аналығын салуға жiберiлген шығындарды толығымен өтеу үшін:

      1) оригинаторлар Ауылшарминiне отырғызу материалын, тыңайтқыштар, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, суармалы суды жеткiзуге қызметтердi сатып алуға арналған шарттардың бiр данасын, сондай-ақ аналықты салу жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттарды бередi;

      2) Ауылшармині жасалған шарттардың және аналықты салу жөнiндегi шығындарды растайтын құжаттардың растығын тексередi және бюджеттiк қаражатты оригинатордың ағымдағы шотына аударады.

      Отырғызу материалын, тыңайтқыштар, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, суармалы суды жеткiзу жөнiндегi қызметтердi сатып алғаннан кейiн және аналықты салу жөнiндегi келтiрiлген шығындар нәтижелерi бойынша оригинатор келесі айдың iшiнде Ауылшарминiне барлық төлем құжаттары мен кiрiске алу актiлерiнiң көшiрмелерiн бередi.

3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған элиталық тұқымның құнын ішiнара арзандатуға
субсидиялар төлеу тәртiбi

      11. Арзандатылған құн бойынша сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң элиталық тұқымына субсидиялар алу үшiн:

      1) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдарды сату фактiсiн растау үшiн мынадай мерзiмдерде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 20 маусымға дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 10 қарашаға дейiн Ауылшарминiнiң аудандық аумақтық басқармасына (бұдан әрi - ауданаумақбасқарма):

      элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегi екi данадағы жиынтық тiзiлiмдi: бiреуi - ауданаумақбасқарма үшiн, екiншiсi - облаумақбасқарма үшiн;

      элиталық тұқымдарды өндiруге арналған бастапқы материалдың шығу тегiн растайтын құжаттарды (өciру питомниктерi, суперэлита және элита егістерiн сынақтан өткiзу актiлерi мен сынақтан өткiзу туралы есептi, ал өсiру питомниктерi тұқымы мен суперэлита сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшiрмесiн);

      тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестiгі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын;

      сатылған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшiрмелерiн;

      сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын ұсынады. Элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: бiрiншi - элиттұқымшар үшiн, екiншi - сатып алушы үшiн, үшiншi - ауданаумақбасқарма үшiн, төртiншi - облаумақбасқарма үшiн;

      2) ауданаумақбасқарма ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерiн түпнұсқаларымен салыстырады және өзiнiң мөрiмен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшiрмелерi, элиталық тұқымның нақты сатылған көлемдерi жөнiндегi жиынтық тiзiлiмнiң бiр данасы және сатып алу-сату шартының бiр данасы ауданаумақбасқармада сақтауға қалдырылады;

      3) ауданаумақбасқарма мынадай мерзiмдерде: жаздық дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 1 шiлдеге дейiн, ал күздiк дақылдар бойынша - тиiстi жылғы 20 қарашаға дейiн облаумақбасқармаға мынадай құжаттарды:

      элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым көлемдерi жөнiндегі жиынтық тiзiлiмдi;

      сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;

      элиталық тұқымды нысаналы пайдалану туралы актiнi;

      тексерiлген тұқымның саны мен сапасының ұлттық стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасын сараптау жөнiндегi зертхананың заңнамада белгiленген тәртiппен аттестатталған анықтамасын бередi;

      4) облаумақбасқарма:

      ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiнде жинақтық актінi жасайды және бекiтедi;

      облыс бойынша элиталық тұқымның нақты сатылған көлемi жөнiнде бекiтiлген жинақтық актiлер бойынша онда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi элиталық тұқымының көлемi мен белгіленген субсидиялар нормативтерi негiзiнде тиесілі бюджеттiк ақшаның көлемiн анықтайды;

      әрбiр элиттұқымшарға белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi жасайды.

      Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша көрсетiлген бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес облаумақбасқарма күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн тиесiлi субсидияларды элитұқымшарлардың есеп-шоттарына аударады. Ай сайын 25-күнiне қарай, бiрақ тиiстi жылғы 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, облаумақбасқарма Ауылшарминiне тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеу үшiн жиынтық ведомостерiнiң көшiрмелерiн, сондай-ақ көрсетілген бюджеттік кiшi бағдарламаны iске асыру туралы eceпті бередi.

      Облаумақбасқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттарды:

      осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқым шаруашылығының дамуына субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомостi;

      ақы төлеуге шоттарды бередi;

      5) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды нысаналы пайдалану актісiнiң, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның көлемi жөнiндегi жиынтық тiзілімнiң, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың көлемi жөнiндегі жиынтық актінiң нысандарын Ауылшарминi бекiтедi.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.

  Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеу epeжесіне
1-қосымша

      Бекітемiн

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      ______________________________

      (аты жөні, қолы, мөрі)

      200__жылғы "__" ____________

      200__жылғы "__"_____- "__" ____ кезеңiнде

      өндiрiлген бiрегей тұқымдар үшін субсидиялар

      төлеуге арналған ведомость

Облыс

атауы

Бiрегей

тұқым

өндiру-

шiнің

атауы

Да-

қыл

Өсiм-

паздық

Бiрегей тұ-

қым өндiру-

дiң жылдық

квотасы

Өндiрiлген бiрегей тұқым-

дарды субсидиялауға нақты

берiлген құжаттар

тонна

сомасы

(тең-

ге)

жыл

басынан

200_ж. "_"__ -

"__"___

кезеңінде

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны









      таблицаның жалғасы

Өндiрiлген бiрегей

тұқымдардың

1 тоннасына арналған субсидиялар

нормативі,

теңге

Жыл

басынан

тиісті

субсидия

сомасы,

теңге

Жыл

басынан

төлен-

гені,

теңге

Тиісті

субсидия

сомасының

қалдығы,

теңге

200_ж. "_"

___________

квота шегінде

төлеуге жата-

тыны, теңге

9

10

11

12

13












      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігінің

      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы

  (аты жөні, қолы)
Тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға қаражат төлеу epeжесіне
2-қосымша

      Бекітемiн

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы вице-министрлігі

      облыстық аумақтық

      басқармасының бастығы

      ______________________________

      (аты жөні, қолы, мөрі)

      200__жылғы "__" ____________

      200__жылғы "__"_____- "__" ____кезеңiнде

      тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар

      төлеудiң жиынтық ведомосі

Облыс

атауы

Элит-

тұқымшар

атауы

Да-

қыл

Сатыл-

ған

күні

Элиталық тұқымды са-

тудың жылдық

квотасы

Квота шегінде

элиталық

тұқымдарды

субсидиялауға

нақты берiлген

құжаттар,

тонна

тонна

сомасы

(тең-

ге)

жыл

басынан

200_ж. "_"____ -

"__"____

кезеңінде

1

2

3

4

5

6

7

8









Жиыны









      таблицаның жалғасы

Сатылған

элиталық

тұқымдардың

1 тоннасына

арналған субсидиялар

нормативі, теңге

Жыл

басынан

тиiстi

субсидия

сомасы, теңге

Жыл

басынан

төлен-

гені,

теңге

Тиісті

субсидия

сомасының

қалдығы,

теңге

200_ж. "_"

___________

квота шегінде

төлеуге жата-

тыны, теңге

9

10

11

12

13












      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігінің

      облыстық аумақтық басқармасы

      құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы

  (аты жөні, қолы)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 105 қаулысымен
бекiтiлген

Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдіктерiнiң
бірегей тұқымдарының түрлеріне және жемiс дақылдарының аласа
дiңдi телiтушілер аналығын салуға 2005 жылға арналған
субсидиялардың нормативтері

N

Өнiмнiң түрi, iс-шаралар

Бiрегей

тұқымның

1 тоннасын

(данасын)

өндiруге,

аласа дiңдi

телiтушілер

аналығын

салуға жi-

берiлген

шығындарды

өтеу пай-

ызы,(дейiн)

Бiр тоннаға

(данаға,

гектарға)

арналған

субсидиялар

нормативi,

теңге

1

2

3

4

Көбейту питомниктерi мен аналық нысандар

1

Жүгерi мен күрiштен басқа,

дәндi және дәндi бұршақты

дақылдар

40

37696

2

Жүгерi

40

227328

3

Күріш

40

52096

4

Күнбағыс

40

281600

5

Басқа майлы дақылдар

40

110592

6

Картоп

40

84864

7

Көпжылдық шөптер:

бұршақты

дәндi


40

40


390528

149888

8

Бiржылдық шөптер

40

38912

9

Қант қызылшасы

40

1442959

10

Мақта

40

144896

11

Көшеттер

40

80

12

Жемiс дақылдарының аласа дiңдi

телiтушiлер аналығын салу

100

1221249

Суперэлита

1

Жүгерi мен күрiштен басқа

дәндi және дәндi бұршақты

дақылдар

40

8246

2

Жүгерi

40

49728

3

Күрiш

40

11024

4

Күнбағыс

40

61600

5

Басқа майлы дақылдар

40

24192

6

Картоп

40

18564

7

Көпжылдық шөптер:

бұршақты

дәндi


40

40


85428

32788

8

Бiржылдық шөптер

40

8512

9

Қант қызылшасы

40

314664

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 4 ақпандағы
N 105 қаулысымен
бекiтiлген

Сатылған ауыл шаруашылығы өсiмдiктерінiң элиталық
тұқымдарының 1 тоннасына 2005 жылға арналған
субсидиялардың нормативтері

N

Өнiмнiң түрi

Бiрегей

тұқымның

1 тоннасы-

ның құнын

арзандату

пайызы,

(дейiн)

Сатылған

элиталық

тұқымның

1 тоннасына

субсидиялар

нормативi,

теңге (дейiн)

1

2

3

4

1

Жүгерi мен күрiштен басқа,

дәндi және дәндi бұршақты

дақылдар

40

13200

2

Жүгерi:

кеш пiсетiн, орташа кеш және

орташа пiсетiн бiрiншi

ұрпақтағы будандар;

ерте пiсетiн бiрiншi ұрпақтағы

будандар


40



40


74000



30000

3

Күріш

40

18560

4

Күнбағыс:

элиталық тұқымдар;

бiрiншi ұрпақтағы будандар


40

40


120000

100000

5

Басқа майлы дақылдар

40

39360

6

Картоп

40

30200

7

Көпжылдық шөптер:

бұршақты

дәндi


40

40


139000

53320

8

Бiржылдық шөптер

40

13880

9

Қант қызылшасы

40

511920

10

Бiрiншi өсiмпаздықты қоса

алғанда, мақта

40

32185


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады