Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 565 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Хьюлетт-Паккард" Интернешнл Трейд БиВи" компаниясы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жедел басқару орталықтарын құру, оларды бiрыңғай жедел-басқару кешенiне бiрiктiру жөнiндегi сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде 1467915000 (бip миллиард төрт жүз алпыс жетi миллион тоғыз жүз он бес мың) теңге сомасына тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрi тиiмдi жұмсау қағидатының сақталуын;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады