Алматы қаласының энергетикалық кешенінің тиесілі жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 653 Қаулысы

      Алматы қаласының энергетикалық кешенінің тиесілі жұмыс істеуін оның объектілерінің стратегиялық мәнін ескере отырып, қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысын электр және жылу энергиясымен жабдықтауда үзілістерге жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) энергетика компаниясы - "Алматы Пауэр Консолидейтед" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - АПК) мүлкін, сондай-ақ бұрын банктік қарыз алу шарттары бойынша кепіл мүлкі ретінде "Қазақстанның Халық банкі" акционерлік қоғамына берілген жылжымайтын мүлік объектілері - "Қазақстан" және "Алматы" қонақ үйлерінің ғимараттарын сатып алу жөніндегі шараларды қабылдасын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі тиісті, оның ішінде заңнаманың талаптарына сәйкес осы қаулының 1-тармағынан туындайтын мәмілелерді келісу жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен сатып алынған мүлікті тиімді пайдалану, үздіксіз өндірістік циклді қамтамасыз ету және алдағы жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ салық берешегін және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу үшін Алматы қаласының энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасын Қоғаммен келіссін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады