Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2014.11.13 № 1196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерiнде:
мәтiндегi "милиция" деген сөз "полиция" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмде:
1.2-тармақтың қырық бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"реттеушi - жолдағы қозғалысты басқару жөнiндегi реттеу iс-әрекеттерiн орындауға уәкiлеттi, тиiстi куәлiгi мен керек-жарағы (нысандық киiмi немесе айырым белгiсi - қарына тағатын байлауышы, ала таяғы, қызыл белгісi не жарық қайтарғышы бар дискiсi, қызыл шам немесе жалауша) бар iшкi iстер органдарының (полицияның), әскери автомобиль полициясының қызметкерi немесе жол-коменданттық бөлiмшенiң әскери қызметшiсi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң (бұдан әрi - Көлiктiк бақылау комитетi) қызметкерi, жол-пайдалану қызметiнiң қызметкерi, темiр жол өткелiндегi, паром өтпесiндегi кезекшi;";
"Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi" деген 2-бөлiмде:
2.1.1-тармақта:
екінші және сегізінші абзацтардағы "уақытша рұқсат" деген сөздер "жүргізуші куәлігінің орнына берілген куәлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі;";
2.3.1-тармақтағы "техникалық" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2.3.3-1-тармақпен толықтырылсын:
"2.3.3-1. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде белгiленген жағдайларда Ережелердi бiлуiн тексеруден өту.";
2.3.5-тармақта:
екiншi абзацтағы "iшкi iстер органдарының жасақшылары мен штаттан тыс қызметкерлерiне" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзац "iшкi iстер органдары" деген сөздерден кейiн ", Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi" деген сөздермен толықтырылсын;
2.5-тармақтың төртiншi абзацындағы "немесе тергеу органдары" деген сөздер алынып тасталсын;
2.6-тармақ "жақын жердегi" деген сөздерден кейiн "жол полициясы" деген сөздермен толықтырылсын;
2.7.2-тармақтағы "Техникалық" деген сөз алынып тасталсын;
2.7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2.7.3. Иесi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралын пайдалануға.";
мынадай мазмұндағы 2.7.3-1-тармақпен толықтырылсын:
"2.7.3-1. Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi болмаған немесе олар тiркеу құжаттарына сәйкес келмеген жағдайларда көлiк құралын пайдалануға.";
2.7.4-тармақ "жүргiзушiнiң куәлiгi" деген сөздерден кейiн "(жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген куәлiк және жүргiзушiнiң жеке басын куәландыратын құжат)" деген сөздермен толықтырылсын;
2.7.5-тармақтағы "тыйым салынады" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 2.7.6-тармақпен толықтырылсын:
"2.7.6. Жүрiс бөлiгiне қоқыс, қозғалыс үшiн қауiп туғызатын заттар лақтыруға тыйым салынады. Бұл талап жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қойылады.";
2.8-тармақтың екiншi абзацы "басқа да ақаулар" деген сөздерден кейiн "және жағдайлар" деген сөздермен толықтырылсын;
"Жаяу жүргiншiлердiң мiндеттерi" деген 3-бөлiмнiң 3.6-тармағындағы "реттеушiнiң" деген сөз "бағдаршамның (реттеушiнiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдаршамның және реттеушiнiң сигналдары" деген 5-бөлiмде:
5.3-тармақ "немесе" деген сөзден кейiн "бip мезгiлде ысқырып сигнал бере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
5.6-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимi жасыл сигналдың тiкелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтiн жағдайларда, шұғыл тежеуге жүгiнбей тоқтата алмайтын жүргiзушiлерге Ереженiң 5.5-тармағында белгiленген жерлерде әрi қарай қозғалуға рұқсат етiледi.";
екiншi абзацтағы "Сигнал берiлген" деген сөздер "Реттеушi қолын көтерген немесе сары сигнал жанған" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Арнаулы сигналдарды қолдамау" деген 6-бөлiмде:
6.1-тармақта:
екiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қарулы Күштерi әскери автомобиль полициясының және жол полициясының көлiк құралдарында олар басқа көлiк құралдарын бiрге алып жүрген кезде көк түстi жарқылдауық маякқа қоса, қызыл түстi жарқылдауық маяк iске қосылуы мүмкiн.";
6.4-тармақтағы "3.17.2" деген сандардан кейiн ", 3.20" деген сандармен толықтырылсын;
"Маневр жасау" деген 8-бөлiмнiң 8.2-тармағының бiрiншi абзацы "артқы жүрiс шамын жағумен" деген сөздерден кейiн "және авариялық сигнализацияны қосумен" деген сөздермен толықтырылсын;
"Көлiк құралдарының жүрiс бөлiктерiнде орналасуы" деген 9-бөлiмде:
9.10-тармақтағы "ол тежеу жасаған кезде" деген сөздер алынып тасталсын;
9.11-тармақтағы "Елдi мекендерден тыс жолдарда жылдамдығын 40 км/сағ. асырмауы тиiс болатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi" деген сөздер "Елдi мекендерден тыс жерде екi жолағы бaр екi жақты қозғалысты жолдарда олар үшiн жылдамдыққа шектеу белгiленген көлiк құралдарының, сондай-ақ ұзындығы 7 м-ден асатын көлiк құралдарының (көлiк құралдары құрамының) жүргізушілерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9.12-тармақпен толықтырылсын:
"9.12. Екi жақты қозғалысты жолдарда жүрiс бөлiгінiң ортасында орналасқан қауiпсiздiк аралдарының бөлу жолағы, тумбалар және жол құрылыстарының элементтерi (көпір тiректерi, жол өткiзгiштерi және сол сияқтылар) болмаған кезде, егер белгiлер мен таңба өзгеше нұсқамаса, жүргiзушi оң жағынан айналып өтуге мiндеттi.";
"Аялдама және тұрақ" деген 12-бөлiмнiң 12.4-тармағының жетiншi абзацындағы "5" деген сан "15" деген сандармен ауыстырылсын;
"Көше қиылысын өту" деген 13-бөлiмнiң 13.11-тармағы "жақындап қалған" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде кейiн қарай бұрылуды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;
"Сыртқы жарықтандыру приборларын және дыбыстық сигналдарын пайдалану" деген 19-бөлiмде:
19.1-тармақтың екiншi абзацы "мен мопедтерге -" деген сөздерден кейiн "габариттiк шамдар мен" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 19.5-1-тармақпен толықтырылсын:
"19.5-1. Тұманға қарсы фарлар алыс және (немесе) жақын жарық фарларының қосылғанына қарамастан, габариттiк шамдар қосылған кезде қосылуы тиiс.";
19.10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19.10. Сарғыш қызыл немесе сары түстi жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе ұстау, бұзылған, жарамсыз және өзге де көлiк құралдарын тиеу және тасымалдау жөнiндегi жұмыстарды орындау кезiнде көлiк құралдарында; ауыр салмақты, iрi көлемдi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде көлiк құралдарында; ауыр салмақты, iрi көлемдi және қауiптi жүктердiң тасымалдарына ілесіп жүретiн көлiк құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда қосылуы тиiс.";
"Жүк тасымалдау" деген 23-бөлiмде:
23.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23.1. Жүк тасымалдау осы мақсатқа арналған көлiк құралдарымен және көлiк құралдарының құрамдарымен жүзеге ысырылуы тиiс.
Автобустарда қол жүгiн қоятын бөлiмшеден тыс орында жүктi, оның iшiнде қол жүгiн тасымалдауға тыйым салынады.";
23.6-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ауыр салмақты, iрi көлемдi және қауiптi жүктерді тасымалдау, жүкпен немесе жүксiз көлемдiк өлшемi енi бойынша - 2,55 м-ден (2,6 м - изотермиялық қораптар үшiн), жүрiс бөлiгiнiң бетiнен биiктiгi бойынша - 4 м-ден, автопоездың (бiр тiркемені қоса алғанда) ұзындығы бойынша - 20 м-ден асатын не көлiк құралының көлемiнен 2 м-ден астам артқа шығып тұратын жүгi бар көлiк құралының қозғалысы, сондай-ақ екi және одан көп тiркемелерi бар автопоездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн арнайы ережелерге сәйкес орындалуы тиiс.";
1-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Жол белгiлерi* (ҚР СТ 1125-2002 және 23457-86 ГОСТ-ы бойынша)";
"Ескерту белгiлерi" деген 1-бөлiмде:
сiлтемедегi "10807-78 ГОСТ-ына" деген сөздер "ҚР СТ 1125-2002-гe" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Teгic емес жол" деген 1.16-тармақтан кейiн мынадай мазмұндағы 1.16.1-тармақпен толықтырылсын:
"1.16.1 "Жасанды ойлы-қырлылық".";
мынадай мазмұндағы 1.31.4, 1.31.5 1.32.1, 1.32.2 және 1.32.3-тармақтармен толықтырылсын:
"1.31.4, 1.31.5 "Бұрылыстың бағыты".
1.32.1, 1.32.2 және 1.32.3 "Кедергiнi айналып өту".";
"Тыйым салатын белгiлер" деген 3-бөлiмнiң 3.7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3.7 "Тiркемелi көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады".";
"Алдын ала жазылатын белгiлер" деген 4-бөлiмнiң 4.9-тармағындағы "4.9.1 - солға, 4.9.2 - тiке, 4.9.3 - оңға" деген сөздер "4.9.1 - оңға, 4.9.2 - солға, 4.9.3 - тiке" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Сервис белгiлерi" деген 6-бөлiмде:
6.12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6.12 "Жол полициясы бекетi".";
мынадай мазмұндағы 6.13-тармақпен толықтырылсын:
"6.13 "Көлiктiк бақылау бекетi".";
"Қосымша ақпарат белгiлерi (табличкалар)" деген 7-бөлiмнiң 7.11-тармағындағы "рұқсат етiлген барынша жоғары" деген сөздер "толық" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерінде:
2-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелер "Транзит" деген тiркеу белгiсiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде жол полициясында тiркелуi тиiс.";
8-тармақтың сегiзiншi абзацындағы "ТУ-7100 ҚР 39044189-HПO-01-2001" деген сөздер "ҚР СТ ГОСТ P 41.104-2001" деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"олардың құрамында жүруге арналмаған тiркемелi автомобильдерге;";
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"иелерi заңнамада белгiленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған көлiк құралдарына;";
алтыншы абзацтағы "Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының" және "Мемлекеттiк автомобиль инспекциясымен" деген сөздер тиiсiнше "Жол полициясының" және "жол полициясымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы "ТУ-7100 ҚР 39044189-НПО-01-2001 талаптарына сай" деген сөздер алынып тасталсын;
14-тармақтың екінші абзацындағы "өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырмаған" деген сөздер "заңнамада белгіленген жағдайларда көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын және/немесе жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасамаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Мемлекеттiк автомобиль инспекциясымен" деген сөздер "жол полициясымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
қосымшада:
кiрiспедегi "Автокөлiк құралдары. Қозғалыс қауiпсiздiгi шарттары бойынша техникалық жай-күйiне қойылатын талаптар. Тексеру әдiстерi" 25478-91 ГOCТ-пен" деген сөздер "Автокөлiктiк құралдары. Техникалық жай-күйiне қойылатын қауiпсiздiк талаптары және тексеру әдiстерi" СТ ҚР P51709-2003-пен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Тежеу жүйелерi" деген 1-бөлiмнiң 1.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1.1. Жол сынаулары кезiнде жұмысшы тежеу жүйесiмен тежеу тиiмдiлiгiнiң кестеде келтiрiлген нормалары сақталмайды:
Кесте
Көлiк құралдары |
Көлiк құралының (автопоезд құрамындағы тартқыштың) санаты |
Тежеу жолы, м, көп емес |
Белгіленген бәсеңдету м/с 2 , кем емес |
Жолаушылар және жүкжолаушы автомобильдерi |
M 1 * |
14,7 |
5,8 |
M 2 , M 3 |
18,3 |
5,0 |
|
Тiркемесi бар жеңiл автомобильдер |
M 1 |
14,7 |
5,8 |
Жүк автомобильдерi |
N 1 , N 2 , N 3 |
18,3 |
5,0 |
Тiркемесi бар жүк автомобильдерi (жартылай тiркемесi бар) |
N 1 , N 2 , N 3 |
19,5 |
5,0 |
Ескертпе.
1. Сынақ тегiс, құрғақ, таза цемент немесе асфальт-бетон төселген жолдың көлденең учаскесiнде, тежеу басталғанда автомобильдер, автобустар және автопоездар үшiн - 40 км/сағ. және мотоциклдер мен мопедтер үшiн - 30 км/сағ. жылдамдықпен өткiзiледi. Көлiк құралдарын жұмысшы тежеу жүйесiн басқару органына бiр рет әсер ету жолымен сынайды. Сынақтар кезiнде көлiк құралының массасы рұқсат етiлген ең жоғары массадан аспауы тиiс.
2. Көлiк құралдары жұмысшы тежеу жүйесiнiң тиiмдiлiгi ҚР СТ P51709-2003-ке сәйкес басқа көрсеткiштер бойынша да бағалануы мүмкін.
3. "*" Осы жерде және бұдан әрi көлiк құралдарының санаты ҚР CТ P51709-2003-ке А-қосымшада көрсетiледi.";
"Рульдiк басқару" деген 2-бөлiмнiң 2.1-тармағындағы ескертпе алынып тасталсын;
"Сыртқы жарықтандыру приборлары" деген 3-бөлiмнiң 3.2-тармағындағы "ГOCTa 25478-91" деген сөздер "ҚР СТ P51709-2003" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Дөңгелектер мен шиналар" деген 5-бөлiмде:
5.5 және 5.6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5.5. Көлiк құралдарының бiр осiне әр түрлi мөлшердегi, конструкциядағы (радиальды, диагональды, камералы, камерасыз), үлгiдегi, протекторының түрлi суретi бар, тиектелген және тиектелмеген, аязға төзiмдi және аязға төзiмсiз, жаңа және қалпына келтiрген шиналар орнатылған.
5.6. Қалааралық автобустың (II** сынып) және алыс сапарға шығатын автобустың (III сынып) алдыңғы осiне қалпына келтiрiлген протекторлы шиналар, ал басқа остерiне екiншi сыныпты жөндеу бойынша қалпына келтiрiлген шиналар орнатылған.
Ескертпе: "**" Осы жерде және бұдан әрi автобустардың сыныптары ҚР CT P51709-2003-ке А-қосымшада көрсетiлген.";
5.7-тармақтағы "автобустың (қалааралық емес)" деген сөздер "қалалық автобустың (І сынып)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Двигатель" деген 6-бөлiмде:
6.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6.1. Шығарылған газдардың құрамындағы зиянды заттар және олардың түтiндiлiгі 17.2.2.03-87 ГОСТ-та, 17.2.2.06-99 ГОСТ-та және 21393-75 ГОСТ-та белгiленген нормалардан асып түседi.";
мынадай мазмұндағы 6.4-тармақпен толықтырылсын:
"6.4. Картердi желдету жүйесiнiң герметикалығы бұзылған.";
"Құрылымның басқа да элементтерi" деген 7-бөлiмде:
7.1-тармақтағы "айналысының, әйнегінің" деген сөздер "айнасы жоқ немесе олардың жиынтығы ҚР СТ Р51709-2003-те белгіленген талаптарға сәйкес келмейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7.1-1-тармақпен толықтырылсын:
"7.1-1. Көлік құралының конструкциясында көзделген әйнегі және күнге қарсы күнқағарлары жоқ.";
7.2-тармақтағы "көлiк құралының конструкциясында көзделмеген" деген сөздер "негiзгi жиiлiкпен өзгерiп отыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;
7.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.3. Жүргiзушi отырған жерден көрудi шектейтiн, жол қозғалысына қатысушылардың жарақат алу қаупiн тудыратын қосымша заттар орнатылған.
Механикалық көлiк құралы кабинасының желқағар және алдыңғы бүйiрiндегi әйнектерiне жабу, оның iшiнде түрлi-түстi мөлдiр пленкалар жапсырылған.
Ескертпе. Желқағар әйнегiнiң жоғары бөлiгiне - енi 140 мм-ден аспайтын, ал М 3 , N 2 , N 3 санаттарындағы автокөлiк құралдарына енi желқағар әйнегiнiң жоғары шегi мен оның әйнек тазалағышпен тазалау аймағының жоғары шекарасы арасындағы ең аз аралықтан аспайтын түрлі-түсті мөлдiр пленка жолағын пайдалануға рұқсат етiледi. Автобустардың терезелерiне пердешелер, сондай-ақ жеңiл автомобильдердiң артқы әйнектерiне жалюздер және пердешелер қолдануға рұқсат етiледi.";
7.5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.5. Конструкцияда белгiленген тәртiппен көзделген қорап немесе кабина есiктерiнiң құлыптары, жүк платформасы борттарының тиектерi, цистерналар аузының тиектерi мен отын бактарының тығындары, жүргiзушi және жолаушылар отырғыштарын реттейтiн және бекiтетiн тетiк, есiктердiң авариялық ажыратқышы мен автобустағы тоқтатуды талап ету сигналы, автобустың авариялық жағдайда шығатын есiктерi мен оларды iске қосу құрылғылары, автобустың салонын iштен жарықтандыру аспаптары, есiктердi басқару жетегi және олардың жұмыс iстеу сигнализациясы, спидометр, тахограф, көлiктi айдап әкетуге қарсы құрылғылар, әйнектi жылыту және үрлеу құрылғылары жұмыс iстемейдi.";
7.8-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"рұқсат етiлген ең үлкен салмағы 3,5 т-дан асатын жүк автомобильдерiнде және автобустарда кейiн кетуге қарсы тiреуiштердiң (кемiнде екi);";
7.16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7.16. Жол полициясының рұқсатынсыз көлiк құралдарын қайта жабдықтау жүргiзiлген.
Ескертпе: көлiк құралдарын қайта жабдықтау (конструкциясын өзгерту) - көлiк құралының конструкциясында көзделген жол қозғалысының қауiпсiздiгiне әсер ететiн құрамдас бөлiктер мен жабдықтау заттарын алып тастау немесе көзделмегендерiн орнату.";
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiнде:
4-тармақтағы "жөнiндегi комитетiнiң" деген сөздер "министрлiгiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери автомобиль полициясы.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі