Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 қарашадағы N 1104 Қаулысы

      "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы  N 1405  және "Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттік сатып алу туралы" 2005 жылғы 22 маусымдағы N 605 қбү қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгіне саны 11 бiрлiк арнайы автокөлiкті әуе көлiгiмен жеткiзу үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен валюта айырбастаудың берілетiн күнгi нарықтық бағамы бойынша 380800 (үш жүз сексен мың сегіз жүз) АҚШ долларына баламалы сомада қаражат бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады