"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы N 1136 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы Заңының жобасы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы"

       1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:

      1) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 268 Азаматтық  кодексіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша)):
      42-баптың 1-тармағының бiрінші сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тіркеуден өтуге тиiс.";

      2) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу  кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 1999 жылғы 22 шілдедегi N 156-165 "Егемен Қазақстан"):
      28-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары арасындағы даулар жөнiндегі iстердi, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығына қатысушыларға талап қою жөнiндегі iстердi, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы органдарының лауазымды тұлғаларының заңға қайшы әрекеттерiне талап қою жөнiндегi және олардың шешiмдерiне дау айту туралы iстердi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының соты қарайды.";

      3) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының N 155  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; 2001 жылғы 13 ақпандағы N 31-34 "Егемен Қазақстан"; 2001 жылғы 21 ақпандағы N 9-10; 2001 жылғы 28 ақпандағы N 11-12 "Юридическая газета"):
      538-баптың 1) тармақшасы "соттардың" деген сөзден кейiн ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы сотының" деген сөздермен толықтырылсын;
      541-баптың 1-тармағы "судьялары" деген сөзден кейiн ", ал Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына және олардың лауазымды адамдарына қатысты Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы сотының судьялары" деген сөздермен толықтырылсын;
      550-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігі қарайды.";

      4) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2001 жылғы 20 маусымдағы N 123-126 "Егемен Қазақстан"; 2001 жылғы 27 маусымдағы N 29 "Юридическая газета"):
      91-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1), 3-1) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
      3-1) борыштық бағалы қағаздар азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген борыштық бағалы қағаздарды өткiзген кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыс;
      11) Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушы ұйымының қаржы қызметтерiн көрсетуден алған табысы.
      Осы тармақшада көрсетiлген қаржы қызметтерiнiң тiзбесi Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы заңнамалық актіде айқындалады.";

      124-баптың 2-тармағының бiрiншi және екiншi абзацтары "мен облигацияларды" деген сөздерден кейiн "және азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      131-баптың 1-1-тармағы 3) тармақшадағы "дивидендтер" деген сөзден кейін ";" белгісi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар.";

      144-бап мынадай мазмұндағы 4-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;
      13-1) азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегі құн өсiмiнен түскен табыс;";

      178-баптың 3) тармақшасы "үлесiн өткiзу" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "резидент еместер шығарған және Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды өткiзу;";

      179-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;";

      183-баптың 1-тармағы "мен облигацияларды" деген сөздерден кейiн "және азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      187-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтердi, сыйақыларды;";

      190-баптың 1-тармағының үшiншi абзацы "мен облигацияларды" деген сөздерден кейiн "және азаматтық-құқықтық мәмiлелер Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жiберiлген бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын";
      мынадай мазмұндағы 517-1-баппен толықтырылсын:

      "517-1-бап. Қаржы Орталығының қатысушыларын салықтық бақылау

      Қаржы Орталығының қатысушыларын салықтық бақылауды аудиторлық есеппен расталатын салықтық есептiлiк негiзiнде ғана салық органдары жүзеге асыруы мүмкiн. Аудиторлық компаниялардың тiзбесiн Қаржы Орталығының Әкiмшiлігі айқындайды.";

      520-1-баптың 1-1-тармағының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғалар бойынша хабарлама нысанын және оны статистика жөнiндегі уәкiлеттi органның табыс ету тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк органмен және статистика жөнiндегі уәкiлетті органмен келiсiм бойынша Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкiмшілiгі бекiтедi.
      Салық төлеушiнiң куәлiгiн тiркелген заңды тұлғаға, филиалға және өкiлдiкке салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берген күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде беру үшiн оны салық органы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен келiсiм бойынша уәкілеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен әділет органына, ал Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы - салық төлеушiге беру үшiн Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігімен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшiлiгiне жiберуге тиiс.";

      5) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi eceптiк тiркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 35-құжат):

      4-бап "органдары" деген сөзден кейiн ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшiлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;

      6-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны тiркеу үшiн тiркеушi органға Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкімшілігі белгiлеген нысан бойынша өтiнiш берiледi.
      Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi әдiлет органдары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшiлiгi жiберген хабарламалар негізінде бiрыңғай Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзеді.";

      9-бап мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешіктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.";

      13-бап мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) жүргiзiлгенi туралы хабарлама нысанын және оны мемлекеттiк статистика органдарына табыс ету тәртiбiн уәкілетті мемлекеттік статистика органымен келiсiм бойынша Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкiмшілігі бекiтедi.";

      6) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат):
      1-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы Заңда Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құруға және оның жұмыс iстеуiне байланысты қатынастар реттелмейдi.";

      7) "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат):
      10-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы ағылшын тiлiнде жүргізуге құқылы.";
      15-баптың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушылары мәмілелерді ағылшын тiлiнде жасауға құқылы.";

      8) "Нормативтік құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 2-3, 25-құжат):
      3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
      "7-2) Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығының Әкiмшiлігі басшысының нормативтік құқықтық актілерi.";
      4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігі басшысының нормативтік құқықтық актiлерi" деген сөздермен толықтырылсын;
      36-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы "әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешімдерi" деген сөздерден кейiн ", Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының Әкiмшілігі басшысының нормативтiк құқықтық актiлерi" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 1999 жылғы 14 желтоқсандағы N 273 "Егемен Қазақстан"):
      102-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының осы Заңды және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауын бақылауды орталықтың атқарушы органының мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.";
      12-тарау мынадай мазмұндағы 104-1-баппен толықтырылсын:

      "104-1-бап. Орталықтың атқарушы органының мемлекеттiк еңбек
                  инспекторларының міндеттері

      Орталықтың атқарушы органының еңбек туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
      1) өз құзыретi шегiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органды еңбек заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы хабардар етуге;
      2) еңбек жөнiндегі уәкiлетті орган белгілеген нысанға сәйкес еңбек туралы заңнама талаптарының орындалу жайы туралы ақпаратты жүргізуге және оны тоқсан сайын еңбек жөнiндегі уәкiлеттi органға табыс етуге міндеттi.";

      10) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 25-26 "Казахстанская правда" 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 5 "Юридическая газета"):
      11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Осы Заңның шетелдiк жұмыс күшiн квоталау және оны тартуға рұқсат беру туралы нормалары Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығында басшы лауазымдарда жұмыс iстейтiн шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға және заңнамада белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар кәсiптiк жоғары және орта бiлiмдi мамандарға қолданылмайды.";
      22-бап мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы (бұдан әрi - Орталық) қатысушыларының осы Заңды және халықты жұмыспен қамту туралы өзге де нормативтік құқықтық актiлердi сақтауын бақылауды Орталықтың атқарушы органының мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.";

      11) "Әдiлет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 6, 67-құжат; 2002 жылғы 27 наурыздағы N 67 "Егемен Қазақстан"):
      18-баптың 2) тармақшасы "заңды тұлғаларды" деген сөздердiң алдынан "Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      12) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат; 2002 жылғы 24 мамырдағы N 114-115 "Егемен Қазақстан"):
      27-1-баптың 1-тармағының 30) тармақшасындағы "қызметтердi сатып алуы" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
      "31) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы Әкiмшiлiгінiң Халықаралық Кеңесi мүшелерiнiң қызметтерiн қоса алғанда, Алматы қаласының өңiрлік қаржы орталығы Әкiмшілiгiнiң консалтингтiк қызметтердi сaтып aлуы.";

      13) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 14, 119-құжат; 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 199-200 "Казахстанская правда"):
      1-бапта:
      63) тармақша "трансфер-агентті" деген сөздерден кейiн "және Алматы қаласы өңiрлік қаржы орталығының (бұдан әрi - Қаржы Орталығы) аумағында құрылған брокердi және (немесе) дилердi" деген сөздермен толықтырылсын;
      74) тармақша "сәйкес" деген сөзден кейiн "және (немесе) Қаржы Орталығы Әкiмшiлігінiң бұйрығына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      54-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақ Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi тiркеген өтінiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкер лауазымын иеленуге үмiткер тұлғаларға қолданылмайды. Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi тiркеген өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерi лауазымын иелену шарттарын уәкілеттi орган белгілейдi.";
      2-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi тiркеген өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
      3-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қаржы Орталығының Әкiмшілiгі тiркеген өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) басшы қызметкерiнiң кандидатурасын келiсу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейді.";

      89-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қаржы құралдарын Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тiзiмiне қосу және одан алып тастау шарттары мен тәртібiн Қаржы Орталығының Әкiмшілiгі басшысының бұйрығымен белгiленедi және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын peттeу және қадағалау жөнiндегі уәкiлетті органмен келісiледі.";
      3-тармақ "қор биржасы" деген сөздерден кейiн "және/немесе Қаржы Орталығының Әкiмшiлiгi" деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтағы "Қор" деген сөз "Бағалы қағаздардың Қаржы Орталығындағы айналысын қоспағанда, қор" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) "Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы" 2004 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 528; 2004 жылғы 12 наурыздағы N 57-58 "Егемен Қазақстан"):
      28-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы бапта аталған мемлекеттік еңбек инспекторларының мiндеттерiнен басқа, Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының атқарушы органының мемлекеттік еңбек инспекторлары:
      1) еңбек жөнiндегі уәкілеттi органды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңнаманы бұзу фактiлерi туралы хабардар етуге;
      2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысанға сәйкес еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнама талаптарының орындалу жайы туралы ақпаратты жүргiзуге және оны тоқсан сайын еңбек жөнiндегi уәкiлетті органға табыс етуге мiндеттi.";

      15) "Аралық соттар туралы" 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 24, 151-құжат; 2004 жылғы 6 қаңтардағы N 2 "Егемен Қазақстан"):
      5-баптың 4-тармағы "Қазақстан" деген сөздiң алдынан "заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

       2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiлетiн 4-тармақты қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам создания регионального финансового центра города Алматы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 ноября 2005 года N 1136

      Правительство Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам создания регионального финансового центра города Алматы".

       Премьер-Министр
   Республики Казахстан

Проект Закона Республики Казахстан "О внесении дополнений и изменений в некоторые законодательные акты
Республики Казахстан по вопросам создания регионального
финансового центра города Алматы"

       Статья 1. Внести дополнения и изменения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1) Гражданский  кодекс Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года N 268 (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1994 г., N 23-24 (приложение):
      предложение 1 пункта 1 статьи 42 после слов "в органах юстиции" дополнить словами "за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами.".

      2) Гражданский процессуальный  кодекс Республики Казахстан от 13 июля 1999 г. N 411 (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., N 18, ст. 644; "Казахстанская правда" от 27 июля 1999 г. - 30 июля 1999 г.):
      статью 28 дополнить пунктом 3 следующего содержания:
      "3. Дела по спорам между участниками регионального финансового центра города Алматы, дела по искам к участникам регионального финансового центра города Алматы, дела по искам участников регионального финансового центра города Алматы на неправомерные действия должностных лиц органов регионального финансового центра города Алматы и об оспаривании их решений, рассматриваются судом регионального финансового центра города Алматы.".

      3)  Кодекс Республики Казахстан от 30 января 2001 года N 155 "Об административных правонарушениях" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 5-6, ст. 24; "Казахстанская правда" от 13 февраля 2001 г. N 40-41; от 14 февраля 2001 г., N 42-43; от 15 февраля 2001 г. N 44-45; "Юридическая газета" от 21 февраля 2001 г. N 9-10; от 28 февраля 2001 г. N 11-12):
      подпункт 1 статьи 538 дополнить словами "суда регионального финансового центра города Алматы";
      пункт 1 статьи 541 после слова "судов" дополнить словами "а в отношении участников регионального финансового центра города Алматы и их должностных лиц - судьи суда регионального финансового центра города Алматы";
      статью 550 дополнить пунктом 3 следующего содержания:
      "3. Дела об административных правонарушениях, указанных в пункте 1 настоящей статьи в отношении участников регионального финансового центра города Алматы, рассматриваются Администрацией регионального финансового центра города Алматы.".

      4)  Кодекс Республики Казахстан от 12 июня 2001 г. "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 11-12, ст. 168; "Казахстанская правда" от 20 июня 2001 года N 146; "Юридическая газета" от 27 июня 2001 года N 29):
      пункт 1 статьи 91 дополнить подпунктами 1-1), 3-1) и 11) следующего содержания:
      "1-1) дивиденды, вознаграждения по долговым ценным бумагам, приобретенным на специальной торговой площадке регионального финансового центра города Алматы;
      3-1) доход от прироста стоимости при реализации долговых ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы, в случае совершения гражданско-правовых сделок с ними на данной торговой площадке;
      11) доход, полученный организацией-участником регионального финансового центра города Алматы от оказания финансовых услуг.
      Перечень финансовых услуг, указанных в настоящем подпункте, определяется законодательным актом о региональном финансовом центре города Алматы.";

      абзацы первый и второй пункта 2 статьи 124 после слов "фондовой биржи" дополнить словами "и ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы, в случае совершения гражданско-правовых сделок с ними на данной торговой площадке";

      пункт 1-1 статьи 131 дополнить пунктом 4) следующего содержания:
      "4) дивиденды, вознаграждения по долговым ценным бумагам приобретенным на специальной торговой площадке регионального финансового центра города Алматы.";

      статью 144 дополнить подпунктами 4-1) и 13-1) следующего содержания:
      "4-1) дивиденды, вознаграждения по долговым ценным бумагам, приобретенным на специальной торговой площадке регионального финансового центра города Алматы;
      13-1) доход от прироста стоимости при реализации ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы, в случае совершения гражданско-правовых сделок с ними на данной торговой площадке;";

      подпункт 3) статьи 178 дополнить абзацем следующего содержания:
      "реализации долговых ценных бумаг, выпущенных нерезидентами и допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы;";

      пункт 3 статьи 179 дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:
      "4-1) дивиденды, вознаграждения по долговым ценным бумагам, приобретенным на специальной торговой площадке регионального финансового центра города Алматы;";

      пункт 1 статьи 183 после слов "фондовой биржи" дополнить словами "и ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы, в случае совершения гражданско-правовых сделок с ними на данной торговой площадке";

      пункт 1 статьи 187 дополнить подпунктом 5-1) следующего содержания:
      "5-1) дивидендов, вознаграждений по долговым ценным бумагам, приобретенным на специальной торговой площадке регионального финансового центра города Алматы;";

      абзац третий пункта 1 статьи 190 после слов "фондовой биржи" дополнить словами "и ценных бумаг, допущенных на специальную торговую площадку регионального финансового центра города Алматы, в случае совершения гражданско-правовых сделок с ними на данной торговой площадке";

      дополнить статьей 517-1 следующего содержания:
      "Статья 517-1. Налоговый контроль участников Финансового Центра

      Налоговый контроль участников Финансового Центра может осуществляться налоговыми органами только на основе налоговой отчетности, подтверждаемой аудиторским отчетом. Перечень аудиторских компаний определяется Администрацией Финансового Центра";

      абзац третий пункта 1-1 статьи 520-1 изложить в следующей редакции:
      "По юридическим лицам - участникам регионального финансового центра города Алматы форма извещения и порядок его представления уполномоченным органом по статистике утверждаются Администрацией регионального финансового центра города Алматы по согласованию с уполномоченным государственным органом и уполномоченным органом по статистике.
      Свидетельство налогоплательщика для выдачи его зарегистрированному юридическому лицу, филиалу и представительству в течение одного рабочего дня со дня присвоения регистрационного номера налогоплательщика должно быть направлено налоговым органом органу юстиции в порядке, определяемом уполномоченным государственным органом по согласованию с Министерством юстиции Республики Казахстан, а налогоплательщику - участнику регионального финансового центра города Алматы - Администрации регионального финансового центра города Алматы в порядке, определяемом уполномоченным государственным органом по согласованию с Администрацией регионального финансового центра города Алматы.".

      5)  Закон Республики Казахстан от 17 апреля 1995 г. "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 35):

      в статье 4 после слова "юстиции" дополнить словами ", государственную регистрацию юридических лиц - участников регионального финансового центра города Алматы осуществляет Администрация регионального финансового центра города Алматы";

      в статье 6:
      дополнить абзацем вторым следующего содержания:
      "Для регистрации юридического лица - участника регионального финансового центра города Алматы в регистрирующий орган подается заявление по форме, установленной Администрацией регионального финансового центра города Алматы.
      Сведения об юридических лицах - участниках регионального финансового центра города Алматы вносятся в единый Государственный регистр органами юстиции на основе уведомлений, направленных Администрацией регионального финансового центра города Алматы.";

      статью 9 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "Государственная регистрация (перерегистрация) юридических лиц - участников регионального финансового центра города Алматы должна быть произведена не позднее трех рабочих дней со дня подачи заявления с приложением необходимых документов.";

      статью 13 дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "Форма извещения и порядок его предоставления о произведенной государственной регистрации (перерегистрации) юридических лиц - участников регионального финансового центра города Алматы органам государственной статистики утверждается Администрацией регионального финансового центра города Алматы по согласованию с уполномоченным органом государственной статистики.".

      6)  Закон Республики Казахстан от 26 января 1996 г. "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента РК, 1996 г., N 1, ст. 179):
      статью 1 дополнить предложением следующего содержания:
      "Настоящий Закон не регулирует отношения, связанные с созданием и функционированием регионального финансового центра города Алматы.".

      7)  Закон Республики Казахстан от 11 июля 1997 г. "О языках в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., N 13-14, ст. 202):
      статью 10 дополнить предложением следующего содержания:
      "Участники регионального финансового центра города Алматы вправе вести документацию на английском языке.";
      абзац второй статьи 15 дополнить предложением следующего содержания:
      "Участники регионального финансового центра города Алматы вправе заключать сделки на английском языке.".

      8)  Закон Республики Казахстан от 24 марта 1998 г. "О нормативных правовых актах" (Ведомости Парламента РК, 1998 г., N 2-3, ст. 25):
      пункт 2 статьи 3 дополнить подпунктом 7-2) следующего содержания:
      "7-2) нормативные правовые акты руководителя Администрации регионального финансового центра города Алматы.";
      подпункт 7) пункта 2 статьи 4 дополнить следующими словами "нормативные правовые акты руководителя Администрации регионального финансового центра города Алматы";
      подпункт 4) пункта 2 статьи 36 после слова "акимов" дополнить словами "нормативные правовые акты руководителя Администрации регионального финансового центра города Алматы".

      9)  Закон Республики Казахстан от 10 декабря 1999 г. "О труде в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., N 24, ст. 1068; "Казахстанская правда" от 24 декабря 1999 г. N 294):
      статью 102 дополнить предложением следующего содержания:
      "Контроль за соблюдением настоящего Закона и иных нормативных правовых актов о труде участниками регионального финансового центра города Алматы осуществляют государственные инспекторы труда исполнительного органа центра.";
      главу 12 дополнить статьей 104-1 следующего содержания:
      "Статья 104-1. Обязанности государственных инспекторов труда
                     исполнительского органа Центра

      Государственные инспекторы труда исполнительного органа Центра, осуществляющие контроль за соблюдением законодательства о труде, обязаны:
      1) информировать уполномоченный орган по труду о фактах нарушения трудового законодательства в пределах своей компетенции;
      2) вести и представлять ежеквартально в уполномоченный орган по труду информацию о состоянии исполнения требований законодательства о труде, в соответствии с установленной уполномоченном органом по труду формой.".

      10)  Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 г. "О занятости населения" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., N 3; ст. 18; "Казахстанская правда" от 30 января 2001 г. N 25-26; "Юридическая газета" от 31 января 2001 года N 5):
      пункт 1 статьи 11 дополнить предложением следующего содержания:
      "Нормы настоящего Закона о квотировании иностранной рабочей силы и выдаче разрешений на ее привлечение не распространяются на иностранных граждан и лиц без гражданства, работающих в региональном финансовом центре города Алматы на должностях руководителей и специалистов с высшим и средним профессиональным образованием с подтвержденными в установленном законодательством порядке документами";
      статью 22 дополнить предложением следующего содержания:
      "Контроль за соблюдением настоящего Закона и иных нормативных правовых актов о занятости населения участниками регионального финансового центра города Алматы (далее - Центр) осуществляют государственные инспекторы труда исполнительного органа Центра.".

      11)  Закон Республики Казахстан от 18 марта 2002 г. "Об органах юстиции" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 6, ст. 67; "Казахстанская правда" от 22 марта 2002 года N 062-0):
      подпункт 2 статьи 18 после слов "регистрацию филиалов и представительств" дополнить словами "за исключением участников регионального финансового центра города Алматы".

      12)  Закон Республики Казахстан от 16 мая 2002 года N 321-II "О государственных закупках" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 9, ст. 95; "Казахстанская правда" от 23 мая 2002 года N 114):
      пункт 1 статьи 27-1 дополнить подпунктом 31) следующего содержания:
      "31) приобретение Администрацией регионального финансового центра города Алматы консалтинговых услуг, включая услуги членов Международного Совета Администрации регионального финансового центра города Алматы.".

      13)  Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года N 461 "О рынке ценных бумаг" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., N 14; ст. 119; "Казахстанская правда" от 10 июля 2003 года N 199-200):
      в статье 1:
      подпункт 63) после слов "трансфер-агента" дополнить словами "и брокера и (или) дилера, учрежденного на территории регионального финансового центра города Алматы (далее - Финансовый Центр)";
      подпункт 74) дополнить словами "и (или) в соответствии с приказом Администрации Финансового Центра.";

      в статье 54:
      пункт 1 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Действие настоящего пункта не распространяется на лиц, претендующих на занятие должности руководящего работника заявителя (лицензиата), зарегистрированного Администрацией Финансового Центра.
      Условия занятия должности руководящего работника заявителя (лицензиата), зарегистрированного Администрацией Финансового Центра, устанавливаются уполномоченным органом.";
      пункт 2 дополнить абзацем пятым следующего содержания:
      "Квалификационные требования к руководящему работнику заявителя (лицензиата), зарегистрированного Администрацией Финансового Центра, устанавливаются уполномоченным органом.";
      абзац второй пункта 3 дополнить предложением следующего содержания:
      "Порядок согласования кандидатур руководящего работника заявителя (лицензиата), зарегистрированного Администрацией Финансового Центра, устанавливается уполномоченным органом.";

      в статье 89:
      пункт 1 дополнить предложением следующего содержания:
      "Условия и порядок включения финансовых инструментов в список организатора торгов специальной торговой площадки Финансового Центра и исключения из него устанавливаются приказом Руководителя Администрации Финансового Центра и согласовываются с уполномоченным органом по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций.";
      пункт 3 после слов "фондовая биржа" дополнить словами "и/или Администрация Финансового Центра.";
      пункт 4 дополнить словами "за исключением обращения ценных бумаг в Финансовом Центре.".

      14)  Закон Республики Казахстан от 28 февраля 2004 г. "О безопасности и охране труда" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 528; "Казахстанская правда" от 12 марта 2004 г. N 49-50):
      статью 28 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Государственные инспекторы труда исполнительного органа регионального финансового центра города Алматы, кроме вышеперечисленных в данной статье обязанностей государственных инспекторов труда, обязаны:
      1) информировать уполномоченный орган по труду о фактах нарушения законодательства о безопасности и охране труда участниками регионального финансового центра города Алматы;
      2) вести и предоставлять ежеквартально в уполномоченный орган по труду информацию о состоянии исполнения требований законодательства о безопасности и охране труда, в соответствии с установленной уполномоченным органом по труду формой.".

      15)  Закон Республики Казахстан от 28 декабря 2004 года N 22 "О третейских судах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2004 г., N 24, ст. 151; "Казахстанская правда" от 7 января 2005 года N 4):
      пункт 4 статьи 5 дополнить словами "за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами".

       Cтатья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования, за исключением пункта 4, который вводится в действие с 1 января 2006 года.

       Президент
      Республики Казахстан