"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамына бюджет кредитiн берудiң негiзгi шарттарын белгiлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы N 1140 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексiне  және "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмдi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы  Заңына  (бұдан әрi - Келiсiм) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - қарыз алушы) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес 041 "Байқоңыр" ғарыштық айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн құруға кредит бepу" бағдарламасы бойынша кредит шартын (бұдан әрi - шарт) жасасу арқылы 6585000000 (алты миллиард бес жүз сексен бес миллион) теңге сомасында бюджет кредитi (бұдан әрі - кредит) берiлсiн.
      2. Қарыз алушыға кредит берудiң мынадай негiзгі шарттары белгiленсiн:
      1) "кредит қарыз алушыға 19 (он тоғыз) жыл мерзiмге жылдық 0,5 (нөл бүтiн оннан бec) пайыз сыйақы ставкасы бойынша беріледi;
      2) қарыз алушыға кредит беру мақсаты "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру" жобасын қаржыландыру болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағына сәйкес Келiсiмде айтылған 223 (екi жүз жиырма үш) миллион АҚШ долларына баламалы сомадағы бюджет кредитiнiң қалған бөлiгi қарыз алушыға жыл сайын осы қаулыда айқындалған жағдайларда шарттың тараптары шартқа қосымша келiсiмдерге қол қою жолымен тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомалар шегiнде берудi қарастыратын шарт жасасуды қамтамасыз етсiн;
      2) тиiсті қаржы жылына көзделген республикалық бюджет қаражаты есебiнен "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамына комиссиялық сыйақы төлеу кредиттi толық өтегенге дейiнгi кредит бойынша қарыз алушының негiзгi борышы сомасының жылдық 0,1 (нөл бүтiн оннан бiр) пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
      4. Кредиттiң мақсатты пайдаланылуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады