Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық мемлекеттiк кәсіпорындарының кейбiр мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы N 1150 Қаулысы

      Қолданушылар назарына!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Оңтүстiк-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндiрiстік орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Мақтаарал ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 92800000 (тоқсан екi миллион сегiз жүз мың) теңге сомасында қаражат бөлiнсiн.

      3. Кәсiпорынның жарғылық капиталы 92800000 (тоқсан екi миллион сегiз жүз мың) теңгеге ұлғайтылсын.

      4. Кәсіпорынға заңнамада белгiленген тәртiппен "Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы еншiлес мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрi - еншілес кәсiпорын) осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көзделген қаражат мөлшерiнде және есебiнен еншiлес кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыра отырып, құруға рұқсат берiлсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекiтуге енгiзсiн;
      2) кәсiпорынды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз eтсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгізілсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "1. Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 19-жол алынып тасталсын.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      7. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетiн 2-тармақты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады