"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгiзу туралы

       1-бап . "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1068-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; 2003 ж., N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 24, 149-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      56-бапта:
      1-тармақ "демалыс уақыты" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге уақыт" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Мұсылман күнтiзбесi бойынша атап өтілетiн Құрбан айттың бiрiншi күнi және 7 қаңтарда атап өтiлетiн Православное Рождество демалыс күндерi болып табылады.".
       2-бап . Осы Заң алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады