Маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 наурыздағы N 206 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 2006 жылға "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша 2666100000 (екi миллиард алты жүз алпыс алты миллион бiр жүз мың) теңге сомасына қосымшаға сәйкес сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстарды берушiлер мен қызметтердi көрсетушiлер болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалармен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 25 наурыздағы 
N 206 қаулысына    
қосымша        

  "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында
ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру
бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар жұмыстар
мен қызметтердiң тiзбесi

  "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы

        1. Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық
         бюросын құру.
      2. Төменгi жер маңындағы және геостационарлық орбитада ҒА-ның
         жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн әмбебап ғарыш
         платформасын құрудың техника-экономикалық негiздемесiн
         әзiрлеу.
      3. Тiкелей телехабарларды таратудың және мультимедиа
         интерактивтi қызметтерiн ұсынудың ұлттық геостационарлық
         байланыс спутнигiн құру және ұшыру жөнiнде ұсыныстар
         дайындау.
      4. Ұлттық ғарыш жүйесiнiң Жердi қашықтықтан зондтау ҒА-ның
         нобайлық жобасын әзiрлеу.
      5. Ғылыми мақсаттағы ҒА-ын құру жөнiндегi жобалау
         материалдарын әзiрлеу.
      6. "Гонец-М" дербес байланыс спутнигiнiң көп функционалды
         жүйесiн құру жөнiндегi пилоттық жобаны орындау.
      7. "Сарышаған" полигонының оптикалық және радиотехникалық
         құралдары базасында Қазақстан Республикасының
         командалық-өлшеу кешенiн құру.
      8. Старт алатын зымырантасығыштар туралы ұшу ақпаратын
         көрсету орталығын құру.
      9. "МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есiл" авиациялық зымыран -
         ғарыш кешенiн құру.

  "Астрофизикалық зерттеулер орталығы" шаруашылық жүргiзу
құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

      10. Ғарыш кеңiстiгi радиациялық мониторингiнiң халықаралық жүйесiн құруға қатысу.
      11. Дағдарысты элементтердiң жергiлiктi экрандары (қорғаныш корпустары) есебiнен аппаратураның арнайы төзiмдiлiгiн және ғарыштық сәулеленудiң әсерiне қорғаныш экрандарының ресурстық сынақтарын жүргiзудi қамтамасыз ету.
      12. Арнайы төзiмдi және температураға төзiмдiлiгi жоғары электронды компоненттiк базаны әзiрлеу және енгiзу әрi ғарыштық сәулеленудiң әсерiне ресурстық сынақтар жүргiзу.
      13. Алматы қаласындағы "Орбита" радиополигонының техникалық құралдарын жаңғырту.
      14. Алматы қаласындағы "Ғарыш станциясы" эксперименталдық базасын жаңғырту.
      15. Жер үстiнде ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзу және Халықаралық ғарыш станциясының бортында iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының ғылыми сараптамалар мен зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу.
      16. Мамандарды аэроғарыш бағыты бойынша қашықтықтан оқыту технологиясын әзiрлеу және енгiзу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады