"Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 сәуiрдегi N 96 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы N 421 Қаулысы

      "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 сәуiрдегi N 96  Жарлығын  iске асыру мақсатында және "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының  23-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзудi қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң күшейтiлген кезекшiлiгін ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiленген тәртiппен шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiмдерi бойынша мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерi мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi мерзiмдi әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерiн тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеудi республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы шегiнде тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тiкелей олар ұсынған шоттар бойынша жүргiзсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады